Байелова Гульнур Жалгауовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№88 «Баян сұлу» балабақшасы тәрбиеші
Тіл мәселесі әрқашан да қоғамда өзекті және даулы мәселелердің бірі болып саналып келеді. Осы мәселе бойынша дау – дамайлар жиі кездесіп тұрады және көп уақытта өскелең ұрпаққа байланысты алаңдатушылық тудырып бастайды. Ұлттық тілдің құндылығы келешекте жоғалып кету қаупінде тұр деп те айтуға болады.
Қазіргі таңда көптеген балалардың арасында тілге байланысты кедергілер кездеседі, кедергілердің кездесуі болмақ түгіл, өз ана тілін білмей жатқандар да кездесіп жатады. Оның себебі неде? — деген сұрақ туындайды. Бұл қазіргі заман көрінісе ме, әлде ата – ананың баланың тәрбиесіне аса көңіл бөлмей, дамытпауына байланысты ма? Ендеше, осы сұрақтарды талқылып, оның басты себептерін атап өтейік.
Балалардың тіл шорқақтығының басты себебінің бірі – гаджет болып табылады. Балалардың гаджетке тәуелділігі күнделікті қалыпты нәрсеге айналып кетті десек те болады. Гаджетке тәуелділік балалардың күні – түні гаджеттің алдында өз уақыттарын өткізуіне алып келді. Ал ғаламтордағы мультфильмдер мен ойындар көбінесе орыс және шет тілдерінде болып жатады. Бұл факторлар баланың ойлау қабілетіне және сөйлеу тіліне әсер етеді және сөйлеудің тежелуіне әкеп соғады.
Екіншіден, ата – аналардың балаларына деген салғырт қарап, дамуына аз үлес қосуы. Ата — аналар балалармен жан – жақты жұмыс жасап, дамытып, қызықтырудың орнына оған смартфон беріп қойғанды жөн көреді. Бұның салдарынан балалардың ой-өрісінің жеткіліксіз дамуына және олардың көбінесе орыс тілде ойлап, ойларын тек сол тілде жеткізуіне алып келеді. Үшіншіден, балалар әдебиетінде ана тілдегі сапалы оқулықтардың жетіспуі. Сапасыз оқулық ахуалы орыс тілді оқулықтардың сұранысын арттырды және қазақ тілдегі оқулықтарға деген қызығушылықты жоғалтты. Сол себептен бұл жағдайды болдырмау үшін ана тілдегі оқулықтардың жағдайына тереңірек үңіліп, сапалы оқулық өндірісін жолға қоятындай жүйелі тетік ойластыру маңызды және сол тетік сапалы оқулық жазылып шығатындай үдеріске жол ашу керек.
Ұзын сөздің қысқасы ойымызды қорытындылай келсек, осы мәселені шешу үшін біз балалардың ана тілге деген қызығушылығын арттыру үшін балалар әдебиетінің, анимациялық фильмдердің сапалы аудармаларын жасауымыз тиіс, ата – аналар балаларына көбірек көңіл бөліп, қазақ тіліндегі қызықты кітаптар мен дамытушы ойындар ойнап, балалармен қазақ тілінде көп сөйлесу керек деп санаймын.
Өскелең ұрпақты жастайынан гуманистік және ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп тәрбиелеу өте маңызды және әрбір ата – ана үшін міндетті.Өнегелі және білімді азаматтарды тәрбиелеу – біздің парызымыз. Ал мұндай азаматтарды тәрбиелеп, өсіру үшін ең бастысы – тілдің мәселесін шешу керек. Себебі, өз тілі мен мәдениетін жетік меңгерген адам болашақта қандай салада болмасын өзін жақсы жақтан көрсете алады және болашақта қоғамның сыйлы мүшесіне айналатыны сөзсіз.
Дурыс айтады
Жақсы жазылған. Тек биіктен көріне беріңіз, шығармашылық табыс тілеймін!
