Жаңаарқа ауданы, КМҚК «ЕрТөстік» бөбекжайында балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында өткен «Әжелер – көңілдің ажары, немере – көңілдің базары» атты әжелер сайысы өтті.
Әженің бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше екені баршаға аян. «Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше…», «Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті» деп халық даналығы айтқандай, ата мен әже үшін немеренің орны бөлек. Ал, ұлттық тәрбие, нағыз қазақы тәлім-тәрбиенің өзегі әжелер мектебінен бастау алатыны анық. Біздің қазақ ұлтында ерекше рөлге ие жан – әже. Ол тәрбиелеген бала әдепті болып өседі.
Сайысқа бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері мен ақ жаулықты әжелері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әжелеріміздің барлығы ұл – қыз өсіріп, немере сүйіп, өз отбасыларының ұйытқысы болып отырған жандар. Әжелердің өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап отырды. Байқау шарты бойынша әжелер 4 кезең бойынша сынға түсті. Алдымен әжелер барша қауымға өздерін таныстырудан бастап, немерелерімен бірге ертегі айтып, өнерлерін көрсетті. Білімді, білгір әжеміз Баян Әліпбековна жақсы мен жаманды немересімен тәрбиеленушілерімізге аражігін ажырата көрсетіп, ертегінің кейіпіне ене отырып ертегі айтты. Мейірбан сұлу әже Гүлбаршын Қырықбаевна немересімен бірге ән айтып, би биледі. Алтын оймақты шебер әже Жұмабике Үйсінбаевна немересімен құлақ құрышын қандыра ән салып, ұршықты шырайналдырып иірді. Бұлбұл әнші Шынар Бейсембаева немересімен бірге билеп, балаша қуанып ән салып, оюды нақышына келтіріп ою ойды. Әдемі де, көркем әже Жанна Зарлыковна немересімен бірге салауатты өмір салтын насихаттап, көркем гимнастикамен өнерлерін ортаға салды.
Әжелеріміз номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді. Сайысымызға ат салысып, ұлттық құндылықты дамытуға, қазақтың салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын бала бойына сіңіруге үлес қосқан әжелерімізге МЫҢ АЛҒЫС!!!
Жаңаарқа ауданы,
КМҚК «ЕрТөстік» бөбекжай педагог-психологы
Баккараева Динара Бөкенбайқызы