Home » Мақалалар »  МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

Оспанова Жанель Армановна
Астана қаласы әкімдігінің
№88 «Баян сұлу»
балабақшасы
тәрбиеші
педагог — модератор

Аңдатпа:
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың инновациялық технологияларды қолдану арқылы сөйлеу сапасын жақсарту жолдары туралы айтылады, атап айтқанда: мнемотехника, модельдеу, ертегі терапиясы, саусақ ойындары технологияларының артықшылықтары және  кемшіліктері. Инновациялық технологиялар арқылы оқу-білім сапасын арттыруға, әр баланың сөйеу тілін жетілдіретіні және сөйлеуді дамыту процессі қамтылатыны көрсетілген. Және де инновациялық білім беру технологияларының мәні мен тиімділігі туралы мәселе қозғалып отыр.

Кілт сөздер: инновациялық технологиялар, сөйлеуді дамыту, мектепке дейінгі жас, синквейн.

Баланың ақыл-ой қабілеттерінің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі болып табылады, сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу қабілетін дамытуда ересектердің қолдауы және қамтамасыз ету маңызды.

Сөйлеу – адамдардың әлеуметтік болмысының құрамдас бір бөлігі, адамзат қоғамының өмір сүруінің ең қажетті шарты. Адам ояу уақытының 70% дерлік сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түріне сөйлеуге, тыңдауға, оқуға, жазуға арнайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып тұр. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін қалыптастыру маңызды және күрделі міндет болып табылады. Бұл мәселені сәтті шешу балаларды алдағы мектептегі оқуға дайындау үшін де, басқалармен ыңғайлы қарым-қатынас жасау үшін де қажет.

Басты кемшілік – бала әңгімені өзі құрастырмайды, жаңа естігенін қайталайды. Бір сабақ барысында балаларға бір типтегі бірнеше монотонды әңгімелерді тыңдауға тура келеді. Балалар үшін іс-әрекеттің бұл түрі қызықсыз  болады, олардың назары басқа жаққа аударыла бастайды. Бала неғұрлым белсенді болса, оны қызықтыратын іс-әрекеттерге көбірек араласса, нәтиже соғұрлым жақсы болатыны анық. Педагог балаларды сөйлеу әрекетіне баулу қажет, сонымен қатар еркін қарым-қатынас процесінде сөйлеу әрекетін ынталандыру маңызды.

Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды қолдану мәселесі жиі көтерілуде, өйткені білім беру мекемесінің жұмысына инновацияларды енгізу мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру мен реформалаудың ең маңызды шарты болып табылады.

Инновациялық технологиялар – қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуындағы динамикалық өзгерістер арқылы оң нәтижеге жетуге бағытталған  оқыту әдістері, тәрбие құралдарының жүйесі.

Сөйлеуді дамыту саласындағы қазіргі ғалымдар М.М. Алексеева, А.Г. Арушанова, В.В. Гербова, О.С. Ушакова, В.И. Яшин технологияның теориялық негіздерін нығайтты. Олар сабақтан тыс уақытта сөйлеуді дамытудың формалары мен әдістерін тапты, коммуникативті әрекет тәсілінің идеяларын әзірледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту үшін қолданылатын кейбір инновациялық технологиялар туралы айтатын боламын. Балалармен жұмыс істеу кезінде келесі инновациялық технологияларды қолдануға болады: мнемотехника, модельдеу, ертегі терапиясы, саусақ ойындары.

Саусақ ойындары балалардың сөйлеуін, ойлауын дамытудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Ол балаға ләззат пен қуаныш сыйлайды және бұл сезімдер сөйлеуді белсенді қабылдауды ынталандырудың және тәуелсіз сөйлеу әрекетін тудырудың ең күшті құралы болып табылады. Күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетінде тақырыпқа байланысты  саусақ ойындарын қолданып отырамын. Топ балалары саусақ жаттығуларын қызыға орындайды. Саусақ ойыны мәтіндерінде бейтаныс сөздер жиі кездеседі. Бірлесіп талқылаудың, нақтылаудың, түсініксіз сөздерді түсіндірудің және ойын мәтіні бойынша балалардың өздеріне сұрақ қоюға ынталандырудың себебі бар. Ойындар балаларды қызықтырады және оларға өте көп пайда әкеледі. Саусақ ойындарын балалардың бос уақытында да, балалармен жұмыс кезінде де өткізуге болады. Өз тәжірибемде осы мәтінді саусақ ойынын 3-4 жастағы балаларға айтқызып, қолданып отырдым:

Кішкентай үйшікте,

Терезе бар кішкентай,

Күн шыққанда жарқырап

Әтеш тұрып шақырады,

Мысықтарда мияулайды,

Күшік үйді сыпырады, —

деген өлең сөздерін саусақтың қимылымен көрсетеді. Осы  саусақ ойыны  балалардың қол моторикасын дамуына өте жақсы әсер етеді және сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына зор үлесін тигізеді.

