Алипбаева Кумис Кайроллакызы
Астана қаласы әкімдігінің
№88 «Баян сұлу» балабақшасы
тәрбиеші педагог — модератор
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлаубөлімі бойынша жыл бойында өткен білімдерінбекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерінжетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққаүйрету.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әтүрлі пішіндер, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді Аспан Ата!
Армысың, қайырымды Жер Ана!
Армысың, шұғылалы Алтын Күн!
Армысың, балбақша, дос-жараң!
Тәрбиеші:
-Таңертең тұрған кезде аналарың «қайырлы таң!» деп айтады ма? Қане, біз де қайырлы таң тілейік.
Жылулық шеңбері:
-Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!
Көздерін, құлақтарын уқалайды,қолдарын шапалақтайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз сәтті болсын.
Қызықтыру сәті. Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.
Білім ханшайымы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсіз бе!
Білім ханшайымы:
Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымы» боламын. Сендерді алдағы уақытта мектепке барады деп естіп келдім, солай ма?
Балалар:
-Иә
Білім ханшайымы: Олай болса мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге сіздерге қызықты тапсырмалар ала келдім.Тапсырманы дұрыс орындасаңдар білім әлемінің есіктері айқара ашылады.
1-тапсырма.
1.Жыл мезгілдерін ата…
2.Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше ай бар?
4.Бір аптада неше күн бар?
5.Бүгін аптаның нешінші күні?
Ойын. «Шардың түсімен жыл мезгілдерді сәйкестендір» (қызыл, саоы ,ақ,жасыл)
2-тапсырма. «Пішіндерді қағаз бетінде бағдарлау.»
Ақ парақтың ортасына сопақша, сол жақ жоғарыға үш бұрыш, төменге төртбұрышты орналастыр.оң жақтағы жоғарыға шаршыны, төменге шеңберді қой.
Дидактикалық ойын. «Қай пішінге ұқсайды?»
Шарты: Балалар жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады. Балалар уенге қосылып билейді, әуен тоқтағанда қолдарындағы пішін бойынша үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш жасап тұра қалады.
3- тапсырма. 1-10 ға дейін тура және кері санау.
Дидактикалық ойын. «Жоғалған сан» сандардың көршісін табу.
Тәрбиеші: Балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті . «Метепке апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
4-тапсырма. Үлестірмелі жемістерді» жолақшаға орналастыр, санап сәйкестендір.
5-тапсырма:
Логикалық есептер.
1.Дүкеннен анам 2 доты алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде қанша доп қалды? (1)
2.Қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін көрсету)
3.Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету.)
- Ағашта 5 құс отыр, оның екеуі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
- Себетте 2 алма табақта 3 алма, барлығын қосқанда неше алма?
Білім ханшайымы: Балалар сендер менің тапсырмаларымаөте дұрыс жауап бердіңдер. Қандай керемет білімдісіңдер.
Әуенмен «Білім ханшайымы» билеп шығып кетеді.
Керемееет 👍👍👍
Кумис Каироллакызы, саттилик 🙌 енбегиниздин жемисин кориниз!
Кумис Оте керемет білімді жан тек қана Алға😘😘😘👍👍
Кумис Оте керемет білімді жан тек қана Алға😘😘😘👍👍жумысынын жемисин коре бер😘😘😘
Кумис апай добрый воспитатель ! Дети любят нашего воспитателя! Удачи вам!
Жарайсын. Тек алға
Тек биіктерден көріне бер !!!
Кумис апай сизге саттилик тилеймин,оте мейримди аркашан кулимдеп қарсы алады балалпрды,оте жаксы тарбиеши!!!
Өте керемет тәрбиеші👍👍👍
Жұмыста толағай табыстар тілеймін!😘💐💐💐
Күміс Қайроллақызы керемет еңбек! Сәттілік!
Өте керемет жарайсыз
Жұмысыңыз өрге өсе берсін, биік шыңдардан көріне беріңіз.
Мол табыс тілеймін 🫰🫰🫰🫰🙂
Күміс апай ісіңізге сәттілік тілеймін.Керемет ,мейірімді тәрбиеші.
Балапандарымызға жақсы білім, тәрбие бергеніңізге рахмет👏🏻👏🏻👏🏻
Күміс Қайроллақызы өте тәжірибелі, білікті маман. Қызым балабақшаға қуана барады, тәрбиешіміз әр күндерінің қызықты өтуіне барын салады. Жұмысыңыздың тек жемісін көріңіз!
Күміс Қайроллақызы еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!! Биік шындардан көріне беріңіз!!!
Керемет!!!👏👏👏 Шыгармашылык табыс тилеймин!!!
Білікті мамам, өте білімді. Пайдалы жазбаңызға рахмет ❤🌹
Күміс Кайроллакызы мықты тәрбиеші, керемет ұзтаз. Менің екінші қызыма білім беруде, сабақтары мен ертеңгілік кештерді сондай тамаша ұйымдастырады. Өзі байсалды. Сізге тек сәттілік тілеймін!!!