Алматы қаласы Алатау ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының м.а. Тойчиева Лайла Өркенқызы.
Алматы қаласы Алатау ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық –гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Байтилесова Айгул Сламқызы
Шайдың пайдасы мен зияны
Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.
Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім әдетте ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.
Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.
Шайдың екі түрі танымал: қара шай және көк шай.
Қара шай көп өңдеулерден өтеді. Алдымен ыстық ауа арқылы жартылай құрғатылады. Кейін жапырақтар сығылып сөлі шығарылады. Онан соң ферментациядан өтеді. Салдарында түсі қараяды. Кейін жапырақтары бұталарынан тазаланады.
Көк шайдың өңделуі қысқа. Жапырақтары бұталардан ажыратылады да, ферментацияға алынады. Көк шайдың түсі ашық түсті және қышқылды болады. Зәр айдаушы қасиеті бар. Қара шай нәзіктеу келеді, жарық өткізбейтін ыдыста сақтау керек. Жеміс-жидек және гүл негіздерімен хош иістендірілген шайлар да бар. Ең танымалы бергамут майымен өңделіп дайындалған шай. Шайда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді.
Шайдың емдік шипасы:
Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады. Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады. Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.
Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады.
Әр нәрсенің пайдасы мен зияны болатыны секілді шайдың да зияны бар.
Алайда шай белгілі бір уақыттарда ішуге болмайтын кездерінде зиянын тигізеді. Шайды ішуге болмайтын кездер: Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін. Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай дәрінің күшін жояды. Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы керек.
Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.
Елімізде шайға сүт қосып немесе лимон қосып ішу әдетке айналған. Соңғы кездері көк шайға қызыл шайды араластырып, оған лимон қосып ішу де сәнге айналуда.