Жарболова Айгерим Бейбитовна
Астана қаласы
«Қошке Кемеңгерұлы атындағы
№49 мектеп-гимназия» КММ,
педагог-психолог,
11 сынып оқушылары үшін маңызды міндет – ұлттық бірыңғай тест – ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру болып табылады. Жасөспірімдердің тыныштығы, сенімділігі, психологиялық тұрақтылығының ресурсы ең алдымен оларың ата-анасы.
Ата-аналарға өмірдің ең қиын және қорқынышты сәтінде көрсетілген қолдау бәрінен жоғары бағаланатынын және ұмытылмайтынын есте сақтау қажет. Және ата-ананың өз балаларын қалай түсіне аларлығы, олардың алаңдаушылықтарын қалай сезіне білерлігі олардың болашақта ересек балаларымен қарым-қатынасының қандай болмағын айқындайды.
Әрбір ата-ана түсінуі тиіс: ҰБТ нәтижесінің маңыздылығы олардың баланың денсаулығы мен эмоционалдық саулығына алаңдаушылығынан басым болмауы керек.
Түлектердің ата-анасы қаперден шығармауы тиіс ең үлкен міндет: ҰБТ-ға дайындық отбасын ыдыраптауы, керісінше, біріктіруі керек! Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, сыйластық пен махаббат әлеуеті өрбуі тиіс!
Қазақ халық даналығы: «Ұлы жол үйiңнiң табалдырығынан басталады», — дейді.
Әрбір ата-ананы өз баласының тағдыры алаңдатады. Әрбір ата-ана балаларының өмірі ойдағыдай жақсы болғанын, дендері сау болғанын және бақытты болғанын қалайды.
Өзіңнің жоғары сыныпта оқитын балаңа қалай көмектес қажет?
Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес
- Балалардың ҰБТ-дан алатын ұпай саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
- ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
- Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
- Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
- Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
- Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі дәрумендері көп тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
- ҰБТ-ы ертең тапсырады деген күні бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
- Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:
— Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;
— Сұрақты соңына дейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына дейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);
— Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз.
Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.
«Төрт күнбағыс дәні» жаттығуы
Әрбір ата-ана өз баласына барлығын жасап береді. Дені сау, ақылды және жетерлік деңгейде болу үшін жанұя осыны қамтамасыз етеді. Тағы не бере алады жанұя? Осыны талқылап көрейік.
Бәрі төрт күнбағыс дәнін алады. Әр бір дәнде бір сезім болу керек, ол сезім жасөспірімге беретін сезіміңіз. Ойланыңыз қандай сезім өз балаңызға берер едіңіз.
(Қолдау, батылдық, махаббат және белсенділік )
Ал енді өзімізді жасөспірім ретінде сезініп қандай сезім жетіспейді және қандай сезіммен бөлісер едіңіз?
«5-сұрақ» техникасы
Мақсаты: әр ата-ана балаға сұрақ қоя отырып, баланың ойын түсініп, біліп отыру.
Міндетті: ата-ана аптасына 2-3 рет сұрақ қоя отырып тек баланы тыңдау. Баланың берген жауабына пікір білдірмеу, ақыл айтпау. Бала осы сұрақтардың жауабына өзі шешім іздеуге, шешім табуға қалыптастыру.
Сұрақтары:
- Сен бақыттысың ба?
- Сенде барлығы жақсы ма? Көмек қажет пе?
- Сен үшін осы аптада өте жақсы не болды?
- Сен үшін осы аптада не жаман болды, сенің көңіліңді түсіретіндей?
- Сен не өзгерткің келеді?