Копенова Гүлмира
Астана қаласы әкімдігі
№61 «Шолпан» балабақшасы
«Уран» кіші топ ІІ санатты тәрбиешісі
Баланы оқытудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні
Ерте кезеңнен ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған. Сондықтан да баланың бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. Баланың алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелі» екен деп тамсанса, оғаш қылық көрсеткен баланы «тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. Қазақта ең ауыр сөз – «тәрбиесіз», «тәрбие көрмеген» деген сөз. Әрине, қай қазақ балам жаман болсын десін, демейді де, сондықтан да бетімді жерге қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.
Қазақ халқының тұрақтанған дәстүрінің бірі – жеті атасын білу. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім басқа рулармен байланысын білген. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу міндетін жүктейді. Қазақ халқы ұрпағына өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттатып өсіреді. Ағайындықтары жеті атаға толмай, жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейін бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Некелесуде «жеті ата» ұстанымына берік болу – этникалық қан тазалығын қамтамасыз ететін этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болып саналады. Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған.
Қазақ арасында «әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», не «ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», т.с.с. мақалдар көп сақталған. Осындай ұлағатты сөздердің арқасында ұлды батырлыққа, ептілікке, дала тіршілігіне баулыса, қызды – үй тіршілігіне үйреткен. Мәселен, «қыз – жат жұрттық» деп, нағыз жұртына (жігіт үйі) барғанда төселіп, бір үйдің тұрмыс тіршілігіне тез бейімделсін, отанасы болуға үйренсін деген тілекпен үй тұрмысына: кесте, киім тігуге, кілем тоқуға, тамақ пісіру, тазалыққа үйреткен. Ақылды, елге сыйлы, отбасының бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптеп, ер азаматтың басын қадірлеуді де үйреткен. Ал ер-азамат отбасының тірегі дей отырып, ер балаларды түздің жұмысына, яғни, садақ, жамбы ату, атқа отыру, шаруашылықпен айналысу, үлкеннің сөзін бөлмеу, қарсы келмеу, ақылын тыңдау, т.с.с. қалыпта тәрбиелеген. Отбасында ер азамат сыйлы болса, содан бала үлгі алады, сол отбасының баласы тәрбиелі, өнегелі болып қалыптасады. Қазақ халқының әлі де түп қазығын сақтап отырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қай қайсысы болмасын, оның дамуында, қалыптасуында негізгі идеологияның бірі болып табылады. Сондықтан да ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесімен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді ұлттық кодымыздың анықтаушы бір элементі ретінде қоғамдық, отбасылық іс-әрекетімізде, тұрмыс-салтымызда ұстануымыз керек. Себебі, ұлттық әдет ғұрып, салт дәстүрлер арқылы – қазақ халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіншілік аламыз. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерді дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды азаматты қалыптастырдық деп нық айтуға болады.
Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет – ғұрып, салт – дәстүрмен тереңірек танысу қажеттігі бірініші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін білу, рухани мұраларымен сусындауадамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны руханитұрғыдан кемелдендіретін бірден – бір қажетті көрсеткіш болып табылады.
Халықтың салт – сана, әдет – ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді. Бұл жөнінде көптеген ғұламалар пікірлерін білдіріп кеткен. Мәселен, Қазақ халқының салт – дәстүрі арқылы ұлтжанды, рухани – мәдени толысқан ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын М.Жұмабаев атап көрсетсе, дана бабамыз Бұқар жыраудан қалған «Тәлім ал, тәлімді алсаң тәлімгерің ұлтының салт – дәстүрімен, ұлтының қарапайымыдылығы мен, мейірімділігімен тәлім берсін»- депайтып өткен.
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің қажеттілігі туды.
Өйткені халықтық салт – дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез – құлқы, болмысы, дүниетанымы, мәдениеті, тілі мен діні,өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт – дәстүрі арқылы ғана берілмек.Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектер жазып, оны іс – жүзіне асыруды мақсат етіп келеді.
Қазіргі күні мектепте оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрді пайдаланудың маңызы ең алдымен оның халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесімен амал жолдарымен, педагогикалық мүмкіндіктерімен етене таныстыратындығында, екіншіден жеке тұлға бойында қасиеттер жауапкершілік, инабаттылық, белсенділік, іскерлік сияқты қасиеттерді қалыптастрады.
Ал енді баланың бойына рухани азық болып, жанына нұрқұятын қажеттіфактор – халықтың салт – дәстүрі. Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәнін ашу, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану бүгінгі күнгі уақыт талабынан туындап отырған мәселе. Дегенмен «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»деп дана халқымызайтып кеткендей, көшпелі өмір тұрмысы жағдайында ата – бабаларымыз дүниеге әкеліп, өз қажетіне орай пайдаланып өткен салт – дәстүрлердің бәрін бірдей бүгінгі күні сол қалпында пайдаланамыз деу қате болар еді.
