Иманова Перизат Темиртасқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№77 «Кошақан» балабақшасы педагог- психологі.
Мен және менің мамандығым!
Дүниеде жақсы мамандықтар көп, Әр мамандықтың өзіндік тартымдылығы бар.
Мен өзіме керек мамандықты таңдадым!
Мен таңдаған мамандық педагог-психолог. Оқуымды бітіріп, дипломды қолыма алғаннан кейін, мектепке дейінгі ұйымда мамандығым бойынша қызмет жасауға бел байладым. Балалық шақ әлемі таңғажайып, ерекше сиқырға толы бөлек әлем. Әр адамның өз бақыты бар және ол сан алуан көрсеткіштерден тұрады. Ал өзім үшін ең маңызды құрамдас бөлігі-таңдаған мамандығымда.
Мамандық-әрбір адамның беріліп, ұнатып жасайтын кәсібі болғандықтан мамандықты таңдау өмірдегі ең маңызды шешімді қабылдау екенін түсіндім. Әр адам өмірде басқа нәрседен қателессе де мамандық таңдаудан қателеспеу керек екендігін білдім. Мамандық таңдау арқылы, біз өз болашағымызды жасайды екенбіз. Мамандықты дұрыс таңдай білу ол өз өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау екендігін ұқтым. Менің ойымша адам өз жүрегі, жаны қалайтын, өзінің ынта-жігерін арттыратын, қызығушылығын ұлғайтатын мамандықты таңдау керек. Сол сияқты менің таңдауым балалық шағымда дәрігер болды. Бірақ, өсе келе арманым мен ойымның өзгергендігін байқадым. Уақыт өте сансыз мүмкіндіктер ашылып, өзім дәрігер емес педагог-психолог болуды ұйғардым. Қазіргі таңда кәсібіме сәйкес мен адамдарға көмектесе алатыныма қатты қуаныштымын. Өзімді жас, жігерлі, көңілді сезіне отырып, балалардың әрқайсысына өзімнің махаббаттымды сыйлай алатыныма қуанамын. Балабақша менің екінші үйім. Осы үйімдегі балаларымның жүзінен таңданыс, ризашылық, махаббат пен қуаныш күлкілері жайнап тұрғанын көріп сезіну мен үшін өте үлкен бақыт. Мен олармен қарым-қатынасты қуанышпен күтемін, ерекше бір сезіммен дайындаламын, оны әр бала үшін көңілді, қызықты және есте қаларлық етіп жасауға тырысамын. Бұл менің еңбегімнің үлкен сыйы деп деп білемін. Менің өмірімде кәсіби ізденістер өте көп, бірақ балабақшадағы әрбір бала үшін болмаса, бұл ізденістердің мәні болмас еді. Менің ізденістерім және кәсіби өсуім тек балаларға пайда әкеледі деген мақсатта. Өзіме ұнайтын осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін деп ойлаймын. Өз қызығушылығым мен икемділігімді бағамдай отырып осы мамандыққа тоқталдым.
Өзім қалап келген, қазіргі уақытта өз ісімді сүйіп істей алатын, ерекше мамандығымды мақтан тұтатыныма көзім жетті.
Zansejtovabalzan02@gmail.com
Мықты керемеет
МАҒАН ҰНАДЫ ,СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН
Осындай ісін сүйіп істейтін мамандар көбірек болса екен.
Сәттілік! Асқақ арман иегері болғайсыз!
Шығармашылық жетістіктер тілеймін.
Сәттілік,алға!
Сәттілік тілеймін, керемет
Ісіңізге сәттілік!
Перизат сен жаксы маманның ,тек алға.
Перизат сен жаксы маманның ,тек алға. Саған тек биік шың тілеймін.
Жұмысын жемісті болсын!
Оз исинин маманы, керемет👍
Берекели болсын кушти тек алга
керемет, жарайсыз!
Gulden1111@bk.ru
Оте кушти психолог 🙌🏻
Керемет 👍
Оте унады, жарайсыз!
Кушти психолог Перизат Темиртасовна !
Еңбегіннің жемісін көр
zelnara@mail.ru. Жақсы психолог.
Іске сәттілік, жұмысыңыз жемісті болсын
Керемет биктерден корине бер
Еңбегіңіздің жақсылығын көре беріңіз
Керемет 👍👍👍
Алға биіктерден көрейк
Өте керемет жазылған. Әрқашан биіктен көріне беріңіз. Тамаша.
Мықты жас мамае
Жарайсын👍👍👍
Жарайсың Пери
Жарайсыз Перизат Темиртасовна 👍 мықты
Тек кана алга
Мықты психолог
👍👍тек алға
👍👍ісіне сәттілік👍
Перизат Темирқызы, жас мамаман. Бірақ өте шығармашылық маман.Сәттілік сізге.
Өміріңде үкен жетістіктер молынан болсын!