Home » Мақалалар » Ағаштар гүлдейді

Ағаштар гүлдейді

Сарсенова Жанар Аскаралиевна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 88 «Баян сұлу» балабақшасы педагог — модератор

 (дәстүрден тыс әдіс бойынша)
Мақсаты:  Көктем мезгілінің ерекшеліктері және ағаштардың  гүлдеуі
туралы түсініктерін кеңейту; эстетикалық сезімін қалыптастыра
отырып, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту; бейнелеу өнеріне деген
қызығушылығын арттырып, таза, ұқыпты жұмыс жасауға
тәрбиелеу. Сурет салуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуге дағдыландыру. Дәстүрден тыс әдіс бойынша сурет салу тәсілдерін бекіту;

Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: гүлдеп тұрған ағаштардың  суреті, муляждар.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ түсті а4 қағаз, гуашь, бөтелке,
сүрткіш, слайд.

Сөздік жұмыс: бүршік жарады – бүршіктің  жапыраққа, гүлге айналуы.

 

Әдіс-тәсілі: Амандасу, сұрақ –жауап, ғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, сурет салудың бастыру тәсілі, сергіту сәті, дидактикалық ойындар,бағалау, қортындылау.

Билингвалдық компонент: көктемвесна, гүл – цветок, ағаш дерево.

Инклюзивтік әлеумет: іс – әрекетті  орындағанда қиналған балалардың
зейінін, есте сақтауын арттыру.

                       Кіріспе  бөлім:

         Шаттық шеңбер:

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

 

Негізгі  бөлім:

         Балалардан ай атауларын, апта күндерін,жыл мезгілдерін сұрау. Балаалрдан бүгінгі ауа райы туралы сұрау. (бұлтты, ашық, жаңбырлы т.б). Арнайы дайындалған көрнекілік арқылы ауа райын сипаттау.

Көктем туралы тақпақтарын естеріне түсірту.

Көктем туралы жұмбақ жасыру

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек ашады.

                                                             (Көктем)

Демек балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Ағаштар гүлдейді».

Көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталып, суреттер бойынша толық түсінік беру.(жер көгереді, гүлдер шығады, ағаштар бүршік жарады, жеміс ағаштары гүлдейді , құстар ұшып келеді т.б)

-Балалар, мына ағашқа назар аударайықшы. Қанадай әдемі көрініс?!Ағашына  қарандаршы гүлдер өсіп тұр. Сендер білесіңдер ме, осы гүлдерден жемістер  түйіндейді.Ол жаз бойы күн санап өсіп, үлкейе береді де, күзге қарай пісіп, дәмі тіл үйіретін жеміс  болады.

Бүгін біз гүлдеп тұрған ағаштың суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін күлгін, қоңыр  түстер қажет болады.

 

Ғажайып сәт: Бағбан:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Мен бағбанмын. Балалар, мен ағаштарды өсіремін, суарамын, қопсытамын, гүлге су себемін. Осының барлығын бір сөзбен айтқанда мен талдардың, гүлдердің әдемі болып өсуін қадағалаймын.

-Балалар сендер бүгін ненің суретін саласыңдар?

-Балалар, қандай керемет менде сурет салғанды жақсы көремін. Сендермен бірге сурет салуға рұқсат бересіңдер ме?

Тәрбиеші:

Сурет салу әдісіне түсінік.

-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Ендеше арнайы сендерге дайындалған бейнетаспаны қарап, гүлдің қалай салыну керек жолдарын көрсетейін. Тақтаға назар аударайық.

-Ендеше үлгіге қарап гүлдің суреттерін салайық. Екі топқа бөлінеміз.

-Бағбан, бірінші топпен сурет салыңыз, мен екінші топпен бірге сурет саламын.

Бөтелкенің түбін бастыру тәсілі арқылы  ағаштың   гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз. 

Сосын бояуды бөтелкемен қағазға жайлап тигіземіз.. Жеңіл қозғалыспен бастыру тәсілімен  гүлдерін саламыз.

Берілген түстерді пайдаланып, тәрбиешінің көрсетуі бойынша ағаштардың  гүлінің суреттерін салады. Балалар сурет салу барысында балаларға көңілдеріне жағымды әуен қосу.

-Сурет салуды аяқтау.

Сергітусәті.
Сергіту сәтінде  іуенді тыңдап қимыл – қозғалыс  жасайды.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп үлкен болып өседі.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

«Жыл мезгілдерін сипаттау»

Шарты: Балалар төрт топқа бөлініпарнайы дайындалған көрнекіліктер арқылы ойынды ойнайды.

–Барлық балаларға жақсы әсер қалдыру үшін қағаздан жасалған жұлдызшаларды сыйлық ретінде таратып беру және мадақтау.

    

   

   Қорытынды  бөлім:

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Балалар бүгінгі сабақ не туралы болды?

-Бізге қонаққа кім келді?

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: көктем мезгілінің ерекшеліктері  туралы айтады, үлгіге қарап сурет салады.

Білу керек: Табиғат туралы жалпы түсінік.

Меңгеру керек: Екі тілде «көктем» сөзін айтуды. Ағаштардың  ерекшліктері мен қасиеттерін.

Жасай алады: Ойындарды шартына байланысты ойнай алады.

