Home » Мақалалар » «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ

Алматы қаласы
№59 мектеп-гимназияның
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Әлімжан Дархан Мұхитұлы,
Әлеуметтік педагог:
Тлеужан Алтынай Муратбекқызы
Арнайы педагог:
Куштаева Ақмарал Эгамовна

«Мектепке жол — Шекарасыз Жақсылық» ұранымен кезекті акциямыздың бұйрығы мен жоспары жасалынып  01.08.2023ж бастау алғандығы белгілі. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге, әлеуметтік себептермен жас жеткіншектердің мектепке бармауының алдын алуға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған аталмыш акция өткізіліп, өзінің әлеуметтік маңыздылығын көрсетіп келеді.

Алматы қаласындағы Түрксіб ауданына қарасты №59 мектеп-гимназияның ұстаздар ұжымы қайырымдылық акциясына  шілде айынан бастап белсене қатысып, көптеген жұмыстарды атқарып, игілікті іске мұрындық болды. Мектеп ұстаздары аталмыш қайырымыдылық іс-шарадан тыс қалмай көп балалы отбасыға  808 мың қаржылай көмек көрсетіліп, соның ішінде  10 оқушыға мектеп құралдары мен 12 оқушыға мектеп формасы алынып берілді.

Жас ұрпаққа қамқорлық көрсетумен қатар, олардың рухани дамуы мен толыққанды азамат болып қалыптасуында отбасы, мектеп және қоғамның тығыз қарым-қатынас орнатуы аса маңызды. Еліміздің барлық мектептерінде білім алып, тәрбие көріп жүрген жасөспірімдерге тиісті деңгейде мейірімділік танытып, қол ұшын берсек, ұрпақ алдындағы қастерлі міндетімізді орындай алатынымыз хақ.  «Жүректен жүрекке» деген ұранмен бастау алған биылғы акция ынтымақтастықтың, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етудің зор үлгісін көрсетіп, ұрпақ тәрбиесінде үлкен нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенім мол. Ал бұл сауабы мол қайырымды іске Алматы қаласындағы №59 мектеп-гимназия  ұстаздары мен ата-аналары мейлінше атсалысып, қол ұшын беруге әрдайым дайын.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.