Уразкенова Сахыпжамал Кабдрашевна
Павлодар қаласы
«№ 35 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптың бірі. Себебі қазір балалар театрға барғаннан гөрі, үйде отырып, уақыттарын телефон мен интернетке арнайды. Ежелгі мәдениетті сақтап қалудың бір жолы, мектептегі қуыршақ театры үйірмесі.
Балалық көркем әдебиет үлгілірімен танысып, халық ауыз әдебиетінің де кейбір үлгілерін танып білуде, бүгінгі таңда қуыршақ театры кеңінен орын алуда.
Соның бірі, киілмелі ( қолға киіп ойнайтын) саусақ театры болып отыр.
Осы театр арқылы оқушылардың тіл байлығы, сөйлеу мәнері, ойын еркін жеткізе алу сияқты қасиеттері дамиды. Саусақ театры арқылы баланың қолының риторикасы да қалыптасады.
Қазіргі таңда театр өнері, оқу үрдісімен бірге дамып отыр. Оқушылар оқуға қандай жауапкершілікпен қараса, сыныптан тыс жұмыстарға да белсенділік танытады.
Қуыршақ театры оқушыларды тыңдай білуіне, қимыл қозғалысын жетілдіруіне, ашылуына септігін тигізеді. Тұйық баланың өзі де мұндайда белсенділік танытуы әбден мүмкін, ал өзі белсенді балаларға өздерін тағы бір көрсетуге мүмкіндік туады. Сыныптан тыс шаралар оқушының еркін сөйлеп, өзін дұрыс ұстауна үйретеді.
Сонымен қатар оқушылардың тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады.Оқушылар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.
Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан оқушылар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.
Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар оқушылардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.
Қорыта келгенде, театр бастауыш сынып оқушыларының көркем қабілеттіліктерін жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, ұстаздар үшін үлкен табыс