Home » Мақалалар » Қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді әдістері

Қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді әдістері

Забирова Замзагуль Сапаралиевна
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Қ.Сатбаев атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 

«Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі Отаyсүйгіш мұғалім ғана лайықты  ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек» — деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі таңда жас ұрпақты жаңашылдықпен дамытып, білім беріп, тәрбие нәрімен сусындандыру бүгінгі күннің ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен кезек күттірмес жауапты іс болып отыр.

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды.

Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, ал мұғалім олардың білімін қамтамасыз етіп, мектептегі оқу үрдісін әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашы-лық қабілетін дамытып, ғылыми көз қарасымен белсенділігін арттырады.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа 21 ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып тұр. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Сондықтан да, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда.

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан қазіргі ақпараттық ғаламдастыру дәуіріне сай білім беру барысында оқушыны жан-жақты жетілдіру,  ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру ерекше назар аударылуда.

Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық техналогияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық техналогияны пайдалану тірек-сигналдар техналогиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, модульдік оқыту тағы басқа қайсысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны біліммен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Тілді оқытып үйретудің сапасын арттыру әр-түрлі жағдайларға байланысты. Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылғын аттыру. Қазақ тілінде сөйлеп, сауатты жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын таныту, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіз егемен еліміздің әлемдік өркениетке жетудің сара да ,даражолы –оның білім жүйесі. Білім жасын жетілдіруде  мұғалім рөлі ерекше болмақ.

Ал білімнің сапалы берілуі – ұстаздың біліміне, ізденісіне, оқытудағы жаңа заманауи технологияларды сабақ барысында  мол шеберлікпен , шығармашылықпен жеткізуіне байла-нысты Мұғалім оқытудыңәр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн. Оқыту техналогиялары оқу процессіне, сабақ түріне байланысты: проблемалық оқыту, ойынарқылы оқыту, тірек сигнал арқылы оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялықоқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.

Инновациялық заманауи жаңа технологияларды сабақ барысында қолданудың мақсаты – пәнді жан-жақты түсіну қабілетін дамыту болып саналады. Сонымен бірге  оқушылар білімдерін кез келген ортада қолдана алады, іске жаратады деп ойлаймын.

Оқытудың жаңа техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Тыңдаушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық  белсенділігін арттыруда бұл әдістер оқушылардың орфографиялық, лексикалық дағдыларын қалыптастырады.

Негізінен репродуктивтік  және продуктивтік әдістердің орны ерекше.

Аталған  әдістерге  қысқаша түсінік беріп тоқталсақ:

Репродуктивтік әдістер – Репродуктивтік немесе көшірмелік әдіс арқылы мұғалім оқушыларға даяр білім мазмұнын жеткізеді. Дайын көркем шығарма мәтінін оқу, түрлі талдаулар жасап, тапсырмалар орындау жұмыстары репродуктивтік әдіс арқылы жүзеге асырылады.

Десек те, репродуктивтік әдісті догматикалық қатып қалған әдіс деп түсінбеу керек. Әдебиеттен меңгертілуі тиіс көркем туындылардың мәтіні,өлең,кейіпкердің сөздері, драмалық туынды кейіпкерлерінің сөздері – барлығы механикалық түрде жаттандылықты талап ететін сипаттағы оқу материалы болып саналады.

Сонымен бірге көркем шығарманы талдау барысы да даяр мәтін бойынша жүргізілетіні  белгілі. Оқушыларың ойлауын дамытуда көркем шыарманың даяр мәтінін пайдалана отырып, мұғалім түрлі проблемалық жағдаяттарды тауып, оқушылардың шығарманы саналы меңгеруіне керекті жұмыстар жүргізеді.

Репродуктивті әдістің тиімді болып табылатын құраушы элементтері яғни мынадай амал-тәсілдерін атап өту орынды: мұғалім сөзі, баяндау, әңгімелеу, мазмұндау шолу дәрістері, хрестоматиядағы көркем шығарма мәтіні, әдеби шығарма мәтіні, әдеби шығарманың түпнұсқасы, сұрақтар тізбесі, виториналар т.б. Сонымен қатар, интерактивтік тақтадан көрсетілетін көрнекіліктер молынан қолданылған дұрыс.

