Жарылгапова Ақжайық Тоқтамыскызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№88 «Баян сұлу» балабақша тәрбиешісі
Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы.
Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Талбесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ата- ана өз баласын махаббатың нұрымен қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»-деп бабымыз айтқандай баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.
Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы, жарқын өмірдің бастауы, ұлт болашағы. Кез келген мемлекеттің өміршеңдігін білдіретін негізгі көрсеткіші – өсіп келе жатқан ұрпақ «Мейірімділікті анадан, әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз. Бір-біріне қамқор, қайырымды ұрпақты тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта кету керек .
Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі- бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер». Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп М.Жұмабаев айтқан- бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Тәрбие баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Көп нәрсе тәрбие процесінің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болады. Адамның мінезі, оның дүниетанымы, мұраттары, мақсаттарға жетудегі жетістігінің алғы шарттары тәрбие десек те қателеспейміз
Тәрбие-бұл адамға әсер етеді, нәтижесінде оның мінез-құлқы өзгереді және жан-жақты өсуі жүреді. Балалар жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде тәрбиеден өтеді. Оларды ата-аналар, мұғалімдер, құрдастар және жалпы қоғам тәрбиелейді. Әрбір ата-ана баласының мейірімді, ақылды және мақсатты болып өскенін қалайды.
Мектепке дейінгі тәрбие бұл кішкентай адамның физикалық және эмоционалдық денсаулығын, интеллектуалды және ерікті дамуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі ғана емес, бұл болашақ ұрпақтың әрқайсысының өзіне сай, жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Біздің көмегімізбен бала нақты қоғамға алғашқы қадамдарын жасайды, басқалармен қарым-қатынас жасауды үйренеді және мұнда оның негізгі табиғи белгілері пайда болады.
Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да,суға да түсетін ата-аналар бар.Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата — ана, ал ата — ана өмірінің жалғасы — бала.
Кейде ата — аналар балаларға тым асыра талап қояды. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өздері үлгі көрсете білуі керек. Баланың көзінше қырсық мінез көрсетету, өзге адамды жамандау сияқты қылықтар бала бойына теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады.
Бала тәрбиесін ойлайтын ата- ана ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді деп ойлаймын. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек тәрбиеші ғана емес әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, көгаландыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыру. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.
Еліміздің болашағы — ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру — баршаға ортақ міндет.
Өте тамаша мәліметтер. Бала-тәрбисіне қажетті мағлұмат
Ақжайық Тохтамысқызы, жәй ғана жақсы тәрбиеші емес, керемет Адам, Алла ісіңізге абырой берсің, менің ұлымның тәрбиешісі. Өте жақсы маман, өз жұмысын жақсы біледі. Әрқашанда кері байланыста болады. Ақжайық Тохтамысқызы жайлы, тек жақсы пікірдеміз!
керемет жазылды 👏🏻👏🏻👏🏻Оте білімди маман, жумыста табысты болыңыз, Ақжайық Тоқтамысқызы 🌸
Бізді апай, біздің апай тамаша! Өте керемет тәрбиеші, баланы тәрбиелеуге жан тәнімен берілген. Жақсы адам.
Оз мамандыгынын кас шебери. Балаларды жаксы кореди. Кызымнын суйикти тарбиешиси. Жемисти болыныз!
Өте керемет! Еңбегіңізге жеміс тілейміз 🤗
Өте керемет тәрбиеші🫶🏻Әрқашан биіктерден көріне беріңіз🌹
Өте жақсы сөздер! Уйде ата-аналарынан, бакшада тарбиешиден, жане де озинин жакын айналадагы араласатын адамдар баланың минез-кулкын , тарбиесине зор асер етеди.
Оте керемет тәрбиеші👏 жұмысынызға береке тілеймін!
Акжайык Токтамысовна, оз ісінің білікті маманы. Улағатты устаз, өз жұмысын жаксы біледі, абыроймен атакрып журген турбиешілердін бірі. Мақалада жазылган ар сөзге косыламын, Жумысынызға табыс, отбасынызга бакыт тілеймін.
Керемет жарайсыз тапкырлык ойшыл тарбиеши апай жоғары биктерден корине бериниз
Тақырыбы керемет мақала екен. Толықтай келісемін. “Әкенің берген тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды” дейді ғой, сол себепті тәрбие отбасынан басталады. Күйбең тіршіліктің соңынан карьераны ойлап кеткен көп қалалық отбасылары баланы тәрбиелеуде тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлайды. Тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын — рухани тәрбие жайына қалады. Тәрбиеші ол ұстаз, білім нәрімен сусындататын тұлға. Сондықтан бала тәрбиесінде басты орында ата-ана деген пікірдемін.
Ақжайық Тоқтамысқызы өте білімді , өз мамандығын жақсы көретін мамандардың бірі. Еңбегііңіз жемісті болып, алда биіктерден көріне беріңіз.