Home » Мақалалар » Ойыншықтар

Ойыншықтар

Кавкий Сагат
Астана қаласы
әкімдігінің
№ 88 «Баян Сұлу» балабақшасы
II санатты  тәрбиеші

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап, атын дұрыс атауға, ұсақ қол моторикасын дамыту, асық туралы түсінік беру, түстерді ажырата білуді, оларды түстеріне қарай топтастыруға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұлттық ойын ойнау ережесін үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: доп-мячь-boll [бол]

Көрнекіліктер: түрлі-түсті сақиналар, түрлі-түсті оюлы дорбалар, боялған асықтар, құлыншақ, қоржын, қонжық

Оқу іс әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастырушылықоятушылық

Тәрбиеші. Балалар бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келіпті, оқу іс-әрекетін бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.

Балалар жарты шеңбер жасап тұрады

Сәлемдесу. Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп апайды қарашы.

Бәріне біз ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші. Балалар орнымызға отырайық.

Ұйымдастыру кезеңдері

Тосын сый. Балалар орнына отырған кезде есік қағылып ішке құлыншақ кіреді, ортаға бір бала шығып құлыншақты сипап, ол жайла тақпақ айтып береді.

Құлын –құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

Тәрбиеші. Балалар құлыншақ өзімен бірге көп сыйлықтар алып келіпті. (тәрбиеші ішіндегі асықтарды шашып алады). Балалар қараңдаршы қоржынның ішінен төрт түсті асықтар шашылып қалды, енді міне ішінде төрт түсті оюланған дорба бар екен, сол дорбаға түстерді ажыратып асықтарды тез жинаған бала жұлдызшаны сыйға алады.

«Асықты түсіне қарай дорбаға сал» ойыны.

Мақсаты: асық туралы түсінік беру,түсін ажыратуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Балалар,енді қоржынның екінші жағын қарайық,қыздарға арналған әдемі комзолдың суреттері бар екен, кім комзолдың түсін тез атаса, қоржынан сондай түсті сақинаны сыйға алады

Тәрбиеші.  Ал, енді балалар бүгін біз М.Әлімбаев Атамыздың «Ойыншықтар» өленің жаттаймыз.

Бізде де бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Айтқанынан шықпайды.

Сергіту сәті: «Қонжық» слайдтың көрсету арқылы орындайды.

Тәрбиеші. Балалар мынау қандай ойыншық?

Балалар. Ол — доп.

Тәрбиеші. Доп неден жасалған?

Балалар. Доп резеңкеден жасалған.

Тәрбиеші. Ал мынау қандай ойыншық?

Балалар. Ол ойыншық домбыра.

Тәрбиеші. Дұрыс айтасыңдар, ол неден жасалған?

Балалар. Домбыра ағаштан жасалған.

Тәрбиеші. Балалар ойыншық сынса, ол бізге қауіпті, қолымызды тағы басқа жерімізді жарақаттап алуымыз мүмкін сондықтан сыңған ойыншықтармен ойнауға болмайды.

Рефлекциялық-түзетушілік.

Қортындылау. Балалар бүгін бізге сыйлықтар әкелген құлыншаққа не дейміз.

Балалар: Рахмет.

Тәрбиеші. Балалар қане шеңберге тұрып төмендегі өлең жолдарын айтайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенші күн жақсы,

Сау –саламат болайық.

13 комментариев

  1. ajnasaapbergen7@mail.com

  2. ainash_010176@mail.ru

  3. ainash_010176@mail.ru

  4. Сандуғаш

    sandu_130690@mail.ru

  5. Сағат апай сіз өте білімді ұстазсыз жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

    ainash_010176@mail.ru

  6. Сағат Апай өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір Апайсыз😘 шығармашылық табыс тілеймін!

  7. Құрбым, еңбегіңнің жемісін көр!

  8. Гульнур Ж.

    Сагат апай, шыгармашылык шабыт тилеймин👍👍👍

  9. Сагат апай,сиз оте Керемет,оте жылы,бауырмашыл устазсыз!Енбегиниз биикке жетелесин!

  10. Өте білікті мамансыз. Еңбегіңіз бағалана берсін

  11. Назерке

    Сағат апай өте білімпаз, әрдайым ізденіс үстінде жүресіз! Өте тамаша жұмысыңызға табыс, еңбегіңіз елене берсін!

  12. Төлеген Ердихан

    Сізге шығармашылык табыс тілеймін

  13. Сағат апай ісіңізге сәттілік. Жақсы оқу іс әрекеттер өткізе беріңіз. Сіз еңбекқор жансыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.