Мектепте халықтық педагогиканы пайдалануды сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда ұлтық салт- дәстүрлер жайында әңгіме айтумен, үйретумен ғана шектесек, тақырыптық ертеңгілік, кеш ойындарды қуалап кетсек, мұнымыз өзімізді де, балаларды да алдау болады. Ол үшін мектептің барлық оқу- тәрбие жүйесін толығымен ұлттық негізде құрсақ, онда рухани – мәдени деңгейі жоғары, ұлттық мұраларымызды шын мәнінде қастерлей білетін жас ұрпақты тәрбиелеген болар едік.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде еуропалық үлгіге көзсіз еліктеген оқу жүйесінің кезеңі өтіп барады. Өйткені, әр егемен елдің басқа ешбір елге ұқсамайтын өз ерекшелігі, өз дүниетанымы, өзіндік тарихы, ұлттық сипаты бар. Ұлт бойындағы сипат сол ұлт өкілінің өзіндік тарихы қасиеті арқылы байқалады. Ұлттың өзіне тән қасиетінің сақталуы оның санасына байланысты. Сана мен сезімнің әсер етуі бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз ерекшелігі бар тәлім – тәрбие құралдары – халықтық педагогиканыдүниеге әкеліп, қалыптастырды, осы мол мұраны қазіргі оқу – тәрбие процесіне енгізу заман талабы. Мектептердегі барлық оқу – тәрбие процесіне халықтық педагогика элементтерін енгізу үшін педагог мамандарды ЖОО халықтық педагогика жайлы біліммен сусындату даөте маңызды. Сондай – ақ, білімнің қайнар көзі оқулықта десек, осы оқулықтарды ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып қайта жазу керек дер едім.
Гүлмира сәттілік, еңбегің жана берсін ,тәрбиелі шакрттерің көп болсын 👍
Керемет мақала, еңбегіңіз жана берсін Гүлмира
Керемет Гульмира 👍 Еңбегің жемісті болсын👏
Гульмира молодец. Еңбегін жансын. Тек алға👍
Гулмирка тек алға,керемет
Жұмыста еңбегің жаңа берсің
Гулечка только перед, мы с тобой! 👏👍
Гульмира молодец 👍 мы рядом ❤️ мы с тобой ❤️❤️
Гульмира, жарайсың 👏еңбегің жана берсін🌷
Гульмира апай мақалаңыз керемет Тек биіктерден көріне беруге тілектеспін. Жарайсыз
Гульмира апай керемет тәрбиеші .
Гулмира апай мақалаңыз өте керемет жазылған. Алдыңыздағы кішкентай бүлдіршіндео биіктерден көріне берсін 😘🫶
Гүлмира Камедоллақызы!
Бала тәрбиелеуде көпжылдық тәжірибесі бар, өз ісін жетік меңгерген, тәлім-тәрбие берумен қатар, ізденгенді ұнататын, жаңашылдыққа жаны құмар білімді тәрбиеші.
Жаңа Қазақстанның бүлдіршіндерін тәрбиелейтін осындай білімді, жігерлі, ақылды тәрбиешілеріміз көп болсын!
Бала тәрбиелеуде қанатың талмай, қалықтай бер,Гүлмира!
Гулмира еңбегің жана берсін. Керемет мақала. Өз жұмысына тиянақты, пысық тәрбиеші. 😘
Гүлмира апай шығармашылық жетістіктер тілеймін! Тек алға!
Гулмира апай сәттілік, еңбегініз жаңа берсін!
Гүлмира апай тамаша! Жетістіктерге жете беріңіз!!!!
Гульмира апай
Білімнен бұрын тәрбие,
Керек екен әр үйге.
Білім, тәлім теңессе
Кіреді екен сән үйге.
Тәрбиеші апайлар
Осы сөзді ұстанған.
Бала өскен әр айлар,
Өнегемен ұшталған.
Дәніңіз өсіп көктесін,
Бақыт құс бастан кетпесін.
Абыройға өрлеген
Ешбір адам жетпесін.
Гүлмира апай еңбегініз жаңа берсін тек биік шындардан көріне берініз
Гулмира апай жарайсыз еңбегіңіз биіктей берсін👍
Керемет тәрбиеші, өсіп келе жатқан балапандарға үйретері, берері өте көп.
Гүлмира Қамидоллақызы еңбекқор, бала жанын түсінетін тәрбиеші. Еңбегіңіз бағалана берсін. Тәрбелеп отырған тәрбиеленушілеріңіз өте алғыр, білімді азаматтар болып өсе берсін. Сәттілік!