Home » Мақалалар » Балабақша –бақыт мекені

Балабақша –бақыт мекені

Ерлан Анар Кабдылмаликовна,
Астана қаласы әкімдігі
№61 «Шолпан» балабақшасы
«Сатурн» ортаңғы топ тәрбиешісі

Балабақша –бақыт мекені

Педагогтар- Тәуелсіз елдің  ертеңгі болашағын тәрбиелеушілер. Менде сол педагогтар қатарындамын. Өзім қызмет атқарып келе жатқан балабақша –білім саласының ең нәзік те жауапты баспалдағы.  Қазақ халқы бала тәрбиесіне  ешқашан бейжай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» дегендей, бала тәрбиесі әуелі отбасынан басталатынын жақсы біледі. Баланың отбасынан кейінгі тәрбие мекені – балабақша.
Біздің білім ордасының меңгерушісі З.У.Махашева, әдіскері Г.Б.Кульджанова барлық тәрбиешілері білікті мамандар. Сонымен қатар басқа да қызметкерлердің еңбектерінің де зор екенін айта кеткім келеді. Балабақшада тәрбиеші болу үлкен жауапкершілік .  Сол себепті де тәрбиеші — киелі мамандық деп есептеймін. Тәрбиеші дегеніміз суретші, әртіс, ақылшы, дос және бала жанын бағымдар психолог. Балабақшаға  әртүрлі отбасынан жиналған балалар келеді. Бірі бір үйдің кенжесі, бірі біреудің тұла бойы тұңғышы, бірі жалғызы.
Ауытқуы бар бала болса да балабақша қабырғасында  барлық баламен бірдей білім алып, бірыңғай тәртіпке бағынатын орта.  Балабақшада бала достыққа, татулыққа,  бірін бірі ренжітпеуге, үлкенге құрметпен қарап, кішіні сыйлауға қалыптасады. Баланы жастайынан тұлға ретінде тәрбиелеу, ойнату арқылы білім беріп өмір сүруге деген қабілетін қалыптастыруға еңбек етіп жүрген тәрбиешілердің әр күні бағалы.
Бөбектерге арналған мекемеде бір ғана емес топтағы бар баланың көңілін тауып, күні бойы мейірімге бөлеу, білімді бірге алып жүрудің жауапкершілігі ауыр.  Өте көп энергияны қажет етеді. Заман дамуымен қатар бала тәрбиесі де даму үстінде заманға сай бейімделген балалардың сұранысы да жоғары деңгейде. Баланы балабақшаға бергеннен кейін тәрбиешіге сенім артып ғана қоймай, ата-ананың бала тәрбиесімен күнделікті айналысқаны дұрыс. Қазіргі гипербелсенді балалар тәрбиеші сөзін жақсы түсініп, тез меңгермейді. Сол үшін де  әр балаға әртүрлі тәсіл қолдану керек. Кішкентай бүлдіршіндер өздеріне шын көңілмен қарайтын, қызықтыра алған көңіл күйін сезіне білген адамды жақсы көреді.
Сол үшін де әр тәрбиеші күнделікті  ізденеді, тәжірибе алмасады, өзін-өзі дамытады.
Әр ата-ананы  балаларын балабақшаға берместен бұрын-«тәрбиеші қандай болады екен?»-деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Тек ата-аналарымыз балабақша балаға бас-көз боп қарайтын, еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алады деп қарамаса деймін. Керісінше балабақша ұжымы, тәрбиешісі менің балама білмегенін үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін білімді де білікті маман керемет білім  ордасы деп білуі керек. Және  сенім білдіріп , тілекші әрі көмекші болса деймін. Бала тәрбиесіне мән беретін, білімді тұлғалар мекені деп бағаласа, келешек ұрпақтарымыз да соған дағдыланады. Қорыта келе, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы қабілетін, барлық қасиетін дарытқысы келетін адамды нағыз тәрбиеші деп атауға болады. Осы ұлы жолда шаршамайық, болашаққа нұр себуші, жол нұсқаушы, тәрбиешілер! Балабақша ұжымына, тәрбиеші жұмысына сеніммен қарап, қолдап жүретін ата-аналарымызға мың алғыс!

46 комментариев

  1. Тәрбиешілер еңбектеріңіз жана берсін,Өте керемет.

  2. Гүлдана - педагог-модератор, музыка жетекші

    Керемет мақала, еңбегіңіз жана берсін

  3. Жаңыл Қыдырмолда қызы

    Жұмысыңа табыс.әрқашан биіктерден көріне беруіңе тілектеспін.

