Бекетова Гульжанат Милахатовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 93 «Айгөлек» балабақшаcы тәрбиешісі
Ұстаз-ұлық емес, Ұлы-есім
Сөздің басын әлқиссадан бастап, ұлы ақынымыз Абайдың ұстаздар қауымына арнап жазған өлеңіне көз жүгірте отырып бастағым келеді.
“Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.”- өлең үзіндісі бүгінгі күнге дейін ұстаздар қауымына арналып жазылғандай… Ғасыр өтседе өзектілігін жоғалтқан емес. Ұстаздар қауымына арналған теңдесі жоқ баға болып қала бермек. Адам дүниеге шыр етіп келгенінен бастап өмірінің алғашқы баспалдағын балабақша қабырғасынан осы ұстаздар қауымынан тәлім-тәрбие, өмірлік азығын алудан бастайды.
“Мектеп – кеме, білім – теңіз” — деген сөздің өзі кемелді ұғым екенін түсіндіріп тұрғандай. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққанға дейін, мектепке дейінгі білім ошағы балабақша, мектеп қабырғасында өткізген кезеңдердегі еркелікпен, қателіктеріңді сан мәрте кешіріп, білім бере отырып сүйіспеншілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, махаббатқа тәрбиелейтін, өмір сүрудің қырымен сырына үйрететінде осы ұстаздар қауымы. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін- шәкірттері. Білім нәрімен сусындататын, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірттері екені сөзсіз. Ұстаздар қауымының қысы-жазы қамқорлығында болып, олар берген білімнен нәр алып өсесің. Сондықтан ұстаздар туралы түсінігімде ұстаз бейнесін – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі екенін ұғындым. Ұстаз — деген тіршіліктің сөнбес шырағы әрі ошағындай боп көрінеді. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған көрнекті ерекше тұлға. Ұстаз деген кім? Ұстаз – ол өзінің шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Сондықтан ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін мамандықтардың бірі. Барлық мамандық тардың ішіндегі ең абыройлы болып табылатыныда сондықтан. Мейлі дәрігер бол, ғалым бол, ел басқаратын Президент болсаңда ең алдымен осы ұстаздардың берген білімінен, тәрбиесінен, өмірлік тәжірбиесінен өтесің. Сондықтан түрлі көп мамандықтардың ішінен, бәрібір ерекше өз орнын ойып тұрып алатын ол –“Ұстаздық” педагогикалық мамандықтың әр кез бірінші орында тұратынына ешкімнің күмәні жоқ екені рас. Мың ғасыр өтседе ұстаздың аты — “Ұстаз” — деген ұғым ешқашан өзінің өзектілігін жойған емес. Өйткені қай дәуірде болсын ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек – ақ. Сондықтан ұстазың еңбегін бағалау, сыйлау, құрмет көрсету саналы жанның тәрбиелі, тәлімді тұлға екендігін көрсетеді. Сол себепті ұстазға деген құрмет әрдайым ойыңызда болуы тиіс. Ұстаз еңбегінің барын есте сақтағанымыз жөн. Ол кісілер осы “Ұлы” – деген есімге лайық екендерін баяғыда – ақ дәлелдеп қойғандай. Сондықтан күні – түні шәкірт қамы үшін, талмай еңбек ететін әрбір ұстаздың еңбегін “Ұлы” демей недейсіз. «Алты алаштың баласы жиналған жерде төр ұстаздікі» деген құрметтен айналдым.
Гүлжанат Милахатқызы, еңбегіңіз жансын. Шығармашылық табыс тілеймін!
Zhumagulovasamal@mail.ru
Бекетова Гүлжанат Милахатқызы, Лауызымыңыз жоғарлай берсін. Жұмысыңызға сәттілік тілейм!
Милахатовна өз мамандық иесі
Өз маман иесі тек алға Гулжанат Милахатовна
Енбегиниз жана берсин!
Бір көргеннен сыпайы, үзі жылы жан. Өте мықты маман иесі. Сізге тек денсаулык, отбасынызга амандык,бакыт,береке,жұмыста табыс тілеймін!
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Сізге балаларымызды сеніп тапсырамыз. Үлкен рахмет
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің сүйікті ұстазы болып, биіктерден көріне беріңіз… «Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида ұстап жүретін сіздердей әрбір тәрбиеші, ұстаздарға мың алғыс.