Аширбекова Рабига Амандыковна,
Астана қаласы әкімдігінің
№77 «Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі
Мен тәрбиешімін
Бұл мамандыққа әуелде өз балаларымды балабақшаға орналастыру үшін келгенмін…
Қазір балаларым мектепте, ал мен үшін бұл балабақша сүйікті, жаныма жақын ортам болып қалды. Қазір тәрбиеші болғанымды мақтан тұтамын. Себебі, балабақша шынайы көңілдің иесі балалардың ордасы. Олар шынайы қуанса — қуанып, жыласа-жаның ауырып, еркелегенде еміреніп, бауырыңа басқан кезде еріксіз олармен бірге шынайы сезімді бастан кешесің. Бала жаны пәк, періштедей көңілдері таза, осындай ортада жұмыс жасап жүргенімді мақтан етемін.
Әр мамандықтың өз қиындығы және өз қызығы бар дегендей, мен тәрбиеші болғаныма өте қуаныштымын. Тәрбиеші мамандығы күрделі де, қызықты, жауапты мамандық. Себебі біз балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығына, тәрбие мен білім алуына жауап береміз. Балалар- біздің ертеңгі болашағымыз.
Жұмысқа келе жатқанда ойыңды мазалаған сан сұрақтар балабақша ауласына кірген сәттен-ақ жоқ болып кетеді, Алдымнан мені ерке, тәтті қылықты балаларым күтіп тұрады. Таңертең балаларды қабылдауда ата-ананың баласын саған сеніп қалдыруы өзіме күш жігер сыйлайды. Сол сенімді ақтау үшін де бар жігерімді салып балалардың күнін қызықты өткізуге тырысамын. Алдымызға келген әрбір бала бір — бір үйдің еркесі, бірі тұңғышы, бірі жалғыз баласы дегендей әр баланың көңілін тауып, әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, олармен тілдесе алу, олардың бір-бірімен достасып кетуіне үлесіңді қосу үлкен бір ғанибет. Ақ қағаз бетіне жазу жазғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп білім өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.
Өйткені бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы, көзін ашып тұнығына қону үшін қаншама еңбекпен тер төгу керек. Балалардың ана тілінде әдемі сөйлеп, өз ойын еркін жеткізуге баулу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту- тәрбиешінің басты мақсаттарының бірі. Қазіргі стандарттың талабына сай балаларды ойната отырып оның санасына білімді қызықты, есте сақтап қалатындай етіп білім нәрімен сусындату да біздің талмай еңбек етуіміздің арқасында жүзеге асып келеді. Ойын арқылы балаға тәрбие, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылығын шыңдау барысында, балаларға қызықты ойындар ұйымдастырамын деп ізденістің үстінде жүріп балалармен бірге өзімнің де шығармашылығым, қызығушылығы дамып келеді.
Балалармен жұмыс жасау үлкен бақыт, бала ғана алаңдамай мейірімділікке сенеді. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бірғана сөзбен айтып қоймай, бар жүрегімен, ынтасы мен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Кейде үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізсем әр баланың үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері, олармен ойнаған сәттердегі күлкілері менің шаршағанымды басады екен. Демек, әр күнімнің босқа өтпегені деп қуанам… Бала – өмірдің гүлі. Сол гүлдер шынайылықпен бапталған кезде ғана жайқалып өседі. Менің мамандығым әркез маңызды, қажетті мамандық болғандықтан өзімнің тәрбиеші болғанымды мақтан етемін. Болашақ балаларымыз Тәуелсіз еліміздің білімді, тәрбиелі, талапты азамат-азаматшасы болып өсуіне өз үлесімді қосып жатқаныма ризамын. Мамандығым әркез менің мақтанышым!
Рабиға Амандыққызы тәжірибелі тәрбиеші.Өз ісіне жауапты, ізденімпаз , жаңашылдыққа ұмтылып, білімін, біліктілігін үнемі жетілдіріп жүреді.Оқыту әдістемелерін жетік меңгерген.Бала жүрегіне жол таба білген жан.Бала жанының бағбаны десе де болады.Рабиға Амандыққызына еңбекте табыс тілеймін!
