Бұл өмірде көптеген мамандық түрлері бар және сол мамандық түрлерінің әрқайсысы өз қылығымен ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.«Адамды тәрбиелеу — демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу».Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.
Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ- өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім- тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парызымыз, осы кішкентай қиындықтың бәрін біз жеңе аламыз, өйткені оның бәрі балаға, кішкентай бөбектерге деген сүйіспеншілігіміздің, махаббатымыздың арқасы.
Осылай біз барлығымыз бірге білім жолында келе жатырмыз, олар «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп» айналадағы қоршаған ортаны танып білуде, ал мен олардың барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуіне қызмет етуден жалықпаймын.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттеерін дамыту қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. «Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.
Мақала авторы: Қияқбаева Раушан Абдиманапқызы
Өте керемет ұстаз менің ұлыма ұнайды. Өте мейірімді ақкөңіл.
Раушан Әбдіманап қызы менің қызым Аминаның тәрбиешісі.
Мен қызымның осындай білімді, білікті, жұмсақ жанды әрі мейірімді тәрбиешісі болғанына алғысым шексіз.
Қызым тәрбиешісін өте жақсы көреді, ол кісіге қарап қызым да мейірімді болып өсіп келеді.
Апайымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбегінің жемісін көруді және беделді тәрбиешілердің қатарында болуды тілеймін.
Раушан Әбдіманапқызы, Азиздың апайы, өте жақсы тәлімгер апай. Әр балаға жеке подход табады, білікті маман. Алла разы болсын апайымызға! Осындай ұлағатты ұстаздардың қолында балапандарымыз өсе берсін!
Раушан апай, еңбегіңіз еселене берсін!
Раушан апай өз ісінің маманы екені бірден байқалады! Бірнеше рет садик ауыстырып, тәжірибелі көпбалалы ана ретінде айта аламын. Жүзі жылы адамға әр бала тартылады. Аз уақытта әріп үйреніп, тақпақ жаттап жүрген қызымды көріп те Тәрбиешісінің тәжірибелі білікті маман екенін көруге болады. Сіздей тәжірибелі тәрбиешілер еліміздің балабақшаларында тек көбейе бер екен деп тілеймін! Тәрбиешілер баланың қоғамда адам болып қалыптасуында үлесі зор! Деніңзге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін!
Раушан Әбдіманапқызы сондай адамгершилиги мол, балаларга деген махаббаты шексиз жан. Акниет кызым бала бакшага кызугышылыгы артпайды. Апайынан тарбиели, онегели создерди уйренип, отбасымызда бизди уйретеди. Кызымнын олен айтып, такпак жаттап, ертеги айтып бергени Раушан устазымыздын аркасы. Раушан апйымыздын суык жузин али кормеппиз, ардайым жузи жаркын конил куйи ардайым котеринки. Сизге омирдин бар жаксылыгын тилеймиз, Алла истеген жаксылыгынызды мын есе кайтарсын! Жумысынызда тек кана жетистиктерге жете бериниз.Сизди оте катты жаксы коремиз.
Самая лучшая апайка? Қызымның ең алғаш ұстаздарының бірі Раушан апай болганына қуанамын. Бақшаға қуана барады. Еңбегіңізге көп рахмет???
Еңлік Қабышқызы тәрбиешіміздің ақыл ойы да жүрегі де кең кісі ғой, бізге өте ұнайды, балаларға мұқият қарап, әрдайым шынайы күліп мейрімімен қарсы алады. Үлкен рахмет сізге!
Қызымның тәрбиешісі Еңлік Қабышқызы
Қызымның барғанына не бәрі бір ай болсада апайымен тығыз қарым қатынаста апайын өте қатты жақсы көріп бауыр басып кетті, сөздік қорыда көбие бастады
Балабақшаға ерте барамыз кеш қайтамыз?содан түсінікті деп ойлаймын онда барі ұнайтыны достары, апайы
Енликжан,айналдым сен курметке лайык устазссын.
Енбегин еленип,абыррйын арита берсин!