Ниязбаева Лунара Болатовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№77 «Қошақан» балабақшасы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазіргі кездегі педагогтың рөлі
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-деген Ыбырай Алтынсариннің сөзі бүгінгі таңда қандай дәрежеде? Расымен, қазіргі таңда педагогтың рөлі қандай?
Ақын, педагог М. Жұмабаев «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген екен. Бүгінгі таңда осы өнерді меңгерген ұстаздар қауымының алдында үлкен міндеттер қойылды. Заманның қарқынды дамуына байланысты ғылым мен техниканы озық меңгерген интеллектуал жастарды тәрбиелеу педагогтардың жоғары шеберлігін талап етеді.
Қазіргі қоғамдық ортадағы мұғалімдердің қызметі мен рөлі – алдындағы оқушысына ғылымның негіздерінен толық ақпарат беріп қана қоймай, оны әлемдік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне жетуге, яки қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеп, дамытуы керек. Заманауи ақпарат пен техниканың дамыған заманында балаға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.
Ешкім болдым, толдым деп айта алмайды, себебі білгенімізден, әрине білеріміз көп. Ұстаз деген ұлы есімді арқалау өмір бойы өз білімің мен шеберлігіңді шыңдау деген сөздің синонимі деп қабылдаған дұрыс шығар. Педагог шеберлігі дипломмен қосарланып келмейді немесе кездейсоқ сәттілікпен қонбайды. Педагогика саласын таңдаған әр жан ол үшін қаншама ізденістер мен толғаныстарды, бірде сәтті, бірде сәтсіз тәжірибелерді бастан өткереді.
Мен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Бұл менің бала күнгі арманым. Осы арманымды арқалап, еңбек жолымда қаншама шәкіртті үлкен жолға сәт – сапар тілеп шығардым. Ұстаздықтың өзге мамандықтардан айырмашылығын да осы кезеңде түсіндім, себебі ұстаздықты таңдаған адамның бойында бір-біріне тоғыспайтын қаншама сан мың мамандықтың сарқыны бар. Бірде актер, бірде аспазшы, бірде тіпті басқа бір маманның рөлінде отырғаныңды да түсінбей қалатын кездер аз емес. Мен үшін басты өнер – алдыңдағы шәкіртіңді жақсы көру.
Егер өзің жақсы көрмесең, өзгеге сезімнің не түсіндіре алмайсың, егер өзің үйренуге талпынбасаң, өзгеге үйрете алмайсың, егер өзің шеберлігіңді жетілдірмесең, өзгенің таланты мен дарындылығын байқамайсың, егер өз бойыңда аталған қасиеттерді жинақтамасаң, өзгенің бойына дарыта алмайсың, сол үшін үнемі өз біліміңді жетілдіріп отыруың қажет. Ұстаздар қауымына әр түрлі білім беру технологияларын, интернет платформалары мен әртүрлі IT бағдарламаларды қысқа мерзімде үйреніп қана қоймай, сол арқылы балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге тура келді.
Қорытындылай келе, баланы оқыту мен тәрбиелеудің майталман шебері болу үздіксіз, тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденістің жемісі. Бұл – бір адамның қолынан келмейтін күрделі іс. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әр кісінің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың да тәжірибесімен танысу керек. Өмірде ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Ал қазіргі заманға сай педагог болу дегеніміз көштен ілгері бір қадам алда болу деген сөз деп есептеймін. Шәкіртке жаныңды, жүрегіңді сыйлау деп түсінемін.
Еліміздің әр педагогы осындай ұстанымда болса, еліміздің іркесі берік, болашағы жарқын болмақ.
Керемет еңбегіңіз жанаберсін Аллаһ берген абыройыңыздан айырмасын Иншалла
Ең керемет ұстаз!😘
Шәкірттерің көп болсын,жұмысыңның жемісін көр.
Еңбегіңіздің жемісін биіктен көріңіз!
Өз ісінің нағыз маманы! Жұмысыңызға табыс тілеймін! Бағындырар белестеріңіз көп болсын! Үйренерім көп сізден!
Жумысыңыз берекелі болсын, шәкірттеріңіз көп болып, еңбегиниз шыңдала берсін!!
Білікті маман екеніңіз көрініп тұр!
Ісіңізге сәттілік тілеймін!
Еңбегіңіз жемісті болып, білімді шәкірттеріңіз көп болсын!
Лунара Болатовна, өз ісінің шебері! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіз жансын!
👍🏻👍🏻👍🏻
Лунара Болатовна — өз ісінің білікті маманы! Блікті, еңбекқор жансыз. Сізге сәттілік тілеймін! Еңбегіңіз табысты болсын! Қаламыңыз ұштала берсін!
Сізге алғысым шексіз, балаларымды оқытқаныңыз үшін!
Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Жаңа Қазақстанның жас ұрпағы өзіңіз сияқты алғыр, білімді, өткір де өжет болсын!!!
