Home » Мақалалар » ФИЗИКА САБАҒЫНДА CLASSROOMSCREEN ПЛАТФОРМАСЫ МЕН PADLET ТАҚТАСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ФИЗИКА САБАҒЫНДА CLASSROOMSCREEN ПЛАТФОРМАСЫ МЕН PADLET ТАҚТАСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Жуманова Раиса Куандыковна
Шымкент қаласы
«Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі»
физика пәнінің оқытушысы

Аннотация
Физика сабағында жаңа IT — технологияны пайдалану барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға және сабаққа қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім алушылар әлеуметтік желілерді жиі қолданады және қызығады. Осы қызығушылықтарын сабақ барысында қолданудың тиімді тұстарын қарастырдым. Сабақ барысын жоспарлауда Classroomscreen,  padlet платформаларын қолдандым. Бұл ресурстарды сабақта тиімді пайдалану арқылы сабақтың сапасын жақсарту және оқушылардың білімдерін тереңдетіп дамытуға болады.

Педагогикалық идеяның тезистері
Физика сабағында оқытудың жаңа үрдістерін пайдаланудың өзектілігі мынада:
— Білім сапасын арттыру;
— Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
— Орта білімді ақпараттандыру;
— Интернет жүйесін пайдалану;
— Оқушылардың жаңа технологияларды қолдануға дағды қалыптастыру.
— Сабақ барысында өз-өздерін басқару қабілеттін арттыру.

Бағдарламаның мақсаты:
Ғылыми көзқарасы қалыптасқан, ақыл-ойы ұшқыр, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Танымдық мақсатта қазіргі әлем жағдайындағы тың деректерді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың цифрлы сауаттылығын арттыру
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға жан-жақты білім қалыптастыра отырып теориялық білімдерін тәжірибе арқылы ұштастыра білу, қазіргі өмірмен тығыз байланыстыра білу.
Оқу жетістіктері: шығармашылық ізденіс
Мұғалім: сынып оқушыларының белсенділігін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады.

Оқушы: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды, өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады.
Әрбір оқу орнын заманауи ақпараттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Қазіргі заманғы технологияны оқыту процесіне тиімді пайдалану.
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр.

IT-технология физика сабағында оқу үрдісіне сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сабақ жоспарын жасауда Padlet виртуалды  тақтасын тиімді пайдалануды ұсынамын. Padlet — компьютерден немесе смартфоннан бірлесіп жұмыс істеуге болатын жабысқақ жазбалары бар онлайн тақта. Сізге тек  білім алушыларға немесе әріптестеріңізге тақтаға сілтеме жіберу жеткілікті. Padlet тақта дизайнының әртүрлі нұсқаларын ұсынады.
Padlet виртуалды тақтасының мүмкінішіліктері:

  • виртуалды тақтаның дизайнын таңдау мүмкіндігі;
  • нақты уақыт режимінде ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және көрнекі мазмұнмен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • кез келген медиадан немесе интернеттен (фото, бейне, аудио файлдар) материалдарды орналастыру мүмкіндігі.

Әдетте Padlet тақтасын кері байланыс алу мақсатында көп қолданады. Padlet тақтасын сабақ жоспарын жасауда таспа (лента) форматын тиімді пайдаландым. Ол үшін тақтаның баптауларына кіріп таспа форматына ауыстырасыз (1-сурет).

 

1-сурет. Формат.

Таспа форматында — жазбалар жаңалықтар арнасы ретінде сақталады. Яғни, сіздің сабақ жоспарыңыз дәл инстаграм парақшасы тәріздес болады. Бұл білім алушылардың қызығушылығын оятатыны анық. Сабақ барысында қолданылатын барлық әдіс-тәсілдерге оқушылар мұғалімнің нұсқаулығымен сілтеме немесе QR код арқылы кіріп тапсырмаларды орындайды. Сабаққа қатысқан білім алушылар, мұғалімдер әрбір ұсынған әдістерге пікір қалдырып және ұнайды белгісін қалдырса болады (2-сурет).

2-сурет. Таспа форматындағы әдістер.

Сlassroomscreen.com ресурсы кез келген мұғалімге ұнауы мүмкін! Голландиялық мұғалім Лоренс Копперс бұл веб-негізделген құралды мұғалімдер оны әртүрлі оқыту жағдайларында сынып экраны ретінде пайдалана алатындай етіп жасады. Тегін, тіркелусіз жұмыс жасай аласыз.
Браузерді іске қосыңыз және classroomscreen.com сайтына кіріңіз. Оны сыныбыңыздағы экранда жобалаңыз. Бұл онлайн құрал сіздің сабағыңыздың нұсқауларын анық және көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Дұрыс жұмыс істеу үшін Google Chrome браузерін қолданған дұрыс (ол ағылшын тіліндегі сайтты автоматты түрде аударады).
Жүктелгеннен кейін сайт алдымен әдемі фондық кескінді ұсынады, ол оны қайта ашқан сайын өзгереді. Сіз бұл скринсейверді оңай өзгерте аласыз, жинақтан кез келгенін таңдай аласыз немесе өзіңізді жүктей аласыз.
Экранның төменгі жағында сыныпта қолдануға өте ыңғайлы құралдар (13-тен астам виджеттер) бар. Дөңгелек түймені басу арқылы біз құралды таңдаймыз.

3-сурет. Құралдар тақтасы.

