Жекежанова Даметкен Амангельдиевна
Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
№27жалпы білім беретін мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт.
Тіл тақырыбын көтергенде, « мемлекеттік тілде сөйлесейік, сауатты жазайық» деп бай-балам сала бергенше, өзімізден бастап, қазақ тілінің ғажайыптығын көп санасына сіңіруіміз керек. Сондай-ақ, « ғажап тілімізде қалай сөйлесіп жүрміз» деген мәселеге де баса көңіл бөлу керек сияқты. Шындығында тәңірдің бізге тартқан үлкен сыйы – тіл. Қай халықтың болса да алтын діңгегі, ұлттық санасының негізі, іргетасы, тектілік белгісі, қозғаушы күші – тіл екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиелеуде пәрменді құрал, рухани байлығымыз да осы – ана тіліміз. Ана тілінен айырылған ел барлық құндылығынан айырылып, ел болудан қалады. Алла мүндайдан сақтасын дейік. Негізінде, тілдің бағын жандыратын бірден бір сала – бұқаралық ақпарат құралдары. Ол қазақша сөйлемей, ел қазақша сөйлемесі анық. Ал, халықтың бәрі қазақша сөйлесе, биліктегілер қалайша қазақша сөйлемеске. Қазақ тілі – біздің мемлекеттік тіл, ана тіліміз. Қай жағынан алып қарасақ та, өзге тілдерден артықтығы басым болмаса, ешбір тілден кем емес.
Қазақ тілі – ішкі әлеуеттік мүмкіндіктері мол тіл және әлемдегі мағынасы көп, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Бұл тілдің құдіреті ерекше. Ол –Абай мен Махамбеттің, «Алпамыс батыр» эпосы мен «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тілі. Тілім жайлы теңдессіз махабатпен, кеудемді кере айтатын басқа да тегеурінді сөздер жетерлік.
Ана тіліміздің құдіреті мен байлығы, нәзіктігі мен бейнелілігі, тереңдігі жайлы ғажап пікірлер мен ой-орамдарына В.В.Радловтан бастап, П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, А.Янушкевич сияқты зерттеушілер жоғары баға берсе, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов секілді алыптарымыз қасиетті тілімізді аяқасты етпей, ізгілік тұрғысынан қарауды алға тартады. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.Халық арқашан тілмен бірге жасап, тілмен бірге құмыр кешпек. Елдігіміздің, ертеңіміздің жарқырап болуы да тілге байланысты. Григорий Потанин айтқандай: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» — деуінің де мәні осында.
Сондықтан тіліміздің болашағы үшін әр қайсымыз тырнақтай болса да үлесімізді қосуға ұмтылу парымыз. «Тіл жоғалған ұлттың — өзіде жоғалады» — дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
Осыдан келіп нақты мақсат қойып, «Мен қалайда ана тілімді үйренемін» деген жан қазақ тілін жетік меңгермеске деген ойға келесің. Тілімізді толық меңгермегендер, жансақ ойлайтындар қазақ тілін тек қарапайым тұрмыстың ғана тілі деп ойлар. Бірақ олар қазақ тілінің – сан ғасырлар бойы Ұлы даланың қарым- қатынас құралы, данышпан Абай мен көсем Әлиханның, Ахмет, кемеңгер Мұхтардың, айбынды Бауыржан мен сыршыл Қасым және Мұқағалидың тілі болғанын біле бермесе керек. «Тәуелсіздік» деген тәтті сөзбен «Егемендік» деген ет жүрегіңді елжіретер баға жетпес сөздерді ана тілімізде естіп, айтқанға не жетсін, шіркін!