Осы ретте оқушыларға «тәуелсіздік» идеясын жырлаған ақындардың шығармасын талдата отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманының  жүзеге асқан кезі – осы кез екенін, біздің парзымыз – осы еркіндікті сақтау, қорғау, оны болашақ ұрпаққа аманат ету ғана емес, қолына сенімді тапсыру екенін саналылықпен ұғындыру керек.

Ақын  Ш.Сариевқазақ халқының сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігін жырлауға алғашқылардан бірі болып үн қосқан ақын  екендігін мұғалім терең толғаныспен түсіндіре отырып, ақынның өлеңдерін оқыту, талдату, оқушыларға түрлі жетекшілік сұрақтар қоя отырып,өлеңдеріндегі басты лейтмотивті меңгерту міндетін шешуі керек.

Продуктивтік әдістер– оқушының әдеби шығармаларды оқып, меңгеруі барысындағы жаңашылдыққа ұмтылысын ынталандыратын, өзгеріске толы заманның ағымында тез бағдар таба алатын, проблеманы көре алатын және оны шешуге қорықпай, шешім жолын іздеп таба алатын, ерекше және шығармашылыққа толы идеяларды табуына ықпалын тигізетін әдіс.

Продуктивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау ұтқырлығын жетілдіруге болады. Ол үшін көркем мазмұндағы негізгі және тарамдала таралған проблемалық жағдаяттарды іріктеп, оқушыларға ұсына алады немесе бір-екеуін көрсетіп, шығарманың мазмұнынан сондай проблемалық жағдаяттарды оқушылардың өздері табуын тапсырады.

Осы романдағы бір үзіндіні алып, сондағы проблемалық жағдаяттың шиеленіскен тұсын қарастырайық.

«Құдайға шүкір, Нұрдәулеттің жағдайы жаман емес. Әкесі Бабаханға он мың жылқы бітіп еді. Нұрдәулет оны жиырма мыңға жеткізді. Әкесі орта жүз Арғын ішіндегі өз руы Қараманға ғана қожалық етіп еді, бұл өздеріне ең жақын ру Төлекті де қоса билеп отыр.

Әкесі екі әйел алып еді, бұл төртеуін алды. Әкесі бері Ұлытау, әрісі Қарқаралыда болғанын мақтап еді. Бұл кең байтақ қазақдаласының төрт бұрышын кезгенін місе тұтпай, тым алыс Қырым асып, Кавказ басып, ту сонау Меккеге де барды, Түркия, Сирия деген еді бұл өңірде өзге түгіл он мың жылқы айдаған, жал мен жая шайнаған өз әкесі Бабахан да көрген жоқ.

Енді міне Бағдатқа барып келе жатыр. Дүниені шайқап жүр. Ұлы даланың сауырлы бір өңірін билеген атақты бай. Бай ғана емес, би. Орынбор мен Омбының, Мәскеу мен Петербордың шенеуніктерімен, қазақтың зиялыларымен ой жарыстырып, пікір таластырған білімпаз!»

Проблемалық сұрақ: Қазақтың байлары – қазақты дамытушылар болды ма, елді кері кетірушілер болды ма?

Мұғалім оқушылармен бірге мәтінді оқи отырып, осы сұраққа жауапты біртіндеп тауыпалады. Нұрдәулет – бай, іскер қазақтың бейнесін де таныта алады. Нұрдәулет көзі ашық, ағартушылық бағытты қолдайтын, азамат ретінде таныла алады. Нұрдәулет – Ахмет Байтұрсынұлына конституциялық-демократиялық партия құруға қаржылай көмек көрсеткен меценат ретінде танылады т.с.с.

Осындай талдаудағы проблемалық жағдаятты шешу жолы арқылы мұғалім қазақ байларының жағымсыз кейіпкер ретінде суреттелуін біржақтылық яғни, «советтік тапсырыс» болғандығын романнан үзінділер келтіре отырып, айқын дәлелдер арқылы түсіндіре алады.

 Міне осыдан келіп жаңа оқыту технологияларымен ақпараттық технологиялар негізінде оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. Кейінгі оқыту технологияларының негізгі құралы болып отырған мультимедия-құралдары әр түрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі прогрессивті техникалық инновацияларды пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік береді деуге болады. Қорыта айтқанда қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы да саналы білім алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды орынды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» — деп атап көрсеткеніндей, білімді, саналы, дарынды, іскер, ойшыл болашақ ұрпақты даярлауда ең алдымен білім қажет. Жас ұрпақтың рухын оятатын, елін, жерін құметтейтін, мәдени ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.