Темралиева В.Е.
Алматы қаласы
Жетісу ауданы, 108 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жақсылық — игілік атаулының түп бастауы
Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы — жақсылық. Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы іске қосылғанына 10 жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт ішінде Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №108 жалпы білім беретін мектебінде «Жақсылық жасап жарысайық» ұранымен аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларын 1 тамыз айынан бастап, мектепке дайындау ұйымдастырылып, көптеген отбасына көмек көрсетілді.
Биыл Жетісу ауданының Білім Бөлімінде көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалды. Акцияның қайырымдылық шарасы екеніне назар аудартып, демеушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта мектебіміздегі аз қамтылған отбасылардан шыққан 55 оқушығы мектеп формасына, спорттық киімге деген сұраныстары анықталды. Қажеттілікті растайтын құжаттар негізінде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін қаржылай көмек берілді. Оқу жылының бастауына аз уақыт қалғанын еске сала отырып, мектебіміздің ата-аналары мен ұстаздар қауымы көмекке зәру балалардың болашағына бей-жай қарамай жылдағы дәстүр бойынша қосымша мектепке қажетті оқу құралдарын алып үлестірді. Мектебіміздің көпбалалы, аз қамтылған отбасы ата-аналары, көрсетілген көмектің «Балаларын биылғы оқу жылына дайындауына едәуір сеп болғанын» айтып, көмек қолын созған жандарға алғыстарын білдірді.
Жақсылық — әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін үлкен қасиет. Олай болса құрметті оқырман қауымы, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасап жарысайық…! Жақсылық — игілік атаулының түп бастауы болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды.