Жамалиденова Айтжамал Шакиртовна
Павлодар облысы Павлодар қаласы
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы
орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық, кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады. Сондықтан да оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – заман талабы. Бастауыш сыныптардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әр түрлі технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет-талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескерсек, оқушылардың игерген білім-білік дағдыларын қалыптастыру және тексеру, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныптың математика пәніне арналған тапсырмалар жинағы құрастырдым.
Жинаққа енген тапсырмалар математика курсының тақырыптарына сәйкес, оқушылардың тұлғалық-бағдарлық негізінде білімінің жетілуіне, білім қорының өсуіне көмегін тигізеді. Оқушылар өз бетінше қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі дамытып, шығармашылықпен ерікті еңбек етуге, жақсы бастамалар көтеріп, өз жұмысын өзі ұйымдастыра білуге қалыптасады. Егер берілген материалдардың мазмұны балалардың өмір тәжірибесіиен неғұрлым тығыз байланыста болса, оқу соғұрлым мәнді болып, белгілі бір оқу пәнін балалар зор ынтамен оқиды, нәтижесінде олардың оқу еңбегі де өнімді болады.
Тәрбиелей отырып білім беру жүйесіндегі әр оқушының қабілетіне, деңгейіне қарай тапсырмаларды топтастырып, жеңілдіден күрделіге көшу мақсатында жүйелеп алып пайдалануға болады.
Осыдан күтілетін нәтиже:
- Оқушылар матматикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады және логикалық ойлауы артады;
- Оқушылардың оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;
- Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы артып, қызығушылығы оянады.
- Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;
- Өз бетімен білім алу арқылы нәтижеге жетеді. Сол арқылы:
- сыныптың білім сапасын арттырады;
- өз бетімен ізденеді;
- білім жарыстарына қатысады;
- алған білімдерін тұрмыста пайдалана алады.
Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ жан-жақты білімді, математикалық сауатты болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналады, экономикасын көтереді. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау курс бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.