Все отлично!
Өз ісінің маманы!
Сегіз қырлы бір сырлы өнерлі тәрбиеші Рабиға
Балаларымызды тәрбиелеуге көмектескеніңіз үшін рахмет. Сіз оларға өмірдегі ең маңызды нәрселерді үйретесіз. Сізбен бірге балалар достасуды, армандауды және әлемді білуді үйренеді. Сіз балалардың бойындағы таланттарды ашып, олардың дамуына көмектесесіз. Балаларымызға деген шынайы сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз бен көңіліңіз үшін рахмет.
Өте жақсы маман 👍🏻
Өз ісінің маманы, керемет тәрбиеші!!!
Білікті маман өз жұмысының
Рабиға Амандыққызы өз ісінің шебері👍
Рабиға жарайсың, жемісін көре бер!
Ен мықты тәрбиеші!
Рабиға білікті маман көңілді тәрбиеші жұмысын жақсы атқарады жұмысының жемісін көрсін
Қошақан балабақшасының біліктілігі жоғарғы тәрбиешісі Рабиға апай. Адал еңбегіңіз жана берсін 🌷🌷🌷
Тамаша тәрбиеші👍
Ісіңізге сәттілік
Жаксы маман
Керемет!!! Бала тәрбиесі өте мәртебелі іс!!! Ісіңіздің жемісін көріңіз!!!
Керемет Ұрпақ тәрбиелеу ол ұлтты тәрбиелеу тәрбие бала бақшадан басаталады ісіңізге сәттілік.
Рабига апай керемет жан. Оз маманнын шебери. Балаларды аркашан Кен журегимен карсы алады. Ар турли ойындар Мен Ис-шаралар откизеди. Балалар балабакшага жаксы клеил куймен барады
Рабига апай кен пейилди.билимди.тарбиели.оз исинин маманы.Балаларымызды жан жакты дамуына аянбай енбек етип келудеКунде жана жана ойындар уйымдастырып балалардын кызыгушылыгын арттыруда.Мын алгыс сизге Рабига Амандыковна.
Керемет! Ел боламын десен бесігіңді тузе деген атам қазақ! Деседе Рабиға апайда баламыздың тәрбиесі, білімі және ұлттық құндылықтарды дұрыс дәріптеп жатқанына еш кумәнім жоқ! Қолыңыздан саналы және салиқалы ұрпақ ұша берсін!
Өз ісінің білікті маманы👍🏻👍🏻👍🏻
Өз ісінің маманы 👍
Жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол өз ісінің маманы. Жұмысыңызға сәттілік!
Білікті маман! Жақсы тәрбиеші! Ризамыз!
Рабига Амандыковна, большое спасибо вам за ваш благородный труда, вы настоящий профессиональным своего дела.
Рабия өз жұмысын жауапкершілікпен қарап жүргізеді керемет
Рабиға Амандыққызы керемет тәрбиеші! Жарайсыз тек алға,сізден тәлім тәрбие алған ұрпақ білімді әйгілі Еліміздің танымал тұлғалары болсын! Тек алға!
Грамотный и ответственный педагог.👍
Рабиға Амандыковна өз ісінің маманы, жауапкершілігі мол тәрбиеші, біліктілігі жоғары модератор, өте тәрбиелі. Сізге зор денсаулық, жұмысыңызға ары қарай да шығармашылық табыстар тілеймін
Жарайсыз Рабиға😘тек ғана алға✊өз ісіңіздің нағыз маманысыз,ризамыз сізге✊👍👌🤗🥰❤️
Рабиға апай,өте керемет маман иесі.
Сізге көп рахмет
Тек алға!Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз❤️❤️❤️
Сәлеметсіздер ме Рабиға апай жақсы кісі ісіне ұқыпты білікті маман