Home » Мақалалар » Көңілді қыс

Көңілді қыс

Қозыбағарова Жансая Асқарбекқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№ 88 « Баян сұлу» балабақшасы педагог — модератор

Мақсаты:

  1. Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
  2. Балалардың жан-жақты ойын, қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Балаларды қоршаған ортаны қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, шана, аққала.

Көрнекі құралдар: Қыс мезгілінің суреттері, ұнтақ жарма.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндірме, сұрақ-жауап, ғажайып сәт, сергіту, ойын, саяхат.

Шаттық шеңбері:

Армысың ба, Алтын күн,

Армысың ба, Жер Ана.

Армысың ба, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Сұрақ-жауап, сурет арқылы түсіндіру.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қазір қыстың қай айы?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Қыста біз қалай киінеміз?

-Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.

Ал, балалар  орманға саяхатқа ұшақпен барайық.

Ұшақпен орманға барамыз. Орманда жүргенімізде ,алдымыздан қоян шығады.

Ғажайып сәт

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді кездестіргеніме қуаныштымын.Бірақ менің аздап көңіл-күйім жоқ.  Менің достарымның барлығы азықтарын тауып,  үйшіктеріне кетті. Ал, мен өз сәбіздерімді жоғалтып алдым. Сендер маған сәбіздерімді табуға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар, қоянның көңіл-күйі жоқ екен.Біз қоянды тақпақтар айтып қуантайықшы.

Асқар: Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым »деп ат қоям.

Жанерке: Қоян секең қағады,

Сәбізді іздеп табады

Үйшігіне барады,

Ауқаттанып алады.

Қоян: Балалар, рахмет. Мен енді сендерге жұмбақ жасырайыншы, сендер таба аласыңдар ма? Сендерменің жұмбағымды шешсеңдер, сиқырлы шырша, маған сәбіздерімнің қайда екендігін айтып бермек.

Суда мұзбар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?(қыста)  Жарайсыңдар, балалар. Мен сәбіздерімді сендердің көмектеріңмен тауып алдым. Сендерге үлкен рахмет.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қилы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді, қоянға қардан аққала жасауды үйретейікші. Айтпақшы, аққала жасау үшін қолымызда не болу керек?

Қолғаптар. Бірінші біз мына қолғаптардың сыңарын тауып, киіп алайық.

Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» .

Ойын  шарты: Балалар қолғаптардың сыңарын табады.

Ал, енді қолғаптарымызды киіп алсақ,  қоянға жармадан аққала жасауды үйретейік.

Шығармашылық  жұмыс « Аққаланы бейнелеу» .

Шарты: Ыдысқа салынған  ұнтақ жармадан аққаланы бейнелеу.

Қоян:Балалар сендерге көп рахмет! Маған сәбізімді табуға көмектестіңдер. Көңіл-күйімді көтердіңдер.Сол үшін сендерге  мен сыйлық беремін. Енді, өз үйшігіме барайын.Сау болыңдар балалар!

Ұшаққа мініп, балабақшаға қайту.

Сұрақ-жауап арқылы  қорытындылау.

1) Балалар, бүгін біз қай жыл мезгілі жайлы әңгімелестік?

2)Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші.

3) Біз қайда саяхатқа бардық.

4) Біз орманда немен кездесіп қалдық?

5)Ұнтақ жармасынан не жасадық?

19 комментариев

  1. Керемет. Балаларға қызықты.

  2. Керемет! Еңбегіңіз жана берсін!

  3. Керемет!
    Жұмысыңызға сәттілік!

  4. Керемет балапандардын зейини ашылсын

  5. Еңбегіңіз жемісті болсын! Өте керемет 👍

  6. Жансая Асқарбекқызы өте білікті маман. Балалардың ой өрісін дамытуға, қызықтырып оқытуға заманауи техналогияларды баланың жадында сақталатындай жеңіл тәсілдермен ойын түрінде үйретеді. Еңбегіңіз әр дайым жоғары деңгейде бағалана берсін. Ізденуден қанатыңыз талмасын. Білімді, ақылды, мейрімді шәкірттеріңіз көп болсын💐

  7. Керемет! Кішкентай балалардың өй өрісін дамытуға ыңғайлы әдіспен түсіндірме жүргізген.

  8. Керемет Алла берекесін берсін👏👏👏😘😘😘

  9. Жайнагуль

    Керемет. Шәкірттеріңіз көп болсын,сәттілік тілеймін 😘🌹

  10. Керемет, кызыкты, саттилик

  11. Өтте керемет , бізге қатты ұнады , балаларға да қызықты ,әрі ой өсісінің дамуына жақсы көмектеседі 😘❤️🙏🏻

  12. Керемет 👏

  13. Салтанат

    Жансая Асқарбекқызы өте білікті маман! Еңбегіңіз әрқашан жоғары деңгейде бағалана берсін. Аман болыңыз, білімді шәкірттеріңіз көп болсын! Рахмет сізге!

  14. Жулдызвй

    Керемет. Сәттілік!

  15. Тамаша! Жансая зейінді шәкірттеріңіз көп болсын!

  16. Алимкуль

    Керемет. Жансая!!! Болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелеуде жаңашыл ұстаз болып, еңбегің жана берсін

  17. Еңбегіңіз жана берсін!

  18. Нұрсұлу

    Жұмысыңның жемісін көре бер. Осындай кішкентай балаларлы өсіріп жетелеп келе жатқан тәрбиеші апайларға мың алғыс.

  19. Айгерим

    өте оңай, жеңіл сабақ. қызықты. Балаларға түсінікті тілде , сабақ мақсатына толық жете алатын сабақ. Керемет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.