Астана қаласы
№11 «Гауһар» балабақшасының
әдіскері Амирханова Айнур Амангелдиевна
Қазіргі уақытта, еліміздегі білім беру саласындағы басты мақсат, ол- дені сау, ақыл- ойы дамыған, білімді де білікті, кәсіби дамыған тұлға тәрбиелеу. Жас буын рухани бай, зерек те зерделі, мәдениетті болып тәрбиелену керек. Қазіргі балалар- біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын болсын десек- бала тәрбиесіне баса назар аударуымыз қажет.
Біздің балабақшамыз өз тәрбиеленушілерін — кретивті ойлауға, математикалық нақты шешім қабылдауға, инженерлік шығармашылыққа қызығуға, тәжірибе жасауға баулуда. Біз сыни тұрғыдан ойлай алатын, креативті, шығармашыл, жаңа заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуді өзіміздің басты мақсатымыз етіп алдық
Балабақшамызда төрт топ балаларға білім мен тәрбие береді. Әр педагогтың жасаған іс- әрекеті бүлдіршіндердің дамуы мен жетілуіне бағытталады. Біздің педагогтарымыз балаларға ойын арқылы білім береді. Олар оқу тәрбие процесінде өз жұмыстарын жан- жақты көрсетуде. Тәжірибелі тәрбиешілеріміз бүлдіршіннің мейірімі мен ата- ананың ыстық ықылас, алғыстарына бөленген жандар.
Балабақшада ағылшын, каратэ, вокал, хореография, логопед және шахмат үйірмелері ата- аналардың сұраныстарымен ұйымдастырылған. Тәрбиеленушілеріміздің алғашқы жетістіктері де жетерлік. Бүлдіршіндерге қазақ халқының ұлттық ойыны «Бестемше» ойынын ойнату арқылы танымдық дағдыларын, математикалық есептеулерін арттырып, қол, саусақ моторикаларын дамытамыз.
Балабақшада эксперименттік алаң STEM бағдарламасы яғни жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технология және математика бағыттары бойынша білім береді.
STEM білім беру аймағында балалармен жұмыс қарқынды өрбуде. Мұнда балалар бірлесіп жұмыс істеуді, үйренгендерін тәжірибеде қолдана білуді үйренеді, бұл оларға басқалармен келіссөздер жүргізу немесе топтық мақсатқа жету үшін өз ұстанымдарын бейімдеу сияқты әлеуметтік дағдыларда нақты тәжірибе береді. Балалар ойнай отырып, айнала қоршаған орта туралы білімді бойларына сіңіреді, алдарына нақты мақсат қоюды үйренеді. STEM- барлық жастағы балалар үшін қарапайым әрі өте қызықты.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін Фридрих Фребельдің топтамаларын ортаңғы топтардан бастап ұсынамыз. Геометриялық фигуралардан әдемі жұлдызшалар, жануарлар, зәулім ғимараттар құрастырудың математикалық қабылетті жылдамдатуда ықпалы зор, логикалық ойлауларын жүйелендіреді. Фребель сыйы ойындары балаларды түрлі пішіндегі заттармен таныстырады. Құрастыру олардың кеңістіктегі әсерін, ой- өрісін кеңейтеді, сондай ақ қол моторикасын дамытады.
STEM білім беруді балалар тек ақпарат алу арқылы үйренбейді. Олар тәжірибе жасау арқылы үйренеді. Олар нақты әлемге қолданылатын білімді қолдануды үйренеді. Біздің зертханамызда бүлдіршіндер жанды, жансыз табиғатпен тәжірибелерді қызыға жасайды. Тәжірибе жасаудың басты артықшылығы- ол балаларға қоршаған орта туралы нақты білім алуға көмектеседі. зерттеу арқылы заттардың құрылымы мен пайда болуы, бір бірімен байланысы қоршаған ортаға әсері туралы білетін болады.
Инженерлік іс әрекеттер «құрылыс блоктары» ойын алаңында өткізіледі, онда балалар күн сайын педагогтың шағын басшылығымен құрылымдарды жоспарлайды және құрастырады. Лего конструкторлармен ойнау арқылы балалардың әлемді тануға деген қызығушылықтары оянады, қол моторикалары дамиды, өзім білсем, істесем, жаңа құрылыс ойлап тапсам деген құлшыныстары пайда болады.
