Наймангазинова Жанат Нажатовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№77 «Қошақан» балабақшасы тәрбиешісі
Мен тәрбиешімін
Мен бүгінде тәрбиешімін. Бұл мамандыққа келуіме себепші болған ең кенжем, кішкентай қызым, Асылайым…
Кенжетайымды балабақшаға орналастыру үшін осы №77 «Қошақан» балабақшасына кіруіме тура келді.
Қазіргі таңда бірнеше жыл еңбек өтілі бар тәрбиешімін. Алдымда кішкентай бөбектерім бар.
Күнделікті олардың риясыз күліп, сәлемдескендерін көргенде ерекше көңіл күйге енемін. Көңілім көтеріліп қоя береді, қуана қарсы алған кезде бекер осы мамандықты таңдамаған екенмін деп іштей қуанамын. Әрбіреуі бір-бір үйдің еркесі, бір-бір үйдің қызығы, бұзығы.
Қызығы мен қиындығы мол мамандықтың жаңа ғана тәй-тәй басып келген балапандарға не дұрыс, не бұрыс, не ыстық, не суық екенін үйретуден ең қиыны жоқ шығар, осылардың қыр-сырын қиындығын тек тәрбиеші болған адам сезіне алады.
Балаларымның өзімнен маған деген сүйіспеншілігін, әр нәрсені білгісі келіп тұрғанын байқаймын.Осы балаларымның ата-аналарының менен үлкен үміт күтетінін жақсы сезінемін.
Менің алдыма қойған басты мақсатым-балапандарыма саналы тәрбие, білім беру. Осы балалар өзгенің баласы болса да, көп уақытымызды осы балапандармен өткіземіз десек қателеспейміз. Мен ұстаз мамандығын таңдап, осы салада жұмыс істегеніме дән ризамын. Бала тәрбиесімен айналысып, оған тәлім – тәрбие беру менің борышым, мен өз мамандығымды құрметтеп, мақтан тұтамын.
Жанат Нажатовна менің қызымның тәрбиешісі, өте жақсы көреміз, өз міндеттерін керемет атқарады, рақмет айтқымыз келеди🙏🙏🙏 жұмысыңыз жемісті болсын.
Жанат Нажатовна қызымның ең сүйікті тәрбиешісі, осы апайымыз келгелі балабақшадан қалғысы келмейді, апайын үлгі тұтады. Жанат апайымызға алғысымыз шексіз. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз🌸🌸🌸
aidanaisatai2004@gmail.com
Сәттілік сіңілім♥️🥰
Сәттілік сіңілім! Еңбегің жана берсін! Тек биіктерден көріне бер! Саған сенемін!! 🥰♥️
Жанат Нажатовна білікті, білімді, тәжірибесі мол тәлімгер. Қызымның жақсы көретін тәрбиешісі. Еңбегіңіз еселене берсін! 💐💐💐
Жанат Нажатовна біздің қызымыздың тәрбиешісі. Ясмина өте жақсы сізді көреді! ♥️ Жұмысыңыз жемісті болсын, алға баса беріңіз!
Жанат Нажатовна апцымызды қызым жақсы көреді )) еңбегіңізге үлкен рақмет!
Осындай ой-өрісі кең тәрбиешілер білім алып отырғанымызға Аллаға шүкір! Сіздің жасап отырған жұмысыңыз балалардың болашағында үлкен рөлі бар. Өз ортасында сыйлы болыңыз!
Апайым саттилик тилеймин! Биик шыңдардан көрине бериниз 🌹🌹🌹😘
Жанат Нажатовна, өте білікті маман. Өте жақсы өз жұмысын атқарады, балаларды жақсы көреді, ата аналар мен де тіл табысып біледі. Тілеймін шығармашылық табыс, зор денсаулық.
Жанат Нажатовна керемет тәрбиеші! Жарайсыз тек алға,сізден тәлім тәрбие алған ұрпақ білімді әйгілі Еліміздің танымал тұлғалары болсын! Тек алға!
Жанат апай өте білікті маман, осы жұмысыңыздың жемісін көріңіз
Керемет тарбиеші
Тарбиеші керек!
Жанат Нажатовна өз ісіне адал тәрбиеші, білікті маман, балаларды жақсы көреді. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!🌷
Жанат Нажатовна сымбатымен білімі үйлескен білікті ұстаз. Сізге шығармашылық табыс тілеймін
Жанат,жарайсыз
Армысыздар? Керемет!
Жанат Нажатовна мен Сіз үшін өте қуаныштымын. Мен Сізді жан—жақты маман, ұстаз ретінде танимын. Сіз білім саласында бірнеше жыл еңбек еткен тәжірибелі мамансыз!