Home » Мақалалар » Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

Байузакова Айгуль Кусаиновна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
 Алматы облысы бойынша КДИ –ның
аға оқытушысы

Қазіргі заман талабы-ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты-әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»-дейді халық даналығы. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім — үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да жауапты кезең. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала ешқандай жазу түспеген ақ парақ тәрізді. Ол кіршіксіз ақ параққа жазуды қалай түсіру сол баланың алғашқы ұстазына байланысты. Себебі айнала қоршаған ортаны, дүниені әлі танып білмеген балаға айнала қоршаған орта туралы түсінік беріп, оқу, жазуға үйретіп, айналаға зер сала қарап, мәнін түсінуге баулитын білім, ұғымдар мектеп өмірінің алғашқы сатысында қалыптасады. Осы сәттен бастап оқушы мен ұстаз арасында белгілі бір қарым-қатынас арқылы бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Осындай нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жүргізуде әрбір ұстаз балаға бала көзбен қарай алатын, баламен балаша тіл табыса алатын, терең білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденуден жалықпайтын, еңбексүйгіш болуы қажет.Ұстаз еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Алдына келген әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Бала мектеп табалдырығын алғаш аттап , жаңа өмірге бейімделе бастағаннан бастап баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының мәселені көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз оқушының өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Баланың шығармашылы, жетістігі әруақытта ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.

Бастауыш мектептердегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән –ана тілі. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқытылатын барлық пәндермен өзара тығыз байланысты. Ана тілі арқылы оқушының рухани дүниесі байиды.  Балаға ана тілі арқылы тек білім беріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып орап алатын пән ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену -сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсапасын да меңгереді».

Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында көзге көрінбей тұрған мүмкін- шіліктерін ашу, ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптас- тыру, өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Осы міндеттерді орындауда мұғалімге бірден-бір керегі-дұрыс, тиімді өдіс-тәсілдерді пайдаланып, ана тілін оқыту әдістемесін барынша терең меңгеру. Мұғалім сабақты ұйымдастырудың заманауи технологияларын ұтымды түрде қолданған жағдайда, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана өз шәкірттерінің ойын шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін негізгі фактор.

Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Балаларды шығармашылыққа баулуда бірінші сыныпқа қабылданған балаға әлі кішкентай деп қарамай жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылыққа баулу керек. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген талпыныс, қабілеттілік бала бойында мектеп жасына дейін де көрінеді. Мектепке келген бала бойында бар сол қабілеттерді шыңдап жетілдіру мұғалім шеберлігіне байланысты. Бұл кезде шығармашылық қабілет ті дамыту ойын әрекетінде жүзеге асады. 1-сыныпта балалардың зейіні тұрақ- сыз, сәл нәрсеге алаңдағыш, тынымсыз болады. Сабақ соңына дейін тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, берілген тапсырманы орындау олар үшін үлкен де қиын жұмыс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі шыдамды лықпен бала жүрегіне жол тауып, әрбір сабағын түрлі ойынмен, ойын арқылы орындалатын шығармашылық тапсырмаларды орындатумен өткізе білуі керек. Әрбір сабақта оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету арқылы даралық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашып, дамыту қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз сол оқушы бойындағы қабілеттің шығуына мүмкіндік жасау. Ол үшін мұғалім ана тілі пәнінен өтілетін әрбір тақырыптың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Сабақ барысында кездесетін кейбір практикалық тапсырма- ларды да шығармашылық арнаға бұрып өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылықпен жұмыс істеуде баланың сөздік қорының мол болуы көп нәтижеге қол жеткіздіреді. Бастауыш сынып оқушысы ана тілі сабағында тіл үйреніп, сөздік қорын молайтумен қатар,  оқушы мәдениетті сөйлеуге, пікірлесуге, ойлауға, әңгімені одан әрі қиялмен жалғастыруға үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын оқытып, ойнатып отырып дамыту қажет. Оқушылардың шығармашылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып арттыруға болады. Өзімнің іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылықтарын арттыру үшін төмендегі жұмыс түрлерін жиі қолданамын:

-Әңгімені бөлімдерге бөлу, бөлімдерге тақырып қою;
-Әңгімені рөлге бөліп оқу;
-Образға ену және рөлдік ойындар;
-Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата білу;
-Қиял арқылы әңгімені жалғастыру;
-Әңгіме сюжеті бойынша сурет салу;
-Үзіп оқу әдісі арқылы ой жалғастыру; (инсерт)
-Болжау кестесі;
-Венн диаграммасы;
-Ассоциация;
-Топтастыру, кластер;

Осы әдістерді  қолдану  арқылы оқушылардың қиялы дамып, сөздік қоры артып, өз ойларын ашық айтып, қызығушылықтарын  оятып, білім  спасын  көтеруге  болады. Бала бойындағы қабілет, таланттары шығармашылық жұмыс барысында ашыла түседі. Бастауыш сыныптағы негізгі пәндер ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде жүргізілетін жұмыс түрлері ұқсас. Шығармашылық жұмыстар оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, жазба тілдерін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Шығармашылық жұмыстың мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.