  4. Өте керемет жазған,білікті маман екені көрініп тұр👍🏼

  5. Кумисгул

    Жумысыныз табысты болсын!

  6. Назерке

    Білікті маман, өте сыпайы иейірімді апай Анар Апай 👍💐🌹

  7. Керемет 👍 еңбегініз жана берсин !тарбиелеп отырған балапандарыныз үмітінізді актасын 💐🌷🌺🌸🌹

  8. Жарайсыз! Анар апай тамаша

  9. Сәби болғым келеді, анадан жаңа туған!

  10. Айгерим

    Тамаша макала. Енбегиниздин жемисин кориниз. Балапандарыныз тек бииктен коринуине тилектеспин.

  11. Айгерим

    Макала керемет. Енбегиниздин жемисин кориниз. Балапандарыныз тек бииктен коринуине тилектеспин.

  12. Өте керемет мақала,еңбегініз жаңа берсің

  13. Ооо,жарайсыз тек алға

  14. Неткен керемет маман!Өз жұмысын жақсы ісейтіңі көрініп тұр,мықты әрі үлгі тұтатын маман екен!👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼

  15. Ұлболсын

    Анар Кабдылмаликовна өте керемет,шығармашылық жұмысыңыз керемет!Сізге сәттілік,алға!

  16. Амирхан

    Тамаша,неткен шығармашылық😍

  17. Еңбектеріниз жаңа берсин, бакшаларынызга береке тилеймин 🌼🌼🌼

  18. Жарайсыз тек алға

  19. Гульдаурен

    👍🏻 өте керемет жазылған, еңбегіңіз жана берсін🌹

  20. zhaikkalkabaev@gmail.com жарайсың

  21. Асемгуль Кайролловна

    Анар Кабдылмаликовна еңбегіңіз жана берсін. Ардайым биіктерден көрініңіз

  22. Жаңылсын

    Өте керемет

  23. Хочу выразить огромную благодарность воспитателю Анар Кабдылмалиеовне, за ее профессионализм, за творческий подход к детям!!! Желаю ей здоровья крепкого, терпения и творческих успехов

  24. Ұлбақыт

    Анар апай!
    Еңбегіңіз жана берсін.Тәуелсіз еліміздің саналы ұрпақтары көп болсын!!!
    Жарайсыз

  25. Алтынай Тулеубаевна

    Анар Кабдылмаликовна әр баланың жүрегінен орын ала білген кәсіби іскер , білікті маман. Еңбегіңіз жана берсін!

  26. Гульмира

    Анар ханым, тамаша мақала. Жарайсыз. Еңбегіңіз жаңа берсін

  27. Анар апай керемет тәрбиеші

  28. Азамат Сакенов

    Керемет 👍👍

  29. Құрдас жарайсың еңбегін жана берсін

  30. Жанаргуль

    Анар апай еңбегіңіз жана берсін 🙌👍

  31. Алмаз Бозов

    Өз ісіне жаксы карайтын адал жансыз керемет еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  32. Анара жарайсыз, керемет мақала еңбегіңіз жемісті болсын!

  33. Гульжамал

    Керемет Анар апай! Еңбегініз жемісті болсын! Әрдайым биіктерден көріне беріңіз!

  34. Ұлбосын Тоқтабайқызы

    Анар Кабдылмаликовна шығармашылық жетістіктер тілеймін!

  35. Гулдерай

    Өте керемет, Еңбегініздің жемісін көре берініз!!

  36. Өте керемет!! еңбегініздің жемісін көрініз

  37. Керемет👍🏼👍🏼👍🏼

  38. Өз ісіне жақсы қарайтын адам керемет👍👍👍
    Сіздің жұмысынызға сәттілік

  39. Қарлығаш, Өкеменқаласы

    Анар балам мақаланы оқып санын бала тәрбиесі ынтажигерыне бала өмирайнасы келешек ұрпақ тәрбиесі сол жолда енбегын жанып мәртебені өсіп тек жаксы маман ретінде саған бакытбулдиршындердын суйикты апай жаксылыкты мейрамды маманболып өсіп өне бер жаным алға!!!

  40. Тамара🔥❤️

  41. тамаша ❤️🔥

  42. Тамаша, еңбегініз жана берсін👍

  43. Керемет. Алға қарай ьаса ьеріңіз

  44. Тамаша мақала. Жарайсыз. Еңбегіңіз жаңа берсін 😍

  45. Кенжегул муз

    Анар апай өте керемет жұмысыңыз жана берсін сәттілік👍

  46. Айсулу Советовна

    Анар апай мақаланыз жпқсы жазылған сізге тілерім биік белестерден көріне берініз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.