Келесі атап кететін технология «Синквейн». Атауын естігенде қандай да бір экзотикалық тағамның немесе өсімдік  сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл әсерлі деп саналатын өлең, балалардың сөйлеуін дамытуының бір әдісі. Синквейн — бес жолды өлең, ол бүкіл сөйлеу жүйесін сәтті түзетуге көмектеседі, сөйлеу сөздік қорын белсендіреді, байытады,  затты сипаттау және суреттен синквейн құрастыру қабілеті дамиды. Синквейннің жеңілдігі оны тез құрастыруға болады, бастапқы кезде құрастыру барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Оның дұрыс шығуы үшін  басты назарды құрылымына  аудару керек.

Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл өз тәжірибемде көп қолданатын әдістің бірі, өйткені мнемокестелер арқылы балалардың есте сақтау қабілеті қалыптасады,  сөздік қорлары дамып, тілдері жаттығады. Дыбыстарды анық шығара бастайды. Бұл әдісті алғашқы рет санамақ жаттағанда  қолдандым.

Бір дегенім бала ,

Санды дұрыс сана,

Сенің қанша атаң бар?,

Сенің қанша  апаң бар? —

деген өлең жолдарына, мнемокесте жасап, айтқыздым. Балалардың  кестеге қарап, тез жаттап алғандарын байқадым. Содан басқа да сандарға байланысты санамақтарды суреттеп, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге дайындадым. Байқағаным, балалардың суретке қарап айқанда, қызығушылықтары арта түсті, дыбыстарды анық айта бастады, есте сақтаулары жоғарылады. Бүгінгі күні көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде жаттауға берілген өлеңдердің әр қайсысына мнемокесте салып, жеңіл және оңай жаттап жүрміз. Ә Дүйсенбиевтің «Не  деу керек?» өлеңінің әр шумағына салынған суреттермен, балалар тақпақты толықтай жаттап алды.

Тәрбиеленушілердің   сөйлеу тілі дамып, сөздік қорлары байыды деп айта аламын. Балалар өлеңдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді еш қиындықсыз, ынтамен жатқа айта бастады.

Атап айтқанда жоғарыда айтылғандай инновациялық технологиялар жалпы және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Жаңашылдық жолындағы білім беру жүйесі балабақшадағы іс-әрекетті ұйымдастыруда инновация толығымен барлық құрамдас бөліктерге  дұрыс әрі жинақы қалыптасуына септігін тигізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Баймұратова Б.Б. Тіл дамыту. – А., 2012
  2. Бақреденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – ПМПИ ғылыми баспа орталығы, 2016
  3. Душка Н.Д. Синквейн в работе с дошкольниками» / М.Д. Душка // Журнал «Логопед», М.: «ТЦ Сфера», 2005. № 5. С. 85-91.
  4. Козаренко В.А. Учебник мнемотехники // Система запоминания «Джордано» [Электронный ресурс], 2007. Режим доступа: http://mnemonikon.ru (дата обращения: 10.03.2017).
  5. Метербаева К.М., Искакова А.Т. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. Оқу құралы. – Астана, Фолиант, 2017.- 184 б

11 комментариев

  1. Айтгуль

    Оте жаксы макала. Балалардын тилин дамыту казирги танда озекти маселенин бири болып отыр. Иннавациалык технологияларды кунделикти пайдалану аркылы балалардын тилин дамыта отырып коршаган ортамен де таныстыруга болатыны корсетилген.

  2. Қазіргі талапқа сай жазылған мақала.
    Жас педагог болсада болашы жарқын,мақсаты айқын екені осы мақаладан-ақ көрініп тұр.Жарайсыз әріптес!

  3. Қазіргі кездегі өзекті мәселе. Өте жақсы мақала жазғансыз. Жарайсыз.

  4. Дұрыс жазғансыз!

  5. Улбосын

    Мақалада көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту туралы көптеген ақпараттар қамтылған.
    Жарайсыз! Жазарыңыз көп болсын!

  6. Менің ойымша өте керемет мақала! Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Сізге тілейтінім тек сәттілік🫰🏼

  7. Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың инновациялық технологияларды қолдану арқылы сөйлеу сапасын жақсарту жолдары туралы өте жақсы айтылды👍

  8. Керемет жазылган макала

  9. Өте талантты жас маман жан жакты өте өзекті тақырыпты терең ашып жазыпты.Шыгармашылык табыс тілеймін

  10. Мақаланың мазмұны жақсы жазылған, өзіме керектіні алдым. Рахмет!

  11. Гульбану

    Жарайсыз, әріптес. Өзекті мәселелердің бірін қозғап, әрбір әдіс-тәсіл туралы ақпарат жазыпсыз! Тек алға!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.