Home » Мақалалар »  Балаларды ойын арқылы  дамыту

 Балаларды ойын арқылы  дамыту

 Жамбозова Маржан Тектурмасовна
Астана қаласы әкімдігінің
№77«Қошақан» балабақшасы                                                                                          

 Балаларды ойын арқылы  дамыту

 

Ойын бала өмірінде ерекше құбылысқа толы таң ғажайып көрініс сол арқылы баланың қиялы шығармашылығы, таланты, ой-өрісі, сөздік қоры, белсенділігі осы ойын үстінде танытып жатады. Ойын түрінде қай ақын, жазушылардың сөздерін алып қарасақта ойынның бала үшін ең тиімді екенін көрсете білген. Сондықтанда мектепке дейінгі баланың іс-әрекеттердің барлығы ойын түрінде ұйымдастырады. Ойынның түрлері өте көп соның ішіндегі бүгінгі тоқталып өтетін ойындарымның бірі педагог жетекшілігімен, құрылымдалған, еркін ойын түрлері болып табылады. Бұл ойындардың ерекшелігі баланың даму деңгейіне өте тиімді ойындардың бірі. Сондықтанда мен өз тәжірибемде осы үш ойынның түрін ұйымдастырған іс әрекетте қызметінде қарастырып өттім. Бірақта ойынның  қай түрін алып қарамасақта баланың жас ерекшелігіне ерекше тоқталып өтіп сол балаларға арналған ойындарды ұйымдастыра білу керек деп санаймын.Себебі ойынды ұйымдастырмас бұрын арнайы мақсат құрып сол мақсатқа қарай баланың ойын үстіндегі іс әрекеттерін бағалай отырып күтілетін нәтижеге қол жеткізе білді ме сол жағын қарастыру. Сондықтанда мен апталық тақырыпқа байланысты «Коммуникативтік дағдылар» «Сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша «Күз сыйы» тақырыпты ертеңгілік откіздім. Ұйымдастырған оқу қызметін ұйымдастыру үшін балаларды «Шаттық шеңбер»әдісі  арқылы жағымды көңіл күйлерін көтеріп,ойынға деген белсенділіктерін арттыру арқылы бала үні тыңдай отырып тақырыпқа сай педагог жетекшілігімен жүргізетін ойынды ұйымдастырдым. Бұл ойынға мен «Сыйқырлы қапшықты» ұсындым ойынды ұсыну барысында сипап сезу барысында саралау ресурстарды қолдана отырып балалардың тапқырлығын, мұқияттылығын байқатта алса, миға шабул әдісін қолдану барысында дұрыс жауабын таба білуге, ойынға деген қызығушылығын сезірттсе, сыни тұрғысынан сенімділікпен жауап бере білгенін осы ойын үстінде ерекше байқалды. Бұл ойындағы Бала үні жақсы қалыптасты,өйткені бала үшін ең тиімді  болғаны қаптағы ойыншықтарды сипап сезу арқылы тауып өз ойларын ашық түрде жеткізіп, өз белсендіктерін таныттып,ойын үстінде  командада жұмыс істей білу дағдылары қалыптасты. Педагогтың рөлі: педагог ойынға қажетті материалдармен балаларды қамтамасыз етіп, ойынды бастап береді; ойын барысында ережесімен таныстырып,ойынды жеңілтетеді, тікелей бақылау жасайды. Ұйымдастырған оқу іс әрекетінде құрылымдалған ойынды алып қарастырдым.Бұл ойынның педагог жетекшілігімен жүргізетін ойынға қарағанда біраз күрделі себебі педагог балаларға ойынға қажетті ресурстар дайындап, ойынның ережесін түсіндіріп , жалпылама бақылау жасап тұрады. Егер бала көмек сұраған кезде ғана педагог көмек көрсете біледі. Бұл ойынға мен балаларға « Көдіктер қайда жүреді» суреттерді орналастыр» яғни үстел үсті ойынның қарастырдым.Осы ойында балалардың   креативтілікшығармашылыққа деген қабілеттілік байқай отырып  жаңа нәрсені жасау мүмкіндігідік бердім осы арқылы бала үні әдісін байдалана отырып жыл мезгілінің ерекшеліктерін аңғартым, «әлпеншек балалар бір біріне сұрақ қоя отырып ойының ерекшеліктерін талдай алса, саралау тәсілі  арқылы берілген тапсырманың шешімін таба білді.

