Утешова Самал Амангелдіқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 77 «Қошақан » балабақшасы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет керек. Өйткені білім арқылы адамның қабілеті артады, ал қабілеттілік білікті маман болуына өз үлесін тигізеді. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.
«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» — деп,
М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.
Осы қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу.
Менің ойымша, заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, мен де өз сабағымда қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым — қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қорытындылай келе, ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеуші ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.
Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз . Өйткені , өмірдің заңы даму, ілгерілеу озу.
Керемет! 👍
Шығармашылық табыс тілеймін
Өте керемет мұғалім. Керемет эссе
Эссе қызықты және пайдалы
zheldikbaiersain@gmail.com
Өте көрікті😍
Оте коркем эссе
Өзекті мақала екен!👏👏👏
Керемет👍 жастарымызга өте пайдалы дүние жазыпсыз👏👏👏👏👏👏
Нағыз ұстаздың шəкірті өзінен озар деп бекер айтпаған.Шəкірттерің саналы,даналы болсын
Самал керемет жандана беріңіз
Самал Амангельдиновна, өте жауапты маман, шығармашылығынан көп ұстаз. Балаларды жақсы көретін, ата аналармен тіл табысатын маман. Жұмысының алға басын.
👏👏👏 керемет!