Тіл – бірнеше тілді таңдауға болады.
Фон – бұл құрал таңғаларлық суреттердің кең ауқымынан таңдауға немесе сабақтың тақырыбына сәйкес өзіңіздің суретіңізді жүктеп салуға мүмкіндік береді. Анимациялық суреттерді жүктей аласыз.
Кездейсоқ атау– мәтін жолағына білім алушылардың атын теріңіз немесе көшіріп, қойыңыз, «Таңдау» түймесін басыңыз, атау кездейсоқ таңдалады.
Сүйектер – басыңыз, сүйектер лақтырылады. Бұл құрал кездейсоқ сан үшін бір, екі немесе үш сүйекті лақтыруға мүмкіндік береді.
Дыбыс деңгейі – бірнеше қарапайым қадамдарды орындаңыз және сайтқа компьютеріңіздің микрофонын пайдалануға рұқсат етіңіз. Содан кейін сыныпта қалаған максималды шу деңгейін орнатыңыз. Бұл құрал сыныпқа қашан тыныштандыру керек екенін білуге ​​көмектесу үшін қызыл немесе жасыл прогресс жолағын көрсетеді.
Мультимедиа — медиа виджетін төрт түрлі жолмен пайдалануға болады: суретті жүктеп салу, YouTube бейнесін ендіру, веб-камераны іске қосу, сілтеме кодын енгізу.
QR коды – мұғалімдердің сүйікті құралдарының бірі. Кез келген пайдалы ресурстың URL мекенжайын енгізіп, оған QR кодын алыңыз. Білім алушылар смартфонындағы арнайы бағдарлама арқылы QR кодын сканерлеп, осы ресурсты аша алады.
Сурет салу құралы — мұны қарапайым қарындаштар мен пішіндерді және әртүрлі графикалық қағазды фонды қамтитын сурет экранын шығару үшін пайдаланыңыз. Дайын суретті жүктеп, оған әртүрлі жазулар жасауға болады. Фонды мөлдір етіп, тікелей экран сақтағышында сурет салуға болады.
Мәтін – мәтін өрісіне хабарлама немесе нұсқау енгізіңіз. Мысалы, бүгінгі сабақтың тақырыбын көрсетіңіз. Сіз бірнеше осындай блоктарды орналастыра аласыз. Қарапайым нұсқаулар мен тапсырмалар үшін тамаша мүмкіндік.
Жұмыс белгілері оқушыларға бүгінгі сабақта қалай жұмыс істейтінін еске салады. Көршіден үнсіз, сыбырлап сұрауға немесе бірге жұмыс істеуге болады. «Бірге жұмыс», «көршіңнен сұра», «сыбырлау» немесе «үндемеу» дегенді таңдаңыз.
Бағдаршам – кері байланыс алу үшін пайдалануға болады.
Таймер – кез келген уақытқа орнатуға болатын қарапайым құм сағат таймерін ашады және ол кері санайды. Оған дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған секундомер де кіреді. қызықты дыбыс сигналдары бар. Таймерді пайдалана отырып, білім алушыларға тапсырманы орындауға қанша уақыт қалғанын айта аласыз. Бұл оларға көрнекі ескерту береді.
Сағат және күнтізбе – күн мен уақытты көрсететін қарапайым сағат.
Сауалнама– бұл жаңа мүмкіндік сабақтың соңында жылдам сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді.

Қорытынды
Қорытындылай келе мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті екендігін атап өтті. Демек, үміт артқан жастарымыз заманауи дамыған, цифрлы технологияны меңгерген тұлға болып қалыптасуы қажет. Жоғарыдағы платформаларды физика сабағында қолдана отырып білім алушылардың білім алуға құштарлығын арттырып қана қоямай, цифрлы сауатты оқушылар болады деп сенемін.

Пайланылған әдебиеттер тізімі

  1. https://www.eduneo.ru/6470-2/
  2. http://io.nios.ru/articles2/111/3/kak-classroomscreen-pomozhet-v-raznyh-situaciyah-na-uroke
  3. https://ru.padlet.com/janerkenurbolnurali/padlet-qd4xkrvs7gq1v6xe
  4. https://classroomscreen.com/

 

 

15 комментариев

  1. Жанерке

    janerkenurbolnurali@gmail.com

  2. Керемет мақала! Сабақ барысында қолданамыз

  3. Пайдалы ақпарат

  4. Гульнара

    Керемет ,ұстаздарға нағыз керек мәліметтер,Мен де жиі қолданамын

  5. Керемет мақала

  6. Оте керемет! Пайдаланып акпарат

  7. Нұржамал

    Керемет мақала. Сабақ барысында қолдануға қажет материалдар!

  8. Керемет👍🏻

  9. Раиса Куандыковна, көп рахмет!

  10. Абдихан

    Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және сабақ барысында тиімді пайдалана отырып, алған білімдерін өмірде қолдана алу жолдары туралы керекті мақала.

  11. Президентіміз болашақ техникалық мамандарды дайындау керектігін әр жолдауда айтуда. Ал осы тапсырманы орындауда физика пәнінің мұғалімдерінің алатын орны ерекше. Тек алға, Райса апай!

  12. Физика пәніне қызығамын. Осы пәнді болашақ ұрпақтың бойына сіңірудегі еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  13. Шәкірттеріңіз сеніміңізді ақтасын. Цифрлық сауаттылықтары арта берсін.

  14. Науат апа

    Қазіргі заман талабына сай мамандарды дайындау үшін керекті әдіс-тәсілдер мақалада жарияланыпты. Физика пәнінде цифрлық сауаттылығы жоғары, заманауи тұлға дайындауда шаршамай еңбек ете бер.

  15. Nurbolat Nazarov

    Керемет 👍👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.