Раисова Мақпал Ажкеновна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 88 «Баян сұлу» балабақшасы тәрбиеші
Аңдатпа
Мақалада балабақшадағы бейнелеу өнері арқылы жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі қарастырылған. Қазіргі білім беру үрдісінде білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа бейнелеу өнері технологиясын меңгеру қажеттілігі, балабақшада бейнелеу өнері жаңа технологиясын оқу әрекетінде қолданудың маңыздылығы, түрлері айқын көрініс тапқан
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер мен заманауи балабақшалар мен мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мәселелеріне зор көңіл бөлуде. Атап айтқанда, болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік, имандылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану,ондағы құбылыстарды байқау, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілетін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр. Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты және міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен психологиясы қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру.
Мысалға, бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбеген жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап,суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жандүниесімен қабылдайтын болады. Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру қажет. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Бейнелеу өнері – көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, эмоционалды көңілкүй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады.
Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Әрине, балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады. Балалардың бейнелеу шығармашылығы – баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: қандайда бір суретті бейнелеу кезінде оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, көре алуы және сипаттай білуі керек
Әдебиеттер:
1.Беспалько В.П Слогаемые педагогические технологий, М. Педагогика, 1989.
2.Исаева З.А, Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Активные методы обучения. – Алматы, 2005.
3.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.
4.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инновация как теория и практика нововведений в системе образования: научный фонд и перспективы развития. – Алматы: Ғылым, 2001.