Математикаға негізделген оқу әрекеттері санауды, фигураларды сәйкестендіруді және үлгілерді жасауды қамтиды. Өлшеу, санау, кеңістікті бағдарлау, теңестіру, алгоритмдік есептеу, пішіндерден құрастыру. Осы әрекеттердің барлығымен балалар өз жолында тұрған кедергілерді жеңе отырып, жаңа өнертабыстарды ойлап табу және жасау үшін инновация мен шығармашылық әдістерін үйренеді.
Қазіргі заманда әлемде робототехника ғылымы кеңінен қолданыс табуда. Ғылыми техникалық прогрестің осы бір маңызды бағыты біздің балабақшамызда қолға алынған. Бұл ортада балалардың танымдық, интелектуалдық және шығармашылық қабылеттері дамуда. Балалар өздері құрастыруды, программалауды үйренген.
STEM білім берудің міндетті бөлігі-балаларды цифрлық технологиялармен таныстыру. Бұған көмек — «Мультистудия әлемі» модулі. Бұл баланың өзі анимациялық фильмін жасау арқылы балалардың әртүрлі жобалардағы жұмысының нәтижелерін қорытындылауға және заманауи деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған ақпараттық-коммуникативтік, цифрлық және медиа технологияларды игеру арқылы, өнімді технологияларды игеру арқылы қол жеткізуге болады. Балабақша бүлдіршіндері өздері ойлап тапқан ертегілерінің кейіпкерлерін өздері дайындап, өздері мультфильм түсіреді. Бір ертегіні дайындау үшін қанша күн тер төгеді, еңбектенеді. Өз еңбегінің жемісін көргеннен артық бақыт бар ма? Балалардың шат күлкісі мен риза болған жүздері бізге де ары қарай ізденуге, еңбек етуге шабыт сыйлайды.
Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ десек. Осы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, олардың болашағына баспалдақ болар білім беру жолында балабақшамызда жасалып жатқан іс- шаралар жеткілікті. Балалардың болашағы жарқын болу үшін, балабақша, ата- ана болып бірлесіп ынтымақта жұмыс атқарудамыз. Балабақшада ұйымдастырылған әрбір іс- шараға ата- аналар белсене атсалысады. Ата- аналар Стэм бағдарламасы барысында да өз белсенділіктерін көрсетуде, балалармен бірлесіп «Үй жағдайындағы тәжірибелер» тәжірибе жасау челленджі, «Біз Робот жасаймыз» көрмесі, Робототехника бойынша «Кім жылдам?» , «Жас робототехниктер» конкурсы ата- анамен балабақша арасындағы сенім атты алтын көпірді беріктете түсті.
Ұлы тұлға, дана Абай атамыз : Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан деп айтқандай, біздің тәрбиеленушілеріміздің балабақшада алған білім мен тәрбиелерінің жемісін көріп, заман талабына сай білімді де білікті, елін сүйер патриот тұлға боп, өмірден өз орындарын табатынына сенімдіміз.
Керемет 👍👍👍
Білікті де білімді маман. Болашақ шәкірт тәрбиелеу үрдісінде осындай білікті мамандардың болғаны қандай керемет. Ісіңізге сәттілік Айнұр Амангелдіқызы.
Еңбегіңіз жана берсін! Жарайсыз Айнұр Амангельдіқызы
Керемет технология, тиімділігін түсініп тәжірибеде қолданған маман.Айнур Амангельдиевна, рахмет мақалаңыз үшін.жас мамандарға тиімді тәжірибе алмасу болады деп ойлаймын.
Балалармен жұмыс жасауға тиімді технология.
Керемет! Еліміздің болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбегіңіз жана берсін Айнұр Амангелдіқызы! Жас мамандарға керекті іс тәжірибе деп ойлаймын.
Айнур Амангельдиевна! Өз мамандығын жете меңгерген, біліктң педагог. Жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде көп қолданады. Жұмысыңызға тек сәттілік!!!
Керемет, тек алға! Білгір ұстаз, білімді әдіскер!!!
Жарайсыз! Айнур Амангелдіқызы! Сәттілік! Алға! Еңбегіңіз жемісті болсын!