Home » Мақалалар » Мамандығым-менің  тағдырым

Мамандығым-менің  тағдырым

Шайхиева Назира Асановна,                                                   
Астана қаласы әкімд
ігінің
№77 «Қошақан» балабақшасы тәрбиешісі

  Мамандығым-менің  тағдырым

«Мамандығым-менің  тағдырым» деп айтуымда бір сыр бар десем артық айтпас едім.Тіптім кейде күлкім келеді….Мен бала кезімде, өскенде кім боласың десе, мен өскенде тәрбиеші боламын дейтінмін. Неге тәрбиеші неге мұғалім емес дегендерге, печенье жейсің түсте ұйықтайсың деп айтушы едім, бала екем…   Осылайша  мектепті бітірген соң, Тараз қаласындағы Абай атындағы педучилищеге бастауыш мұғаліміне құжат тапсырып, орын болмай аппелациямен тәрбиеші мамандығына оқуға  түстім. Тағдыр деген осы екен. Осылайша  практикада жүріп осы мамандықты жаныммен сүйе бастадым. «Бала- бал тілі» олардың еркелігі  қызықтыра бастады. Кейін оқу бітіріп тұрмысқа шықтым. 1995 жылдары болатын ауылда  балабақша  жабылып, мектепке  бастауыш сыныптарына мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Осылайша ұстаздық жолға түстім. Жүре келе тағдыр тәлкегімен қоныс аударып, мектепте орын болмай, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында «Ертөстік» балабақшасына жұмысқа тұрдым.  Өте керемет ұжыммен тәрбиешілік жұмысты бастадым. Меңгеруші мені мектепалды топқа тәрбиеші  етіп отырғызды. Онда  «Жыл тәрбиешісі- 2013» байқауына қатыстым .Тәрбиеші деген адамның сегіз қырымен , бір сырын ашады деген рас. Байқауда тәрбиеші өзінің  білімін, баланы дамытуға бір әдісті тәжірибемен бөлісу ол қайталанбайтын көлемді болуы  және сонымен қатар ән салу немесе би билеу, мәнерлеп өлең оқу сынды қасиетті тәрбиешінің бойынан көрсету керек деген талап болды. Осы басты бөлім есімде қалыпты. Мүмкін күлкілі де шығар.  Осы байқауда қолдан 2х2 метрлік саусақ маторикасына арналған табиғатты бейнелейтін кілемше жасап сол байқауда ән салып, өзімде байқамаған қырларымды аштым. Менің түсінгенім бұл салада тәрбиеші болып келген жас маман, кішкентай балапан сияқты болады. Өзіне сенімсіздік қорқақтау  болады. Себебі тәрбиеші болу алдыңдағы 30 балаға жауаптысың, оның 30 анасы, 30 әжесі немесе 30 атасы болады. Ол адамдардың тілін таба білу үшін тәрбиеші әр уақытта жақсы психолог болуы тиіс. Менің еңбек жолымда ұққаным, бұл мамандықпен жұмыс жасау үшін тәрбиеші бойында мейірімді ана, үлгілі  ұстаз, жақсы психолог, шығармашыл, үздік актер  қасиеттері табылу керек. Осының бәрін тек бір байқауда тәрбиеші бойынан таба білген менің ең алғашқы меңгерушім У.Н Тастанова.  Және менің бір топта бірге жұмыс жасаған осы еңбек жолындағы 1ші әріптесім Г.І,Көдекова болатын. Сол байқау менің бағымды ашқан байқау болды.Сол  жылы   аудан басшыларына балабақша әдіскері  міндетті түрде мектепке дейінгі  тәрбиемен оқытуды күндізгі бөлімде оқыған болу керек деген талап түсті. Осылайша мен әдіскер болдым. Сонымен қызығы мен шыжығы көп әдіскерлік жұмысым басталып кетті. Осылайша 8жыл әдіскерлік қызметті атқардым. І санатты әдіскерлік біліктілікті алдым. Осы салада жүріп бірнеше журналға тәжірибеммен бөлісіп , мақалаларым жарық көрді. Білім министрінен алғыс хатта алдым. Республикалық , облыстық, аудандық байқауларға қатысып грамота, дипломдармен марапатталдым..  Егер шынымды айтсам , маған әдіскерліктен тәрбиеші болып жұмыс жасау  жаныма жақын екенін сезіндім.

 

Мен үшін «тәрбиеші» — бұл өмір, менің философиям.. Мен осы «алғыссыз» мамандықты таңдаудан тайдыруға тырысқан қаншама қиындықтарға қарамастан, мен осы мамандықта жұмыс істеп, өмір сүріп жатырмын. Бұл салада баламен энергия бөлісесің, баламен балаша ойнайсың, балаша күлесің. Арада бірнеше жылдар өткен соң отбасылық жағдаймен Тараздан  Астанаға келдім. Осы  №77 «Қошақан» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым.