Рефлекция «табысты ағаш» әдісінің көмегімен қандай ойын ойнағандарын, жыл мезгілінің қайсысына тоқталғандары жайында айтып берді.Ұйымдастырылған іс әрекетінде құрылымдалған ойынның тиімді жері Салыстыру әдісі  арқылы жыл мезгілінің бір біріне ұқсамайтын ерекшеліктері жайында, топтау әдісі арқылы күз  белгілерін бір жерге топтастыра отырса, тиімсіз жері кейбір бала берілген тапсырмаға мұқиятсыз, жауапкершілікпен қарамауы болды. Педагогтың ролі ресурстарды дайындау, жалпылама бақылау жасау, ойынды бастап береді. Альберт Эйнштейн:«Ойын балалар таңдаған әр түрлі іс-шараларды, ойын-сауық түрлерін қамтып, балалардың назарын, қызығушылығын арттыруға арналған үдеріс. Ойын – зерттеудің ең жоғары формасы» деген екен сондықтанда бала үшін еркін ойын ерекше қажет ететін ойындардың бірі. Еркін ойынды ұйымдастырған оқу үрдісінде қолдана алмаймыз. Себебі еркін ойында баланың ойынға қанық болу керек яғни өзінің қалағанын ойнай білу керек. Сол ойынның шешімінде бала өзі шеше  алу қажет. Сондықтанда еркін ойынды бақылай отырып балалардың таңдаған ойыны сюжетті-ролдік ойын «Дүкен» болды. Бұл ойында балалар жеміс пен көкөністерді  ала отырып салыстыру әдісі арқылы қайсы жеміс, қайсы көкөніс екендерін және байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артыр түссе, бала үні арқылы бір бірімен қарым қатынастары,сұрақ жауап әдісі барысында сөздік қорларынның дамуына, көңіл күй әдістері арқылы ойын үстінде жағымды көңіл күйлердін жетілуін аңғарумызға болады. Тиімді тұстары: коммуникативтілік — қарым-қатынас жасауы, сөздік қорының  жетілуін байқауға баолады. Тиімсіз болғаны балалар ойындағы басты кейіпкердің роліне таласуы ал  еркін ойында педагогтың ролі педагог баланы бақылап, жанама жетекшілік етеді, ойын кезінде педагог кеңістікті ұйымдастырады. Ойын түрлерін тәжірибеде тиімді қолдану үшін  алдыға қойған мақсатқа жетіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін ойын үстінде жетілдіріп дұрыс бағытта жүргізуіне ықпал еттім. Сондықтанда мен ұйымдастырған оқу қызметінде ұйымдастырған ойынның үш түрін қолдану үшін педагог және балалар үшін ең тиімді болғаны қазіргі заманның талабына сай инновациялық технологиялар әдістерін тиімді пайдалану, бала үні арқылы балалардың ой-өрістерін ,4К моделі арқылы шығармашылыққа, сыни тұрғысынан ойлай білуге, ойын үстінде командада жұмыс істей білу , бір-бірімен келісе білу, сараланған ресурстар арқылы баланың белсенділіктерін, ұйымшылдықтарын ойын үстінде  дамыту мен үшін ең тиімді тұсы болды. Келешекте мен осы курстан алған білімімді өз тәжірибелерімде қолданып, баланың жан –жақты , білімді, саналы ұрпақ болу үшін әр бір ұйымдастырған оқу қызметтегі ойын түрлерін дұрыс бағытта жетілдіріп дамыту қажет деп санаймын.

17 комментариев

  1. Меруерт

    Маржан Тектурмасовна оте мыкты маман, балаларга деген мейиримимен ар баланы озине тез баулап алады. Оз исин даксы кореди. Аркашан кулимдеп балаларды карсы алады. Кушагына алып оз анасы сиякты уатады. Енбегиниз Жана берсин😘🌹🌹🌹

  2. Керемет тәрбиеші, баланы жан-тәнімен түсінеді, Сізге мың алғыс💐

  3. Тамаша мақала, іске сәт!

  4. Райхан Сейтжановна Елеусизова

    МАРЖАН ТЕКТУРМАСОВНА, жақ маман. Өз жұмысына беріктік, балалармен де, ата арналармен де тіл табыстарының маман. Жұмысыңыз алға баса берсін.

  5. Өте мейірімді, балаларды жақсы көреді

  6. Рабиға Райкулова

    Маржан Тектурмасовна өте мейірімды тәрбиеші. Балаларды жақсы түсінеді, өз ісінің шебері. Сізге алдағы уақыттарда да сол шығармашылық табыс тилеймін

  7. Маржан Тектурмасовнага алгысымыз шексиз! Жумысынызга тек саттилик тилеймиз!

  8. Керемет тәрбиеші!

  9. Керемет !!! Жумысыныз жемисти болсын 🙏

  10. Удачи Маржан

  11. majra.76@mail.ru

  12. Сәттілік Маржан!

  13. Енбегиниздин жемисин кориниз!!!

  14. Сәттілік🥰

  15. Дидар Алимовна

    Маржан,керемет

  16. Армысыздар? Балаға екінші Ана болып жүрген сізге мыңда бір рахмет!

  17. Назерке

    Шығармашылық табыс,еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
    Балалардың әрқайсысының тілін табу,ата-аналарымен тіл табысу, тәрбиешінің білікті болуы ,сіз соған лайықты сияқтысыз,тәрбиеленушілеріңіз үмітіңізді ақтасын!
    Астана қаласынан әріптесіңіз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.