Home » Ашық сабақтар » Шеберлер елінде

Шеберлер елінде

Казкенова Айнаш Айтореновна
Ұлытау облысы,  Сәтбаев қаласы
«Бауыржан     Момышұлы атындағы
мектеп-гимназиясы»КММ
көркем еңбек пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы: Шеберлер елінде

Мақсаты: Оқушылардың сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру.

Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ- жауап, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: слайдтар, портреттер, суреттер

Құрал- жабдықтар: А4 көлеміндегі қағаздар, акварель бояулары, қайшы, желім, қылқалам

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушы жас өрендер!

Бүгінгі 6 сынып оқушылары арасындағы «Шеберлер елінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Алдарыңыздағы сайысқа қатысатын топтармен таныс болайық. Топтар негізгі түстерге байланысты топқа бөлінді:

6 «а» сыныбы- қызыл түс

6 «ә» сыныбы- көк түс

6 «б» сыныбы- сары түс

6 « в» сыныбы- жасыл түс

Ойынның әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

Сайыстың бөлімдері:

  1. Сұрақ- жауап
  2. Портреттер сөйлейді. Берілген тұлға портреттерінен мозайка құрастыру, мәлімет айту
  3. Шармен гүл сала білейік
  4. Шығармашылық жұмыспен таныстыру
  5. Рефлексия
  6. Қорытындылау, марапаттау

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып оқушылар,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын- деп сайыстың кезеңдерін бастайық!

          1 бөлім «Сұрақ- жауап»

6 а- қызыл түс тобына

  1. Қазақстандық көрнекті портретші кім? (Әбілхан Қастеев)
  2. Қыздардың бұрымға арналған әшекейлері (шашбау, шолпы)

6 ә- көк түс тобына

  1. Сипатына қарай портерттердің қандай түрлері бар? (салтанатты , камералық)
  2. Қолмен тоқуға арналған қандай құралдар бар? (ілмек біз, тоқыма біз)

6 б – сары түс тобы

  1. Грек тілінен аударғанда «графика» сөзі қандай мағына береді?  (жазамын, сызамын, сурет саламын)
  2. Тоқыма біздің қандай түрлері бар? (болат, сүйек, алюминий, пластмасса, ағаш)

6 в- жасыл түс тобы

  1. Графикалық портрет салу кезінде қандай материалдарды қолданады? (пастель, көмір, қарындаш,тушь, сия)
  2. Зергерлік бұйымдар жасайтын маман (зергер)

      2 бөлім « Портреттер сөйлейді.

Берілген тұлға портреттерінен мозайка құрастыру, мәлімет айту. Әр топ түстеріне   сай суырмалардан түлға портреттерін алады.  (Уақыт 5-7 минут)

      3 бөлім « Шардан гүл сала білейік! Алдарында дайындалған шарларды , бояуды    пайдаланып қағаз бетіне гүл композициясын салу. (5-7 мин)

     4 бөлім Шығармашылық жұмыспен таныстыру. Қыз балалар биылғы жылдың бейнесі қоянды тоқып келу,  ер балалар әшекей бұйымдарының түрлерін жасау. (7-10 мин)

     Рефлексия Әр топ бүгінгі өткен сайыс жөнінде өз пікірлерін жазып, тақтадығы кемпірқосақ бейнесіне апарып іледі. Жылы түстер сабақ ұнады, суық түстер ұнамады. (5 мин)

     Қорытындылау, марапаттау үшін сөз әділ қазы иелеріне беріледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.