Еңбегіңіз жана берсін,еңбек түбі-береке демекші еңбегіңіздің берекесін көріңіз!💯🔥
Лунара Болатовнамен Өскемен қаласында Левый берег мектебінде жұмыс істеп жүргенде жұмыс барысында таныстық. Мен онда 22 қалалық мектепте тәрбие завучы едім. Жетім балалардың жағдайын жасау жұмыстарымен айналысып жүрді. Жұмыс барысында бізде балаларға спонсорлық көмек көрсеттік. Кейін жұмыс барысында жолығысып тұрдық. Сол кезде байқағаным өте ізденімпаз маман екен. Білім тәрбие жөнінде хабарласып ой бөлісіп тұратынбыз.Тіл маманы және дефектология саласының маманы ретінде жасақтаған әдістемелік пособиелеріне риза болдым. Ал қазір елордасы Астанада еңбек жасап жүр екенсіз. Жұмысыңызға сәттілік, ісіңізге табыс тілеуші мектеп, балабақша әкімшілігінде жұмыс жасап 30 жылдан астам педагогика саласында келе жатқан дефектолог әріптесіңіз, әпкеңіз Жанаргүл Жумагалиевна 🙌
Өз жумысын өте жақсы білетін, тамаша устаз ! Сәттілік сизге! Еңбегіңiздiн жемiсiн көрiнiз!
Janabai0722@mail.ru
Еңбегіңіз жана берсін. Сәттілік
Керемет!Лунара сіңлім,биік белестерден көріне бер! Осындай көздері,жүректері жанып тұрған мұғалім ұстаздар көбейсе еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз!!!!
Енбегин жемисти болсын,макала маган унады Оз жумысынын нагыз маманы.
Лунара Шығыс Қазақстанның мықты да білікті маманы болды. Өз саласының шебері. Неше жылдық білімінде тәнті болған балаларда, ұстаздарда жетерлік. Тек саттілік
Керемет ,Лунара Болатовна!.Өз ісінің нағыз маманы екеніңіз көрініп тұр《Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға 》-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаздық жолда шаршамай,талмай,жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие бере беріңіз!Еңбегіңіз жемісті болсын!
Ты самая лучшая своём деле! Удачи и процветания!
Лунара Болатқызы Өскемен қаласында дәріс берген. Шәкірттерін сапалы білім нәрімен сусындаған білді. Өз ісінің шебері, ізденімпаз ұстаз. Өмірде Лунара алар асуын биік болсын, ұлағатты ұстаз болатынына сенеміз. Саттілік тілейміз.
Луннара сіңілім керемет. Еңбегінің жемісін көр ,биік биік белестерді бағындырды бер, Ақ жол тілеиміз
Лунара Болатовна өз ісінің маманы,шебер ұстаз.Жұлдыздай жарқырап,балаларды білімнің нәрімен сусындатып жүре беріңіз
Лунара Болатқызы, ұлағатты ұстазсыз, еңбегіңізді қадірлеймін. Жәнеде ұстаз ретінде әрдайым бір орында отырмайсыз жан-жақты, ізденімпаз, жаңашылсыз. Сізге тілеріміз алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз биік болсын!!!
Лунара еңбегің еленіп ,еселене берсін.Тек биіктерден көрейік.
Лунара шығармашылық табыс, жұмысыңның жемісін көр
Тек еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
Лунара Болатыны. Біздің балабақшаға келгені аз ұақыт өтті, бірақ өзің сауатты маман екенің көрсете білді. Жарайсіз.
Лунара Болатовна өз ісінің маманы,шебер ұстаз. Жұмысыныздын жемисин корип алга самгай бер! Тек жаксылык тилеймин!
Лунара жумысыннын жемисин кор! Шакиртерин коп болсын денин сау болсын!
Лунара Сынылым жумысына берекет бересын осындаи жаксы педагогтар кобеие берсын
Керемет ұстаз!!! Еңбегіңіз жана берсін!!!
Лунара, сіз шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талпынысы жоғары, еңбекқор, кәсіби біліктілігін үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын білікті мамансыз. Қазақ тілін үйрету бойынша жаңашыл идеяларыңыз балалармен жұмыс барысында шынайы нәтиже беруде. Әр ісіңізге ерекше ізденіспен дайындалып, биіктен көріне алатыныңызға сенімдімін! Жаңалықтарыңыз балаларға жете берсін!
Керемет! Биіктен көріне бер!! Шәкірттерң үлгі тұтатындай тұлға бол!!
Лунара Болатовна өз ісінің қас шебері. Өмір бойы білім алуға, дамуға талпынып, үздіксіз даму құндылықтарына сүйенетін ұстаз. Әр шәкіртінің жүрегіне жол тауып, оның мүмкіндіктерін жан-жақты ашуға тырысып,өз жұмысын сүйіп істейтін бағалы маман.Еңбегіңіз осылай табысты бола берсін!