Жаишева Жаңылған Батырбайқызы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп директорының ақпараттық технологиялар
жұмыстары жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі
Topiq.kz — электронды кітапхана
«Алматыкітап» баспасының электрондық оқулықтар платформасы Topiq.kz – МАД, 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР Оқ-ағарту министрлігінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы. Қазіргі заманның балаларына сай жасақталған платформа – Topiq.kz. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, тапсырма орындауда ынталарын арттыратын платформа. Бұл платформаның тиімділігі сол – кез келген жерде, саябақта, көлікте, демалыста болсын мұғалімдерге де, оқушыларға да өздеріне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндік береді. Қашықтан оқуда да, дәстүрлі оқуда да жүйелі қолданылатын платформа, оқушы тапсырманы орындап мұғалімге жіберіп, мұғалім сол мезетте тапсырманы тексеріп, оқушымен кері байланыс орната алады.
Цифрлы Қазақстанда оқушылардың бұл платформаны планшетпен, смартфонмен, ноутбукпен, барлық смарт құралдармен пайдалануға толық мүмкіндіктері бар. Бұл платформада екі тілде кітаптар қоры жинақталған. Басты ерекшелігі – мультимедиялық түрлі өнімдермен толықтырылған, оқушының өздігімен білім алуына мүмкіндік қарастырылған. Қазіргі балалар техникалық құралдарға бейім, сондықтан ақпараттық құралдар арқылы көп білім іздейді. Қағаз оқулықтың бере алмайтын мүмкіндіктерін, электрондық оқулық береді деп ойлаймын. Платформада қазіргі уақытта 153 оқулық қолжетімді.
Сабақ процесінен бөлек бұл платформаны қолдануда «Алматыкітап» баспасы түрлі байқаулар ұйымдастырады. «Leader Тоpiq» байқауына былтырғы оқу жылында да, биылғы оқу жылында да мұғалімдеріміз, оқушыларымыз қатысып, шығармашылық қырларын шыңдай түсуде.
Білім беру саласындағы әмбебап, заманауи, тренд платформа ол – Topiq.kz платформасы.