Home » Мақалалар » Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі  заманауи педагогтің рөлі

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі  заманауи педагогтің рөлі

Түркей Нұрсұлу Дайрабайқызы
Астана қаласы әкімдігінің
88 «Баян сұлу» балабақшасы ересек «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі

«Баланың  рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды.»
Мектепке дейінгі тәрбие – баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық. Білім беру жүйесінің  алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан  тәрбиешілерге мәдениетті , білімді , белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Заман талабы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның  ішінде  мектепке дейінгі жастағы  сәби дамуына тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.  Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам.
Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекемелерде, тәрбешілердің  шеберлігімен қаланады. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар  тәрбиешілердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Тәрбиешілерге баланың  жан – жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін  технологияны таңдау міндеті жүктеледі. Ал, ол міндетті шешетін де , жүзеге асыратын да шебер тәрбиеші яғни инноватор тәрбиеші. Ал инноватор тәрбиеші болу үшін үнемі инновациялық дамып отыру талабы тұр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны  ендіруге көптеп  күш  жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі  ұйымдарда  педагогтардың  негізгі міндеті: әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау  , жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып  қалыптасуы үшін  жағдай жасау яғни инноватор тәрбие дәрижесіне жету. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалануы үшін олардың  кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман  талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу – әдістемелік жұмыста үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді.
Менің ойымша, мектепке дейінгі ұйымдар балаға сапалы білім мен тәрбие беруі  міндетті. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өзін – өзі дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап , шығармашыл болуы тиіс.Ол заман талабы, өмір талабы және өзің үшін ең бірінші қажеттілік. Өйткені ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры. Ал, ғасыр талабына талас жоқ.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, жанын салып, баланы  тәрбелеуде жалықпай  еңбек ететін   педагогтар  қауымы – үнемі ізденіс үстінде  жүретін жандар.
Әрине мамандықтар көп. Дегенмен, өмірден көп мамандықтардың ішінен білімділікті, біліктілікті, іздемпаздықты, мейірімділікті талап ететін     тәрбиешілік  мамандық. Міне осы киелі мамандықты  жүрек қалауыммен  тандап,алдыма жан-жақты икемделген Қазақстанның болашағы қазақ азаматтарын тәрбиелеу мақсатын қойдым.  Мен  қазіргі заман педагогімін. Себебі, мен жаңалық пен жаңашылдыққа жаным құмар тәрбиешімін. Мен  қазақ елінің болашағы жалынды жастарды тәрбиелеу үшін үнемі ізденіс үстінде жүремін. Заманауи педагог  ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін  тәрбиеші.
Білімді  ұрпақты, бәсекеге  қабілетті тұлғаны білімді  тәрбиешілер, жан-жақты кемел  педагогтар  ғана тәрбиелеп шыға алады. Осы  жолда менде  еңбек етудемін. Демек тек жаңашыл тәрбиеші-болашақ кепілі! Міне осы ұранмен өскелең ұрпақты сауатты да салауатты, өнерлі де мәдениетті, шымыр да ширақ етіп тәрбиелеу мақсатында күнделікті сабақты нақтылы оймен жоспарлап, әртүрлі тәсілдерді қолданып,оқушыларымды жаңалыққа жетелеп отыру – менің күнделікті жауапты ісім. Осы жауапты істі  атқаруда  дәстүрден тыс сабақ үлгілерін, оқытудың жаңа  технологияларын меңгеру, оны сабақта ұтымды қолдана білу мақсатында ұстаздық шеберлігімді арттырып келемін.
Ойымды қорытындылай келе айтарым ,сапалы білім , саналы тәрбие беру үшін педагогтың үздіксіз ізденуі , шыңдалуы , шағырмашылықпен айналысуы , білімін жетілдіруі қажет. Сондықтан ғылымдар мен технологияны ойлап табуда . Өйткені жаңа оқыту технологиялары заман талабына сай білім беру бағытын өзгертіп отырады. Сөйтіп өздігінен білім алуға , логикалық  пайымдауға талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

39 комментариев

  1. Алимкуль

    Керемет мақала .Бала жанының бағбаны ұстаздық еңбегің жана берсін.Шығармашылық еңбегіңіз еленіп жетістігің көп болсын

  2. Гүлжанат

    Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші білімді білікті елінің халқының қамын ойлайтын еліне қызмет ететін шәкіртеріңізбен мақаныңыз Алла жазса. Ұстаз ұлы тұлға.

  3. Жанерке

    Еңбегіңіз елене берсін 👏💐

  4. Керемет мақала. Бала болашағымыз, болашақ бала білімді болу керек. Қазіргі заман білімнің, оқудың заманы.

  5. Дайрабай

    Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде жемісті еңбек ете бер Нұрсұлу

  6. Жақсы мақала, еңбегіңіз жаңа берсін! Шығармашылық, творчестволық идеяныз көп бола берсін!

  7. Келісті ұрпақ тәрбиелеу жолында , мықты маман иесі болып, елінің алпысыншы бөлінеді бер.