Бұл Астана үлкен қала. Басқа ата-ана, басқа орта болғанмен балалар сол балалар, кіршіксіз  көңілді бала жиналды.Кіп-кішкентай 3-4 жастағы тілі енді шыққан тәтті балапандармен  жұмысым жүріп жатты. Менің жан жүрегіме балаларды еркелетіп , тәрбиелеу ұнайды. Баламен  жұмыс жасасаң жан дүниеңдегі, жеке басыңдағы қиыншылықты ұмыттырады. Балабақша есігін аттап кіргенде топтың тазалығынан бастап балалар үшін жұмыс жасайсың. Бала үшін түрлі орталықтар жасаймыз. Тәрбиеші- деген 30 баланы тумай тапқан, бір уақытта 30 баланы  оқытып, бір уақытта киіндіріп, бір уақытта тамақтандырып, бір уақытта ән жаттатып, бір уақытта ұйықтатып, бір уақытта тұрғыза білетін маман. Менің тағдырымның бір бөлшегі. Әсіресе осы мамандықтың ең қасиеті ең тәтті жері не десе….? Мен ұйқыдағы баланың тәтті иісі деп айтар едім. Әр тәрбиеленуші үшін жаның шырылдайтын, кейде өз анасынан қызғанатын кезіңде болады. Бақшаны бітіріп кетіп жатқан бүлдіршінді қызғанып,  «Балабақшамен қоштасуда» қимай көзге жас  алған кезіңде болады. Бала деген тәтті тілімен еш арамдықты, алдауды білмейтін періште. Осылайша Астанада мен сүйікті мамандығыммен жұмыс жасап жатырмын.  Менің айтпағым, кез келген тәрбиеші жас  маман келгенде 3 жылға дейінге еңбек өтілі  бар кез келген маман қабілетін ашу үшін,  балабақша ішінде қызықты байқауды жас  мамандар арасында өткізе отырып, өздері байқамаған  қырларын аша білуге болады. «Егер педагогта тек өз ісіне деген сүйіспеншілік болса, ол жақсы тәрбиеші  болады. Неге екені белгісіз, жас тәрбиешілер  өз еңбегі үшін үнемі алғыс күтеді, бірақ бұл дұрыс па?

-Менің пікіріммен келісермедіңіз?-Сіз  не дейсіз оқырман?

 

41 комментарий

  1. Керемет апке! Еңбегіңіз жансын!

  2. Қандай тамаша???. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз???

  3. Керемет жеше, еңбегіңіз бағаланып, әрі қарай да осындай алдыңғы қатарлы маман болып жүре беріңіз

  4. Керемет, Назира апай! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Тек биік шыңдардан көріне беріңіз ??

  5. Назира Асанова өз маманының шебері!!!! Керемт тәрбиеші ??????

  6. Оте керемет Назира Асановна . Сиз биздин мактанышымызсыз. Дети вас обожают , про вас можно сказать Профессионал своего дела

  7. Керемет ?.

  8. Назира Асановна, керемет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Тәрбие және білім бергеніңіз үшін рахмет! ???

  9. Сіз керемет тәрбиешісіз .Өз ісіңіздің нағыз маманысыз.Балаларды жақсы көретініңіз қатты байқалады.

  10. Өз ісінің майталманы,шебер тәрбиешісіз, Сізден үлгі алар жас мамандар көп болсын!!!

  11. Бахтыгуль

    Назира Асановна керемет тәрбиеші көңілді ақылды және білімді сізге сәттілік тилеймін

  12. Керемет Ұлағатты Ұстаз

  13. Анар Абайқызы

    Назира Асанқызы ең мейірімді білікті тәрбиеші?? Еңбегіңіз ақталып, тек биік белестерді бағындыра беріңіз??

  14. Биздин алтын апайымыз, биик белестерден корине бериниз.

  15. Назира Асановна “Қошақан” бала-бақшасындағы тәрбиешіміз. Аналық мейірімін төге отыра, балаларымыздың жақсы азамат болып өсуіге барын салып жүрген маман.
    Назира Асановна, еңбегіңіз жана берсін! Алғысымыз шексіз!

  16. Елеусизова Райхан Сейтжановна

    Назира Асановна, Воспитатель с большой буквы. Грамотный специалист своего дела, любящая детей, очень легко находит общий язык не только с детьми, но и с их родителями. Удачи вам на жизненном пути, творческих успехов.

  17. Назира Асановна білімді маман, көркем мінезді апай

  18. Назеш, жарайсың! Сен өте мықты әрі еңбекқор адамсың ғой??? Еңбегің жемісті болсын!

