Home » Жаңалықтар » Қалалық  субұрқақтарда  шомылу қаупі

Қалалық  субұрқақтарда  шомылу қаупі

Қалалық  субұрқақтарда  шомылу қаупі
Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша бірнеше коммуналдық субұрқақтар бар. Осыған орай, субұрқақтарға адамдар көп жиналғандықтан, бүгінгі тақырыбымызда қандай санитариялық талаптар  сақтау керектігін талқылаймыз. Бәрімізге белгілі, жаз уақытында субұрқақтарды іске қосқанда, біреу қолын жуады, бірі бетін жуып салқындайды, ал кейбіреулер бассейндегідей субұрқаққа шомылып та жатады. Ең алдымен, субұрқақтар қаланы абаттандыру элементтері екені, олардың ауаны ылғалдандыруға арналғанын, бірақ шомылуға арналмағандығын есте сақтау керек. Субұрқақта салқындау кезінде жарақат алу қаупі жоғары. Субұрқақтың бетінде әдетте көмесі жарық, шапшып ағулар, бүріккіштер болады. Қосылған коммуникациялардан механикалық және электр жарақатын алуға болады. Сонымен қатар, субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады, олар әр түрлі инфекциялардың тасымалдаушысы болып табылатыны мәлім. Судағы ауа температурасы жоғары болған кезде микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан да салқын субұрқақта суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жіті ішек инфекциясына немесе конъюктивитке әкелуі мүмкін. Ең үлкен қауіп- энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ A вирустық гепатиті болып табылады. Субұрқақтың жанында болған кезде судың дененің шырышты қабаттарына түсуіне жол бермеуге тырысыңыз және ешбір жағдайда су ішпеңіз. Ересектер мен балалар өздерін жұқтыру және жарақат алу қаупіне ұшыратпау үшін келесі сақтық шараларын ескертіп, сақтау қажет:
-қалалық субұрқақтар шомылуға немесе зат жууға арналмағандығын;
— үйден серуендеуге шыққанда, өзіңізбен бірге бір бөтелке су ала шығыңыз ішу үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген уақытта серігіп, қолдарыңыз бен бетіңізді жуу үшін керектігін;
-ауа-райына сәйкес киініңіз, сонда қызып кету ықтималдығы әлдеқайда  төмен болады
-ата-аналар балаларға субұрқақта салқындаудың қауіпті екенін, жұқпалы аурулардың жұқтыру мүмкіндігінің барына түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізу қажет екенін білу.

 

 

Алатау ауданының санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысының орынбасары Л. Тойчиева
Алатау ауданының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау,
техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы
Сариева Умит Сериковна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.