Өте дұрыс айтылған???
Өте дұрыс айтылған, жарайсың . Әрбір қазақ отбасында балалармен қазақша сөйлеп отырса әдет-ғұрып арымыз жайлы айтып отырса балаларымыздың бойына сіңеді. Өте жақсы мақала жайын да жазылыпты қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Жарайсыз осындай мақалалар көп болса
Өзекті мәселе қозғалған,жарайсыз?
Ана тілі ананың сүтімен дариды емес пе, мақалада өте өзекті мәселе көтеріліпті. Баланың қазақша сөйлеп, қазақша ойлауына алдымен ата-ана, отбасы әсер етсе, тілді сақтаудың жолы болар еді. Балаларымызға назар аударайық, зерделі ету — өз қолымызда.
??????
Оте жаксы маселе козгалган.жарайсын ?
Керемет айтылған ????????
Дұрыс айтылған, білімді тәрбиеші мен ата ана бірігіп балаға дұрыс бағыт берсек келешек ұрпағымызға сенімді боламыз ?
Гүлнұр Жалғауовна, көтеріп жаткан тақырыбыныз өте өзекті тақырып! Өз тілін менгеріп білу ол бңздің болашағымыз! Тәлім тәрбие отбасыдан бастады. Өзіміз дұрыс ақыл айтып көп көңіл білдірсек, жаксы болады
baielova.u@gmail.com
Полностью согласна с коллегой. Проблема, что современные родители мало времени уделяют своему ребенку, в силу своей занятности. Формирование речи ребенка полностью зависит от взаимодействия с ним, элементарного правильного общения.
Керемет тамаша макала ! Өзекті тақырып
Гүлнұр құдаша керемет тіл туралы айтылған мақала жұмысыңа сәттілік тілеймін
???????
???????
dinarakarmenova07@gmail.com
???
Керемет мақала, тек алға????
Қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі. Өте жақсы ақпаратқа толы мақала. Гүлнұр Жалғауқызы, еңбегіңізге табыс тілеймін! Тәрбиеленушілеріңіздің жетістіке жете берсін!
Керемет жазылған және қазіргі уақыттың өте өзекті деген мәселесі көрсетілген?
Kalmurzaevamansuk@gail.com
Дұрыс айтылған , мен сізбен толықтай келісемін.
ainash_010176@mail.ru
Қазіргі қоғамдағы нағыз көтерілетін мәселе тұралы жазылған, керемет!!!
Kalmurzaevamanshuk@gmail.com
Мына тақырып әсіресе жас ата-аналарға өте пайдалы кеңес екен.»Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің «- дегендей ана тілімізге,елімізге деген махаббат отбасында ,ата-анасы беруі қажет.
Жазарыңыз көп болсын,ойыңыз дами берсін!
Казырги танда оте орынды маселе, жастарымыз ана тилинде сойлемеуи коп кездеседи. Сондыктан бул такырып оте манызды
ajnurkursakbaeva58@gmail.com
Керемет такырып,жұмысыңызға сәттілік тілеймін!???
Гүлнар апай өте өзекті тақырыпты жазыпсыз жарайсыз сизге жумысынызга шығармашылылык табыс тілеймін
Өзекті мәселені ашыпсыз
Керемет мақала, бәрі нақты және сапалы жазылған?
Мақала бүгінгі күннің өзекті тақырыьын қозғапты. Расында, бұрын сирек кездесетін ‘баланың тілі кеш шығу’ мәселесін бүгінде екінің бірінде кездеседі. Көп себептерінің бірі отбасында аралас тілде “шүлдірлеп” сөйлеу де деп ойлаймын. Ана тілі деп бекер айтылмаған, қыздар қауымының қазақ тіліне құрметі жоғары болып, баланың бойына туғаннан ананың ақ сүтімен ана тілін дарыта білген жөн деп ойлаймын. “Тәрбие тал бесіктен” екенін баршаға мәлім.