  19. Баршакул

    Назира Асановна өз ісінің шебері.Балалармен жүргізіп жатқан жұмыстары керемет.Тек қана сәттілік серігің болсын деп тілеймін

  20. Сандуғаш

    Назира Асанқызы өз ісінің нағыз маманы. Еңбегіңіз елене берсін.

  21. Назира Асановна білімді, білікті маман, өз ісін адал атқарады, жарайсыз???

  22. КЕРЕМЕТ. СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН. ЕҢБЕГІҢІЗДІҢ ЖЕМІСІН КӨРІҢІЗ. БИІКТЕРДЕН КӨРІНЕ БЕРІҢІЗ. ТЕК АЛҒА. ?

  23. Назира Асановна самая лучшая ??

  24. Назира Асанқызы керемет білімді тәрбиеші, балалар сыйлайды, жақсы көреді, нағыз өз ісінің мықты маманы ! Алғысым шексіз! Биіктерден көріне беріңіз !

  25. Феруза Ертөстік

    Керемет кісі Назира апке! Мінезі ғажап, сөйлеу мәнері адамды баурап алатын табиғаты ерекше тұлға. Өз маманының иесі, бізге көп тәжірибе берген

  26. Өмірде сүйікті ісіңді табу — үлкен бақыт. Автордың сөзі де шын, сезімі де шынайы. Мен оның еңбегінің куәсімін. Әлі де талай белестерді бағындыруыңа тілектеспін.

  27. Тек алға, жетістікке жете беріңіз

  28. Барлық бала тәрбиесіндегі адамдардың пікірі сіздікіндей болса ғой. Керемет таңдау. Еңбегіңіз еленіп биіктен көрініңіз. Тәрбиеленушілеріңіз сізді бағалап, бас июге тұрарлық адамсыз

  29. Назира апай , керемет жүрегі кең , нағыз өз мамандығының шебері . Бала тәрбиесіне дегенде жанын беретін жан !

  30. Өзінің маманын сүйгкн адам ғана өмірін қызықты мәнді өткәзе алатынын ұмытпаңыздар

  31. Апа сіз ең керемет апасыз, сәтті лік

  32. Апа сіз ең керемет апасыз, сәтті лік

  33. Назира тәте тек алға,сіз балалардың тілін тез табатын ең жақсы тәрбиеші ?

  34. Жетістікке жете беріңіз

  35. Шығарманың сыйы таусылмасын. Алла қаласа оқырманға ой салар керемет мақала екен

  36. Нұржамал

    Назира Асанқызы сіздің бұл 1шіде соңғыда мақалаңыз емес екендігін бірі білсе, бірі білмес, бірақ менің білуімше бұған дейінде әдістемелін құралыңыз, әр түрлі Республикалық баспада мақалаңыз жарық көргенін білеміз. Талай әріптес ретінде көмегіңізде тиді. Сіз өз ісіңіздің маманысыз. Мен сізді силаймын. Біліміңізге бас ием

  37. Назира Асанқызы шығарма жазар сияңыз таусылмасын. Сіз туа біткен әдіскер тұлғасыз сізді үлгі тұтып үйренерім көп деп толық айта алам

  38. Назира Асанқызы сіздің мақалаңызбы оқып сізлей апайымыз болғанына алғысым шексіз. Барған жерде тәрбиеші туралы жаман пікір естісем жоқ біздің апай ерекше тұлға, өз ісінің маманы деп мақтанам. Сіздей болса баолық педагог шіркін. Ұлымның сіздей ұстазы болғанын тілеймін мектепте

  39. Назира Асанкызы сиздин билимди де биликти маман екенизди бурыннан билемиз. Сиз бизге коп комек бердиниз. Изденистин устинде журесиз. Бизге уйретуден жалыкпадыныз. Сизден коп нарсе уйрендик. Ракмет сизге. Енбегиниз жана берсин, бииктен корине бериниз. Сиздей билимди , биликти мамандар кобейе берсин. Биз сизбен мактанамыз.

  40. Керемет тамаша!Еңбегінің жемісін көріңіз.

  41. Урккуль Намазовна

    Назира Асанқызы сен нағыз мектепке дейінгі тәрбиенің мамандығын меңгерген ұстазсың, сенің осындай биік белестерге жеткен сайын мен шын жүректен қуанамын, тәрбиелеп отырған балапандар олар періштелер,сол періштелердің шапағаты тиеберсін, еңбегің жанып,жазған мақалаң керемет шынайы ,күнделікті жұмыс күніңнің басталуымен, осындай мамандықты меңгергенің туралы айтып,баяндап отырсың таза өзіңнің еңбегің,алдағы уақытта осы жұмысыңды жалғастыратыңа мен толықтай сенемін,сенің бастаған жұмысыңды аяқтамай қоймайтын қайсар мінезің, берілген тапсырманы, нұсқауларды екетпей орындауың осындай дәрежеге жетуіңе жетектейді сені. Тек қана алдыға!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.