  8. Керемет мақала👍👍👍. Нұрсұлу Дайрабай қызы биік шыңдардан көрініп, еңбегіңіз бағаланып, асқақ асуларды бағындыра беріңіз🌹🌹🌹 Тәрбиелеп отырған балаларыңыздың болашағы жарқын болсын🙏🌹

  9. Керемет мақала! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

  10. Жулдызай

    Керемет! Сәттілік!

  11. Гульзира

    Курметти Нурсулу Дайрабайкызы , осипи жаткан балалардын билими тек бииктен коринсин! Енбегиниз еселене берсин! Билимди ,алгыр урпак болуына мектеп алды даярлык тарбешилеринин улеси оте коп! Алгыр балаларыныз коп болсын!

  12. Мақала өте өзекті, қаламың шыңдала берсін, оқу тәрбие күнделікті процесс, сондықтан бала тәрбиесінде ата анамен бірге тәрбиешінің үлесі зор

  13. Құрметті Нурсулу Дайрабайқызы. Еңбегіңіз биіктен көріне берсін. Еңбекте адал тәрбиешісіз. Балалардың жанын түсінетін аялай білетін жансыз. Алдағы уакытта жоғарылай беріңіз. Мәртебеңіз өссін!

  14. Арайлым

    Керемет мақала екен! Көп рақмет, еңбегіңіз елене берсін!

  15. Ақмаржан Нұрғалиқызы

    Тамаша! Еңбек жолыңызда тек сәттілік серігіңіз болсын!Шаршаған!Талма!Тек қана алға!

  16. Керемет тəрбиеші.Керемет ұстазсыз.Анаңызда еңбек өтілі ұзақ жəне жаныңа жағымды ұстаз.Сізде анаңызға тартқансыз.Мақалаңызда адам жадыңа терең сақталатын мағыналы сөздер екен.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.Биіктен көрініңіз.Керемет

  17. Керемет мақала!Алғыр да білімді балапандарың көп болсын!Еңбегіңнің жемісін көре бер.

  18. moldabekdilnaz4@gmail.com

  19. Білікті маман,жарайсың біз саған сенеміз.жарайсың😊😊😊🤗

  20. Қарлығаш

    Керемет жазылған!
    Еңбегіңнің жемісін көр! Зейінді де талантты ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегің елене берсін! Тек биіктерден көрініп,алар асуың көп,шығар шыңың биік болсын!
    Тәжірибелі тәрбиеші болуыңды мақтан тұтамыз. Дәрежең артуыңа өте қуаныштымыз!

  21. Керемет мақала , еңбегіңіз жана берсін,білімді балақайлар көбейе берсін🙌😊

  22. Шарапат

    esbolatharapat10@gmail.com

  23. Шарапат

    aabilxanova@list.ru

  24. Шарапат

    Нұрсұлу апай өте керемет 👏👏👏

  25. Периазт Бугубаевна

    Керемет! Еңбегіңіз еселене берсін!

  26. Ерболат

    Керемет жарайсыз, 👍бииктен корине бериниз!

  27. Алек Хасен

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  28. Айбар Кайржанович

    Балабақшадағы тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы. Балаға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы Қазақстанның болашағы келешек ұрпақтың еншісінде! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеудің, еселі жұмысы мен өлшеусіз еңбек ете беріңіз! Еткен еңбек жемісінің көре беріңіз!

  29. Меруерт

    Нурсулу Дайрабаевна оз ісінің маманы жумысынды ен беделди тәрбиешінің бири жумысына тиянакты жумысына адал пысык әрі сулу. Ен бастысы балалардын бәри жаксы кореди

  30. Бауыржан

    Үлкен биіктерден көрін! Еңбегіңнің жемісі таусылмасын! Жұмыста беделді бол!

  31. Уздаздык ен улкен кызмет жауапкершилиги мол. Ар балага беретин тарбие. Онын бари улкен енбек. Биік белестерден көрініп енбегиниз бағалана берсин

  32. Перизат Данияркызы

    Нурсулу Дайрабайкыз керемет макала ерен енбегиниз елге танылып биликти де билимди шакирттериниз коп болсын

  33. imanalisajlauhan@gmail.com

    Анашым керекмет мақатал.Еңбегіңіз елене берсін😘❤️

  34. Зура Дуйсенкызы

    Нұрсұлудай тәрбиешіге өте рахмет, ол жаңашыл,іздемпаз,балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға көп көңіл бөледі.Балаларға үйретуден жалықрпайды,өркенің өссін.!Тәрбиеші осындай болу керек!

  35. Өте жақсы мақала, жан-,жақты зерделеніп, тақырып. толық ашылған. Нұрсұлу Дайрабайқызы, сәттілік Сізге!

  36. Айгерим

    aikka1983@mail.com

  37. Айгерим

    Нұрсұлу Дайрабайқызы өте шығармашыл, ұқыпты, инабатты өз мананының шебері, жұмысыңызға толағай табыстар тілеймін.

  38. Гульден

    Оте керемет макала. Енбегиниз багалана берсин. Тек биыктерден корине бериниз.

  39. Сізге сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.