«Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әр алысты барлап,кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»деген болатын.
Қашанда білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі.Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры — бүгінгі ұстаздардың қолында.
Қазіргі уақытта оқыту үрдісі жаңа әдіс тәсілдерді,жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.
Осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің алатын орыны ерекше. Бұл модульдердің кей бірін бұрынан сабағымызда пайдаланып жүрсекте,тереңіне үңіліп, олардың өзіндік мағынасын түсінуге болады. Бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруга болмайды, Әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.
Менің көзқарасым бойынша, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларға да ыңғайлы кеңістік жасайды.Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен,әріптестерімен, оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып,жан жағымызға «Жаңа көзқараспен қараймыз»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол
«Ел болашының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында. Тек Жоғары сауатты, дарынды дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шыға алады» деп бірегей тұлға ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын.Сондықтан да «Жас келсе іске»демекші өз білгенімді көңілге түйіп көргенімді қолмен ұстап әр сабақ сайын оқушыларыма жанңшыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырысамын.
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт — тұл, шәкіртсіз ұстаз — тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбнесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты шымшытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып,оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады.
Қазіргі таңда білімге, шы, армашылыққа, еңбексүйгіштікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге деген қызығушылықтары артты оқушы өздігінен жауапкершілікпен жұмыс істеуді үйренді және оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнады.Бұл қзгеріс мұғалімнің оқу,тәрбие жұмыстарында жаға әдіс тәсілді ұтымды шеберлікпен пайдаланып, өзін-өзі жетілдіріп отыруына байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, ұстаз алдындағы шәкіртін қандай жолға түсірсе,шәкірт сол бағытта өмір бойы ұстанып өтеді.
Жақыпбек Нұрмақан Әріпжанұлы
Іс-тәжірбиелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артынуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қаблеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Осы тұста мектебіміздің мақтанышына айналған шәкіртім жас ақын Жақыпбек Нұрмақаның жетістігіне тоқтала кетсем,2019 жылы «Өнер» мектебінде өткен ақындар сайысында 1 орын алды.Созақ ауданында өткен жас ақындар айтысында 1 орын алды. Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығында Республикалық ақындар айтысында 1 орын, Отырар қаласында Республикалық айтыста дипломмен марапатталды.Арыс қаласы мәдениет үйінде өткен халықаралық ақындар айтысында 1 орын алды. Оқушы жетістігі мұғалім еңбегінің жемісі.
Педогог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қаблеті бар, қз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірбиесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болу керек.
ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш- жігерін, парасат — қуатын білім беру жүйесінде болашақ жас ұрпақтың біліміне салу керек.
Архабай Марзия Тастанқызы
«№5 М.Маметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Түркістан облысы
Арыс қаласы
Байтоғай ауылы