44 комментария

  1. akonms@mail.ru
    Тамаша қандай құнды ақпарат. Рақмет үлкен.

  2. Айгерим

    Оте керемет маман, балалармен жаксы жумыс жасайды танертен келгенде тек казак тилинде балаларымызбы кабылдайды, осындай ашык сабактарды коп откизген дурыс деп ойлаймын.

  3. Жанар апай мой ребенок очень любит, видно сразу профессиональный подход к ребенку, не повышает голос, со всеми очень ласковая как мама, а детям это очень нужно.

  4. Өте керемет жазылған!

  5. Жанар Аскаралиевна қызымның сүікті апайы. Әдістемелік материал өте мазмыңды, қызықты. Жұмысыңызға табыс, балалардың шырағын жағатын сабақтарыңыз көп болсын! Балаларға деген мейірімділігінізге рақмет!

  6. Меруерт

    Кызыкты акпарат! Жанар Аскапкызы биликти маман, алгысымыз шексиз

  7. Керемет жазылган.Білікті маман

  8. Гулрайхан

    Жақсы ой айтылған маған ұнады

  9. Рақмет, қызықты ақпарат

  10. Гулрайхан

    Жақсы ой айтылған маған ұнады Жанар Асқаралиевна білікті маман.

  11. Жанар апай өте бiлiмдi маман, нағыз бала бақша тәрбиешисине тән минез, суйикти апайымыз …

  12. Меруерт

    Жанар Аскараликызы білікті маман, пайдалы ақпарат, балалармен жұмыс жасауы ұнайды

  13. Жоспары өте құнды.Балалардың жас ерекшелігіне жасалынған .

  14. Жанар Асқаралиевна еңбегіңізге рахмет! Өз ісінің маманы

  15. Жанар апай білікті маман иесі.

  16. Сарсенова Жанар Аскаралиевна, еңбегіңіз елене берсін! Білікті маман, балалардың жүрегіне жол таба білетін тәрбиешісіз.

  17. Осындай білімді мамандар көп болсын

  18. керемет👍 Оте білімди маман, жумыста табысты болыңыз

  19. Өте керекті, маңызды ақпараттар жазылған

  20. Керемет ! Білікті маман👍

  21. Роза Бартбековна

    Жарайсың, шығармашылық табыс тілеймін, ізденуден жалықпай білікті маман атана бер

  22. керемет, еңбегіңіз жемісті болсын

  23. Салтанат

    Еңбегіңіз еселене берсін

  24. Білікті маман

  25. Сарсенова Жанар Аскаралиевна балаларға жақсы тәлім-тәрбие, білім нәрін беріп жүрген білікті ұстаз. Өз ісінің маманы. Жарайсыз👍. Тақырып пен ОІӘ жақсы жазылған👍

  26. Білімді маман үлгі тұтар ұстаз

  27. Еңбегіңіз еселене берсін!

  28. Очень интересно, хорошо все изложено 👍 Жанар Аскаралиевна лучший педагог с добрым и открытым сердцем, профессионал, в подходе к каждому ребенку очень внимательная, поэтому дети ее любят, творческих успехов вам 👏🏻👏🏻👏🏻

  29. Өте керемет👍

  30. Исмайлова Н Ш

    Жанар, еңбегіңнің жемісін көр, биіктен көріне бер, Керемет

  31. Айнамкөз Ахмет

    Өте керемет, өте сапалы жұмыс🙌🏻 Білікті маман👍🏻

  32. Nurai Karimbai

    Өте сапалы, әрі пайдалы жұмыс👍👍

  33. Жанар Аскаралиевна бала бақшамыздағы өте білікті, өте мейрімді маман. Балабақша ішіндегі барлық мерекелік іс-шараларға ат салысып, баламен балаша шаттанатын ұлағатты ұстаз. Балаларды тәрбиелеудегі, білім берудегі ұстанымдары, сабақ өту технологиялары өте жоғары деңгейде. Әр өтетін сабағына ерекше, мұқият дайындалып баланың толық назарын өзіне аудара біледі. Жұмысыңызға творчестволық табыс тілейміз, қанатыңыз талмасын сізді тек биіктерден көрейік💐.

  34. Өз ісінің маманы. Сүйікті апайымыз ❤

  35. Меруерт

    Керекті ақпарат!👍 Жанар Аскаралиевна өз ісінің маманы! Білікті тәрбиеші! Өте қатты жаксы көреміз, сыйлаймыз, бағалаймыз!❤️

  36. Жансель

    Өте керемет👍🏻 Білікті маман

  37. Өте керемет,әдемі жазылған.Керек ақпарат жазылған.

  38. diiianxx@mail.ru

  39. Альбина

    Мои дети очень довольны Жанар апай. Профи своего дело❤️

  40. Бахытжан

    Керемет😘😘😘

  41. Керемет😍😘

  42. өте керемет жазылган😍🙌

  43. Өте пайдалы, сапалы жұмыс👍🏻

  44. Жана Асқаралиевна Әдемі тобының тәрбиешісі. Менім балам 2 жыл болды осы топтқа келгеніне. Еңбегін жоғары бағалаймын. Топта көп қызықты сабақтар өткізеді, балама ұнайды. Еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, жғмісті болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.