Ордабаева Жазира Маханбетқызы
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Пернебай Ақбаров атындағы негізгі орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Математика барлық ғылымдардың мұрындығы. Себебі: кез-келген қажеттілік есеппен өлшенеді және практикалық қолданылымы орасан зор. Сондықтан математика ғылымының қоғамдағы орны ерекше.
Ғылым мен техника дамыған заманда білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың математика пәнінен білім деңгейін заман талабына сай жетілдіру ұстаздың басты мақсаты.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – күнделікті оқу стандартындағы біліммен ғана қаруландырып қоймай, өз бетінше ізденуге және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Іскерлік ойын технологиясын қолдану арқылы топаралық жұмыс жасауға, жұмыстарын баяндауға, қорғауға және қорытындылауға дығдыландыру. Бірлескен жұмыс нәтижесінде жоғары деңгейдегі оқушылардың төмен деңгейдегі оқушыларға көмектесуі негізінде теңдікті орната алады. Бұл оқушылар арасында бөлінбеушілікке және ынтымақтастыққа жол ашу. Яғни, бірлік бар жерде ынталану процесі артады.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Бұл ақпараттық технология дамыған заманда өз бетінше ізденуге мол мүмкіндік.
Математикадағы есептердің шешімін табу арқылы оқушының ойлау жүйесі дамып, дұрыс шешім табуына тәрбиелейді.
М: Ежелгі баспанамыз киіз үйді алатын болсақ, математикалық тұрғыдан үш бөліктен құралып, уықтары параболаның бір бөлігі болып табылады. Шаңырағы мен табаны шеңберлерден тұрады. Ал есігі тіктөртбұрыш. Кереге арасы ромб. Шаңырақтың ортасынан табанына түсірілген биіктігі едендегі шеңбердің центрімен дәл келіп, симметрия осін береді. Бұрыштардың болмауы көркемдігін арттырып, бұрышы жоқ үйдегі ауа тұрақты алмасып отырады. Бұл дегеніміз – тұнып тұрған математика ғылымы.
Математика барша ғылымның асылы ретінде адамзат ақыл-ойының дамуына үлесін тигізіп, нәтижесінде адам баласы жаңа технологияны ойлап тауып, адам өмірін жақсартуда. Ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірге пайдалана білу үшін де қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру үшін, нарықтық экономикаға байланысты қатынастарды игеру үшін, қалыптасқан экологиялық жағдайларды зерттеу үшін де математика ауадай қажет. Математиканың көмегімен қоғамдағы және табиғаттағы өзгерістерді модельдер арқылы түрлі есептеулер жүргізіледі.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Математика дидактикасында үйрету әдістері мен формаларына үлкен орын беріледі. Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім, білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.