Кемелбек Ғазиза Мелдеханқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№88 «Баян сұлу» балабақшасының
тәрбиешісі
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық нақыштағы құралдармен таныстырып, олардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру. Жүнді түту, иіру, тәсілдерін үйрету.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекіліктер: жүн, ұршық, тоқылған киімдер, суреттер.
Барысы:
- Балалар, бүгін біз әжеміздің ауылына қонаққа барамыз. Бәрімізді әжелерің тосып отыр. (Әже ұршық иіріп отырады). Балалар әжемен амандасады.
- Балалар, әже үйде бос отырмай жүн түтіп, жіп иіреді екен. Осы жүннен түрлі киімдер тоқиды. Ал жүннен тоқылған киімдер өте жылы болады.
Әже балаларды жанына шақырып жүн туралы мағлұмат береді. Балалардан төрт түлік малдың пайдасы, өнімі туралы сұрайды.
— Әже балаларға жүнді қолдану үшін, алдымен жуу керектігін, себебі жүн кір болатынын айтады. Енді осы жуылған жүннің түтілу жолын көрсетеді.
Балалар әжемен бірге жүнді түтеді. Балалар жүн түте отырып әжеге арнап тақпақ айтады.
Әжеге арналған тақпақ:
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем әжемді.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
- Әже балалар жүннен жіптін қалай пайда болатынын білесіңдер ме деп сұрайды?
- Балалар өз ойларын айтады.
- Әже жіп дайындау үшін бізге сиқырлы ұршық көмектесетінін айтып, ұршықтын құрылысы жөнінде таныстырып, иіру жолын үйретеді.
Сергіту сәті:
Саусақтарым өнерлі,
Ұршық иіре біледі.
Саусақтарым дем алсын,
Шапалақтап қуансын.
- Әже, мына балалардың сізге де сыйы бар. Балалар әжеге арнап ән орындайды.
Әже балалармен қоштасады. Қараңдаршы, қандай әдемі жіптер! Балалар,сау болыңдар, келесі келгенде осы жіптерден өзімізге қажетті бұйымдарды тоқимыз.
Әже: Қараңдаршы, қандай әдемі жіптер! Осы жіптерден келесі жолы қонаққа келгенде өзімізге қажетті бұйымдарды тоқимыз.
Үйге тапсырма: Балалар, сендерге тапсырма. Келесі жолы келгенде осы жіптерден қандай бұйымдар тоқылатыны жөнінде біліп келіңдер.
Өте Керемет