Жетісу облысы Панфилов ауданы
Жаркент қаласы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Дәнеш Рақышев атындағы өнер мектебі»
мектеп директорының у.м.а
Омарғали Нұржас Маратұлы
«Өнер жолындағы белестер»
Дарынды балаларды өнерге баулитын Жазиралы Жаркент жерінде бүгін ерекше қуанышты күн. Жезтаңдай әнші Дәнеш, қылқалам шебері, суретші Әбілхандай талай нарқасқа азаматтар дүниеге келген, сол ұлы тұлғалардың табаны жерге тиген жерден оқушыларымыздың есеп беру концертіне қош келдіңіздер!
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді.
Өнердің бірнеше толқын өкілдері ұядан қияға самғады. Заманымыздың бүгінгі буыны ұлттық өнердің қыры мен сырына баулитын шаңырақ табалдырығынан өз қалаулары бойынша домбыра, қобыз, фортепиано, сырнай, вокал және дәстүрлі ән, хореография, көркемсурет класы бойынша аспаптардың сиқырлы сазын меңгеріп, әсемдікке, эстетикалық талғамға үйренуде.
Сол білім шаңырағының бірегейі Панфилов ауданы Әкімінің 2006 жылғы 27 ақпанындағы №38 қаулысымен құрылған Жаркент қаласы өнер мектебі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорында 17 мұғалім, 228 оқушыға дәріс береді.
Мектепте 5 бөлім жұмыс істейді:
Фортепиано – 7жыл
Ұлт аспаптары – 5жыл
Хореография – 7жыл
Бейнелеу өнері – 4жыл
вокал және дәстүрлі ән – 5 жыл
Оқушыларды мектепке қабылдау конкурстық таңдау бойынша жүргізіледі және 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқушыларды оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізу және топтық қызметте ұйымдастырылады. Әр сыныпта 12 оқушыдан аспайды. Оқушылардың мектепте болу уақыты 8-00 мен 18-00 арасы.
Біздің өнер мектебінің жетістіктерін айта кетер болсақ:
2022 жыл Балалар жылы деп жариялануына байланысты Алматы қаласында өткен « Ұстазым -ұлағаттым» республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша І орын жүлдегері Ермек Инабат марапатталды, ұстазы Жуманова Ақмарал Сапарқанқызы құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы — Алматы облысында «Атадан мұра» қоғамдық қорының мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «ART BAITEREK» республикалық байқау жүлдегерлері: вокал бөлімі:
Сейтқожа Әліби үздік өнер көрсеткені үшін І- дәрежелі диплом,
Күнгей Кенесары ІІ-орын ,дәрежелі диплом сынып жетекшісі Жуманова А.С.
2022 жыл Балалар жылы деп жариялануына байланысты Алматы қаласында өткен «Жас жұлдыздар» атты бабалар мен жасөспірімдерт арасында өткен «Дәстүрлі ән» бойынша Дәукен Алтынай ІІ-дәрежелі диплом сынып жетекшісі: Жуманова А.С, және «Вокал» номинациясы бойынша Ғали Айару ІІ орын диплом, жетекшісі Жуманова Ақмарал Алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында өткен «Атадан мұра» қоғамдық қорының мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік — Тұғырым» атты республикалық алалар жасөспірімдер арасындағы «Өнер байқауында» «Вокал» номинациясы бойынша Сейітқожа Әлиби бас жүлде , дәстүрлі ән бойынша Дәукен Алтынай ІІ орын дипломмен марапатталды. Жетекшісі Жуманова Акмарал .
«Бақытты елдің ұрпағы » қоғамдық корының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» байқауына қатысқан төмендегі оқушылар:
Вокал номинациясы бойынша Бас жүлде Мухтархан Амина,
І — дәрежелі диплом Дәулетқан Кәусар, сынып жетекшісі Жуманова А,
ІІ -дәрежелі диплом Барат Ақниет, сынып жетекшісі Жуманова А,
ІІІ-дәрежелі диплом Ермек Инабат, жетекшісі Жуманова А .
Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар осы байқауда аспапта ойнау номинациясы бойынша
І — дәрежелі диплом Күндеш Нұрғиса, Тұрсын Нұрбақыт сынып жетекшісі Боранбаева З.
«Жігер» триосы ІІ -дәрежелі диплом сынып жетекшісі Боранбаева Замзагуль алғыс хатпен марапатталды.
І- республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «САМҒА САМҰРЫҚ» байқауында «Аспапта өнер көрсеткені үшін Күндеш Нұрғиса мен Станбаев Мирас І орын,жетекшісі Боранбаева Замзагуль Құрмет граматосымен мараптталды.
2023 жылы 27-28 наурызда Астана қаласында өткен « FARABI LAND» республикалық шығармашылық байқауының «Хореография» номинациясы бойынша «Шашу» би ансамблі І — дәрежелі дипломмен жетекшісі Сулейменова Г , ІІІ-дәрежелі дипломмен « Сарғалдақ» би ансамблі жетекшісі Рамазанова М ,марапатқа ие болды.
Осы байқауға домбырашылар ансамблі қатысып , дипломант атанды, жетекшісі Асембекова Қ.
І- республикалық « Жас талант » атты байқауда вокал номинациясы бойынша Күнгей Кенесары бас жүлде,
І — дәрежелі диплом Дәулетқан Кәусар және Дәулетқан Арқат
сынып жетекшісі Жуманова А,
ІІ -дәрежелі диплом Ғали Айару, сынып жетекшісі Жуманова А,
ІІІ-дәрежелі диплом Барат Ақниет , жетекшісі Жуманова Ақмарал Сапарқанқызы құрмет грамотасына ие болды.
2023 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында өткен «САЛЕМ АСТАНА» халықаралық фестиваль байқау қортындысы бойынша аспапта ойнауда «Шабыт» ансамблі Бас жүлдені жеңіп алды, жетекшісі Асембекова Қ.
Советқазы Дана, Қажымұрат Жансая, Советқазы Дина,Күндеш Нұрғиса бас жүлдемен марапатталды.
«САЛЕМ АСТАНА» халықаралық фестиваль байқауда «Жетісу жібектері» ансамблі Хореография номинациясы бойынша ба жүлдемен ІІ- орын,жетекшісі Сулейменова Г, Рамазанова М. Марапатқа иеленді.
Алматы қаласында 2023жылдың 7-8 мамыр аралығында «Біз бақытты баламыз» халықаралық байқауының жүлдегерлері.
- Станбаев Мирас «Вокал» номинацияда Арнайы жүлдеге ие болды,
ІІ — дәрежелі диплом Үсен Аспандияр,
ІІІ -дәрежелі дипломмен Даулетхан Арқат, сынып жетекшісі Жуманова А алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық « Дала сазы» байқауында жүлдегері:
Күндеш Нұрғиса І-дәрежелі диплом /домбыра/,
Тұрсын Нұрбақыт, Серікжан Ерназар ІІ-дәрежелі диплом /домбыра/,
Шәкен Бағалы ІІІ-дәрежелі диплом /домбыра/, жетекшісі: Боранбаева Замзагуль Разбекқызы қошеметтеріңіз.
Жыл қорытындысы бойынша тұрақты аудан тұрғындарының алдында өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздарының есеп беру концерті өткізіледі.
Оқу тәрбие ісі процесінің бекітілген жылдық жоспарлары бойынша ашық сабақтар, көрмелер, лекция концерттер және мерейтой иелеріне арналған шаралар өткізіліп тұрады.
Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени –көпшілік шаралар оқушыларды ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыққа, ынтымаққа жетелейді.
«Өнер алды – бірлік, ырыс алды — тірлік», демекші, өнер шаңырағына ырыс қонсын дей келе, ұжымға береке-бірлік, зор ынтымақ тілеп, талантты ұстаз, дарынды оқушыларды тәрбиелеп, биік жетістіктерге жете беруге тілектеспіз.