Аметова Гүлжанар Бақытқызы
Түркістан облысы
Сауран ауданы
«Құмтүйін» ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі – өте бай тілдердің бірі. Тіліміз бай бола тұра балаларымыздың сөздік қоры азаю үстінде. Қазіргі кезде интернеттің дамыған заманы. Балалардың смартфонға сүйенуі оқушылардың көптеген мүмкіндіктерін жоюда. Осы мақсатта баланың сөздік қорын жетілдіру үшін сол бай сөздік қордан игертілуге тиісті сөздер ғана сұрыпталып алынады.
Оқушылардың сөздік қорын дамытуда мынандай мақсаттар қойылуы тиіс:
- Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде түсініктері мен білімнің кеңейуі негізінде сөздік қорын молайту;
- Оқушылар сөзік құрамдағы сөздердің мағынасын анықтау, оларды сөйлеуде (ауызша, жазбаша) қолдану, пайдалану дәрежесін белгілеу;
- Сөздік қорын ауыспалы мағыналы сөздермен молайту;
- Оқыған мәтіндерінде, мұғалімнің қолданған сөзін де пайдалануға жаттықтыру, пассив сөздерді активтендіру;
- Сөздерді дұрыс оқып, қатесіз жазуға дағдыландыру. Ол үшін жаттығулар жүйесі мынандай мақсаттар бойынша ұйымдастырылады:
— оқушыларды сауатты жазуға үйрету;
— мәдениетті сөйлеуге баулу;
-дұрыстап оқу нормасын білуге дағдыландыру;
-сөздік қорын байытып, дүние танымын кеңейту;
-тәжірибедегі іс-шеберлігін қалыптастыру.
Оқушылардың сөздік қорын мына сияқты жолдармен байытуға болады: —қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың
-қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру,
-экскурциялар ұйымдастыру); сыныпта және сыныптан тыс оқытуды
ұйымдастыру (әңгіме мазмұнын талдау, мәтінін талдау) ересектермен
— қарым-қатынас жасату (кездесу ұйымдастыру, сұхбаттасу,
әңгіме өткізу т.б.); грамматика мен емлені үйрету (жаттығу арқылы қалыптастыру), арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу (шығарма, мазмұндама жаздыру);
Сөздік жұмыстары басты-басты мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
1. Оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру және орта туралы танымын арттырып, ұғымын қалыптастыру мақсатында серуендер, саяхаттар, іскерлік
ойындар ұйымдастыру;
2. Әр сыныптағы бағдарламалық оқу пәндеріндегі білім беру арқылы жаңа сөздер мен терминдер туралы ұғымын кеңейту;
3. Жаңа тірек сөздердің мән, мағынасын түсіндіру (синоним, омоним, антоним арқылы салыстыру, байқап көру, талдау т.б.);
4. Кітап, баспа материалдары мәтіндерін ұжымды түрде оқу ұйымдастыруда, тіл дамыту жаттығуларында мәтінге байланысты көркемдегіш
және бейнелегіш сөздерге (эпитет, метафора,
салыстыру т.б.) назар аударып, түсініктеме сөздік жұмысын жүргізу (түрлі сөздермен жұмыс жүргізу т.б.).
1. Сөздік қорды байытуда оқушылардың өз беттерімен ізденген жазба
жұмыстары, шағын шығарма, эссе, суретке қарап жазған әңгімелері, мақал-мәтелдері, шешендік сөздерді жаттап өсуі, сөздердің астарына,
ауыспалы мағынасына үлкен мән беруі, тренингтер, әр түрлі тақырыпқа
шағын баяндама жаздыру, ғылыми қоғам жұмыстарына қатыстырудың
маңызы зор деп айтар едім.
2. Таным қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білген білімдерін жаңа тақырыпты өту кезінде пайдалана отырып одан әрі дамыту, ұжымдық жұмыста, топпен талқылауда іске асады.
Оқушыларды күнделік ұстау, бір-біріне хат жазу, туған күнге газет
шығару, кейбір авторлардың шығармаларының соңын басқаша аяқтау
сияқты жұмыстар өте қатты қызықтырады. Ал қызығып орындаған жұмыс
әрқашан да нәтиже береді.
1.Көрнекілік. Оқушыларға газет-журнал бетіне шыққан шығармалар
қатты әсер етеді, сондықтан жоғары сынып оқушыларының әр түрлі байқауларда жазған шығармалары газетке шықса,үлгі болатын еді.
Оқушылар мұғалімнен не күтеді? Оқушыларды кітаптағы тапсырыстар, жаттығулар, т.б. қызықтырмайды. Оларға жаңа жұмыс түрін өзі ізденетіндей жағдай туғызса, ол шамасы келгенше өз бетімен орындауға тырысады. Өз шамасын, күшін, білімін тексереді. Орындай алмаймын деген ойдан арылады.
3.Бірігіп жұмыс істеу жақсы нәтиже береді дер едім. Оқушылар топпен жұмыс істеу нәтижесінде жаңа идея, ой туындайды, бірін-бірі тыңдап,
талқыға салу арқылы өздері шешімге келеді. Дұрыс жауапты сырттан,
ешкімнен күтпейді. Өздері талқылаған тақырып, жаңа материал оқушының есінде жақсы сақталады.
4.Көркем ойды сыртқа шығарудың құралы – тіл екенін оқушылар осылай
өздері жұмыс істей отырып түсінеді. Түсінген сайын олардың
сөйлеуге деген құлшыныстары арта түспек.
5.Оқушылармен бірге мұғалім де жұмыс істейді. Кей сәтте мұғалім жазған эссені оқып беріп, оларға тереңнен ой салуға болады. Кейбір бастауыш
сынып мұғалімдері іс-тәжірибелерінен түйген түйінін мына төмендегілерге саяды:
-оқушыларда тілдің теориялық біліммен бірге тәжірибелік қолданысын
пайдалана білетін еп, дағдысы қалыптасуы керек;
-оқу мен жазуды үнемі байланысты түрде жүргізу арқылы ғана
сауатты жазып, мәдениетті сөйлеуге қол жеткізуге болады; тілді
дамытудың барлық әдіс-тәсілдерін мұғалімдер шебер игерулері керек;
-оқушылардың тілі мен сауаттылығын дамыту – мұғалім үшін ең басты мақсат;
-оқушының өзі саналы түрде тілді, сөздік қорды дамытуға тіл
мәдениетін сақтаға зор көңіл бөле бастаса, бұл мұғалімнің де, оқушының да үлкен жетістігі.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорының деңгейі мына бағытта жүргізіледі:
берілген мәтінді мәнерлеп, лайықты интонациямен оқи білуі, орфографиялық норманы сақтай білуі;
мәтіннің мазмұнын саналы түсіну, сөйлемдегі берілген ойды саналы игере білуі. Мәтін мазмұнындағы ой-пікірлерді ажыратып, өз сөзімен
айтып не жазып бере білу дағдысының деңгейі;
-көргенін, оқығанын, естігенін жүйелі айтып не жазып беруде сөзді қолдана
білу дағдысы;
-ауызекі жауап әңгімелер мен жазбаша жұмыстарда сөздерді сұрыптап
пайдалана білу машығы.
Оқушының жетістігі ұстаздың басты міндеттерінің орындалуымен қатар үлкен жетістікке жеткендігі. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай тіліміз,сөздік қорымыз еліміздің айнасы. Тіліміздегі ескірген және жаңадан пайда болған сөздерді балалардың активті сөздігіне енгізіп, олардың тілін дамытуға болады. Халқымыздың тарихи асыл мұрасы — тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы.