Home » Балабақша » Қош бол, балабақша!

Қош бол, балабақша!

 Достанова Гүлмайра
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төребай би ауылы
№15 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақша тәрбиешісі
   

Мақсаты:

  1. Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.
  2. Балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен- кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар
Гүлдей жайнап, мынау біздің төрімізге
Көзсалып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата- аналар
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
Бүгін бөбекжай- бақшамыз бен біздер үшін ерекше күн. Бүгін бізде үлкен мереке!  Міне тағы бір жылымыз аяқталып, біздің түлектеріміз салтанатты жиында балабақшамен қоштасып, мектепке аяқ басқалы тұр.  Бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Әр бала ол-  болашақ жарық жұлдыз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.

  1. Бойына жиған өнерді
    Әнші, биші өнерлі , көтеретін көңілді өнерпазымыз- Нағашыбай Кәусар Қуанышқызы.
  1. Әдемі ән айтатын , ойынды да қатыратын
    Көңілді боп үйге қайтатын көңілді бүлдіршін- Әбдімажит Әділжан Нүркенұлы.
  1. Аспандағы жұлдыздай
    Жағадағы құндыздай,  біз үшін ай- жұлдыздай — Едігеева Айша Нұрғалиқызы.
  1. Алтыннан да ардақты
    Күмістенде салмақты ,әрине өзі жан- жақты — Қазыбай Гүлсезім Жарасқызы.
  1. Ақылына көркі сай
    Біліміне өзі сай, жанып тұрған жұлдыздай- Қалдашбаев Әзизәли Дәуіржанұлы
  1. Асқан білімді болатын,
    Жақсы мақтау алатын, жиғанын ортаға салатын, айнала кел ортаға- Бауыржанқызы Шұғыла

           ҚР Мемлекеттік Әнұранын  орындаймыз.

Хор:  «Біз мектепке барамыз»
 Гүлсезім:
 Мектепке енді барамыз
Қолға қалам аламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Ойыншықпен ойнадық
Тақпақты да қоймадық
Сурет салдық, әдемілеп
Уақытты бекер жоймадық!
Әзиз- әли
Балабақшам байтағым,
Күліп- ойнап қайтамын
Ән саламын, би билеп
Тақпақты да айтамын
Көңілдіміз күлеміз
Әріптерді білеміз
Бақша- біздің  үйіміз
Тату – тәтті жүреміз.
Шұғыла
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын білім мен даналықпен
Кәусар
Мектеп- ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам өзіңмен
Санамызда өзің берген өнегең!
Әділжан:
Қуанышым менің мол
Мектебіме тартып жол
Ұмытпаймын өзіңді
Балабақшам , қош сау бол!
Айша
Балабаққа келгенімде
Тәрбиешім қарсы алды
Енді, міне қоштасарда
Қимастықпен ән салдық
Тәрбиеші  апайлар
Жәй көрінер айтқанға,
Бағбаным- ау, балапаның,
Сенсіз қанат қаққан ба?
Тәрбиеші: Бөбекжай-бақшаға бүлдіршін болып келіп,  шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп, Қатынас, Таным, Денсаулық, Шығармашылық, Әлеуметтік орта салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді. Біздің балалар мектепке дайын. Енді сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұрғаны. Қазір мен сендерге түрлі сұрақтар қоямын, ал сіздер балалардың жауабын тыңдаңыздар.

  1. Екі баланың неше қолы болады?
  2. Балабақшада сені кімдер күтеді?
  3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
  4. Қазіргі Президенті кім?
  5. «Қолшатыр «сөзін буынға бөліп бер
  6. Дөңгелектің үшбұрыштан айырмашылығы неде?

Көрдіңіздерме, біздің балалар қандай ақылды балалар екенін
Тәрбиеші: Балалар, осы бақшамызда әр күніміздің  қызықты өтуін қадағалап отырған тәрбиеші апайларымыздан басқа көптеген маман иелерінің еңбегі зор. Осы бізді тәрбиелеп өсіруші, білім мен тәрбиені қатар бойымызға сіңірген аға- әпкелерімізге арнаған тілектерімізді ортаға паш етейік.

Шұғыла:
Балалықты жыр еткен
Қыс – жазымыз бір өткен
Басшысы балабақшаның
Жыл сайын сәби түлеткен
Ұрысқаны да жып- жылы
Ақ адал аппақ ниетпен,
Сара апай, сізге мың алғыс!
Әділжан:
Әр күніміз той- думан
Рахатқа батып ек
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Гүлханым, Аягөз апайларға
Айтарымыз мың алғыс!
Ән:—-Ата- Әже.   Кәусар, Әзиз-әли, Айша
Айша: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді  оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болса кешірген
Тәрбиеші: Ақалтын, Алмагүл, Ақнұр апайларға көп рахмет
Кәусар:
Жақсылыққа құштармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Қабылдаңыз мың алғыс
Әдіскер, Балнұр апайымыз
Әзизәли:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Аманкүл, Шара апай, сіздерге көп рахмет.
Гүлсезім:
Музыканың сауатын
Құйған менің санама
Ән салдырып, би билеткен
Жадыра апайға көп рахмет
Тәрбиеші: Ал енді ең маңызды дәстүріміз Мектепалды даярлық тобының балаларының, Ересектер тобы балаларына «Ақкөгершін « бөбекжай- бақшасының жұлдызшасын табыс ету сәті. Бұл аманатты тапсырушы Нағашыбай Кәусар
Жарқырайтын биікте
Жұлдызшамыз аманат
Кір келтірме атына
Шарықтай бер, жас қанат!

Аманатты қабылдаушы:
Айсұлтан:
Біз ғой әлі бүлдіршін
Мектепке әлі бармаймыз
Ақ жол тілеп сендерге
Ақ тілекті арнаймыз

Кәусар:
Қош балалар, сәт- сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар

Бауыржан :
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Алыңдар терең білімді
Сәтті болсын ойларың
Тәрбиеші: Құрметті ата- аналар, бөбекжай- бақша ұжымы! Бүгін жылдар бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп, Бөбекжай-бақшамыздың 2021 жылғы түлектерін шығарып салғалы отырмыз.
Сөз Бөбекжай- бақшамыздың меңгерушісі:
Сара Бердіғұлқызына беріледі.
Куәлік, Мадақтама, Винеткалары таратылады.

Тәрбиеші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын
Дендеріңіз сау, аман- есен, мықты болсын
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын
Мектепке барар қадамдарың құтты болсын!

Хор:    Қоштасу әні
Тәрбиеші: Бүлдіршіндер жолдарың ақ болып, алдағы белестерді бағындыра беріңдер. Сіздердің де үміттеріңізді ақтайтын үлкен азамат пен азаматшалар болуларына біз тек қана тілекшіміз.
Жолдарың ақ  болсын деген ниетпен,  осы бір ақ жолдың үстімен жүріп өте қойыңдар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.