Home » Ашық сабақтар » Математика негіздері

Математика негіздері

Дармешова Гүлнұр Бигалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№21 «Росинка» бөбекжайының
 тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Мақсаты: Балалар заттардың кеңістікте орналасуын  (жоғары-төмен) атай алады.  Өзінің айналасындағы заттарды кеңістікте орналасуы туралы ұғымдар қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, көрнекілік, тапсырмаларды орындау, қорыту, мақтау-мадақтау.

Көрнекіліктер: Ағаштар, жаңуарлар мен құстардың мекендері.

Балалар, қазір сендерге заттардың атын атаймын, сендер олардың жоғарыда немес төменде болатынын көрсетесіңдер. Жоғарыда болса – қолымызды көтереміз, төменде болса – қолымызды түсіреміз.

Дайынбыз ба, кеттік, ұшақ, машина, құстар, гүлдер, трактор, күн.

Мысалы: ұшақ қайда? (жоғарыда…)

1-тапсырма. Балалар қараңдаршы мында нені көріп тұрсыңдар?  Олар дұрыс орналасқан ба? Қане дұрыс орнына қояйық. Күн қайда болады? Дұрыс жоғарыда болады. Сағырауқұлақтар қайда болады? Жұрыс төменде болады. (2 Саңырауқұлақ, 2 бұлт,2  шырша, күн, 2 гүл, 2 кірпі, 1 құс) Кірпі маған орманда аңдар мен құстар өз орындарын табуға көмек сұрайды. Көмектесеміз бе? Қане балалар көзімізді жұмайық, орнымызда айналайық. (Музыка) Қане көзімізді ашайық. Балалар біз ормандамыз. Қарандаршы қандай тамаша,тып-тыныш,орманда шулауға болмайды.

-Айналамызға қарайықшы нелерді көріп тұрмыз?(ағаштарды)

-Сендерге орманда ұнай ма? (иә, ұнайды)

-Неге? (өйткені орманда әдемі ағаштар көп)

Сергіту сәті.

2-тапсырма. Балалар, мында қарайықшы аңдар мен құстар өз орындарын таппай қалыпты. Қане бәріміз көмектесіп оларды  орналастырайық.  Мынау не? Тиын. Қайда орналастырамыз?  (ағашқа жоғарғы жағына) Мынау не? Қасқыр. Қайда орналастырамыз?  (Төменге)

(қасқыр, 2 түлкі, 2 тиын, 2 кірпі, аю, тоқылдақ, сарышымшық, қоян, жапалақ)

-Балалар, кеш болып қалған сияқты, сендермен бақшаға оралайық. Көзімізді жұмайық, айналамыз.

-Мінекей балалар біз сендермен бақшамызға келдік.

Мында сендерді ерекше жол күтіп тұр екен. Жолда жатқан не екен? Дұрыс геометриялық пішіндер. Қане, атайық. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

-Мына бүршіктерді сендерге кірпі сыйға тартты (бүршіктерді алады)

Қане, балалар, партаға жақындайық. Қолымыздағы бүршіктерді құтыға салайық. Алдымен үлкен бүршіктерді төменгі жағына орналастырайық, кішкентай бүршіктерді жоғарғы жағына салайық. Қане дұрыс жасадық па? Құтымыз толды. Құтыда неше үлкен бүршік. Біреу. Неше кішкентай бүршік. Көп. Жарайыңдар, балалар. Тапсырмаларды орындап сабақты аяқтау

Балалар, орманда сендерге ұнады ма?

Кімге көмектестік?

Жоғары дегеніміз қайда? Қолымызбен көрсетейік

Жоғарыға қарайық не бар?

Дұрыс, төбе, шам бар

Төмен қайда? Қолымызбен көрсетейік

Төменде не бар?

Үстел, кілем, отырғыш бар

Сендерге оқу қызметінде не ұнады?

Жарайсыңдар, сендерде мені өз білімдеріңмен қуанттыңдар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.