Home » Мақалалар » Сыбайлас жемқорлыққа жол берме  

Сыбайлас жемқорлыққа жол берме  

Лесбек Алуа Мұхитқызы,
Жамбыл облысы Тараз қаласы


Сыбайлас жемқорлыққа жол берме  

         Ізгілікті қоғамның іргесі әділдіктің салтанат құруымен нығаяды. Туралықты ту еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған әуелден басымдық танытып, үш ұстанымының бірін – әділдік деп атады. Ал оған бастайтын қадам – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Президент ел тізгінін қолға алғаннан бері халыққа берген уәдесіне берік болатынын айтып, он негізгі бағытты белгіледі. Соның қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар наІзгілікті қоғамның іргесі әділдіктің салтанат құруымен нығаяды. Туралықты ту еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған әуелден басымдық танытып, сайлауалды тұғырнамасына ұстын болған үш ұстанымының бірін – әділдік деп атады. Ал оған бастайтын қадам – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Президент ел тізгінін ұстағаннан кейін халыққа берген уәдесіне берік болатынын айтып, ұлықтау рәсімінде он негізгі бағытты белгіледі. Соның қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар назарға алынды. Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елдері секілді біздің де мемлекетіміз жемқорлықтың лдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсеткен түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырымен жою үшін қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз керек. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатын қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Өйткені, парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және баасқару органдарының беделіне нұқсан келтіріп, ел экономикасының дамуына кері әсер етеді.

         Жалпы, бүгінгі таңда «Әділдік жоқ жерде пара алу да жүреді» деген сөз халық арасында белең алған. Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, халықтың сенімі пайда болып, күдік те сап тыйылар еді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауы тиіс. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді.  Бұл індеттің алдын алып, қоғамнан жою, оның ұлғаюына жол бермеу халықтың өзінің қолында.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.