Тәрбиеші жан –жақты болса ғана, өз маманының ұстасы болады деп ойлаймын.Сондықтан да тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Тәрбиеші-жай ғана мандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігінің айқындап тұр.Балабақшадағы жұмыс әрі қызықты,әрі жауапты.Жауаптылығы сол-Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастыруды ең алғашқы баспалдағы,қызықтысы-жас бүлдіршіндермен араласып,олардың тәтті қиялынын туындайтын әр сөзіне, балаң көңілінен ұштасып жатқан іс-әрекеттерін тамашалаудың өзі бір ғанибет.
Тәрбиешінің міндеті- балаларды қарап жақсы тәрбие беру ғана емес, сонымен қатар ертеңгіліктер мен ашық сабақтарды өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білу керек. Балалар әр түрлі әдістермен сурет салғызу, мағыналы тақпақтар жаттату, қызықты ойындар мен ғадайып ертегілерді айтып балалардың саналарын жоғарлата білуі керек. Әсіресе балалар сергіту жаттығуларын жасай отырып, тақпақтардытез қағып алады. Кейбір тілі енді шығып келе жатқан балалар сергіту жаттығуларының тақпақтарын айта алмаса да іс-қимылын тез қағып алады. Оқу іс әрекеті өту барысында балалар қызығатындай түрлі-түсті ашық түстерді алданумен қатар ертегі кейіпкерлерін қолдана отыорып, оқу әрекетін өтсе өте тамаша болады. Тәрбиеші мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. «Ел есіңде бір жыл қалғын келсе — ас бер, он жыл қалғын келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.Баланың ой-өрісін дамытуға,олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
Мақала авторы: Смаилова Еңлік Капышкызы
Еңлік Капышкызы білімді білікті мейірімді ұстаз өз иесінің маманы
Мын да Бир Алгыс Устаз??келбетине сай, мейримди,билимди, балага деген козкарасы оте жогары денгейде ❤️Балам тек Енлик Капышкызымен бала бакшага уйренип, Апайга барам Деп кунде жугиреди, сол ушин Алгысым шексиз. Оз мамандыгынын нагыз алтыны
Еңлік Қабышқызы өте білікті маман. Үнемі балаларды күлімдеп қарсы алып, күлімдеп шығарып салады. Балалар ол кісіні қатты жақсы көреді, ата-аналар сыйлайды. Рахмет сізге еңбегіңіз үшін.
Керемет мақала. Ұстаздың дегенімен толықтай келісер едім. Баланы жан-жақты дамыту,тәрбиелеу, әр түрлі қырларын ашуда,ұстаздардың көп еңбегі жатыр. Рақмет,осы тұста бала-бақшаға толықтай үйреніп, қуана барып жүрген қызымды көргенде,Еңлік Қапышқызына көп рақмет айтқым келеді. Еңлік Қапышқызы секілді,білімді ұстаздар көп болсын дер едім.
Еңлік Қапышқызы, бүгінгі заманның нағыз тәрбиеші маманы. Өте білімді, тәжірибелі, білікті маман. Сіздің арқаңызда балам нешетүрлі тақпақ, өлеңдер жаттап, бізді қуантуда. Сізге мол алғысымды білдіре отырып, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге береке тілеймін!!!
Мақалада балаларды тәрбиелеудің көрнекі жақтары жақсы ашылып, нақтыланып жазылыпты, қамтылған мәселелер өте дұрыс. Еліміздің әр тәрбиешісі осылай еңбек етіп, жазылған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана берсін! Еңбегіңіз елеулі болсын!
Енлик Капышкызына алгысымыз шексиз. Оз исинин маманы. Балалармен жаксы карым-катынаста, меиримди мыкты устаз. Урпак тарбиесинде енбегиниз зор. Отбасынызга амандык, мол бакыт тилеймиз.
Еңлік Қабышқызы еңбегінің жемісін көріңіз. Балаларга деген көз қарасы өте жоғары. Әр баланы қарсылап алып ,күлімдем тілегін айтып шығарып салады. Балам ұстазын өте қатты жақсы көреді. Демалыс күндеріде балабақшаға барайық дейди. Ұстаз 100 жасаның .Бала тәрбелеуден шаршаманыз. Біз сізді жақсы көреміз
Еңлік Қабышқызы өз ісінің маманы. Білімді, білікті Тәрбиеші. Балалармен оңай тіл табыса біледі, әрқашанда күліп қарсы алады, қызым күнде көңілді болып шығады. Еңлік Қабышқызына тілерім шабыттана беріңіз, шаршамаңыз. Отбасыңыз аман болсын! Жұмысыңыз табысты болсын!
Еңлік ұстаз- керемет жан, нағыз өз мамандығын таңдаған жан. Қызым балабақшаға қуана, сағына барады, сенбі, жексенбі күндері дүйсенбіні күтеді. Тақпақтар, өлеңдерін үйге келмей, бақшада жаттап келеді, бұл ұстаздың үлкен еңбегі, өз ісіне адалдығы деп білемін. Мақала қандай керемет жазылған. Сіздей өз ісін сүйетін, білімді, мейірімді, тәжірибелі ұстаздарымыз көп болсын! ???
Өте керемет жазылған мақала!Шынында ұрпағымыздың тамырына білі нәрін сусындататын керемет мамандық.Бала тәрбиесі өте қиын.Әр баланың тілін табу, үйрету, білімді азамат етіп шығару қаншама еңбек пен күшті,сабырлықты талап етеді.Еңлік апайымыз нағыз өз ісінің маманы!Балалармен қарым-қатынасы өтее жылы,үнемі күліп қарсы алады.Бұл бала үшін үлкен роль ойнайды.Қызым бақшадан қалғысы келмейді,кешке қайтқысы келмейді.Үнемі апайын мақтап,айтып отырады.Күнде өлең,тақпақтар жаттап келеді.Ата-ана ретінде ризамын,құрметтеймін.Еңбегіңіз бағалана берсін!Озат,білімді шәкірт тәрбиелей беріңіз ?❤️
Құрметті тәрбиеші — Еңлік Қапышқызы! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейіңіз үстем болсын!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Қадірлі де,құрметті Еңлік апайымыз,дұрыс айтасыз,ұстаздың жұмысы ел,ұрпақ тәрбиесі нде маңызы өте зор,әрі сан түрлі,шыдамды лық та керек,әр балаға көңіл бөле отырып,барлығын бір ұжымда ұйымшыл қылып тәрбиелеу әркімнің қолынан келе бермейді,сондықтан,мамандығыңызды жоғары бағалай отырып және құрметтей отырып сізге қажымас қайрат,талмас қанат,зор денсаулық тілейміз.Аман болыңыз,еңбегіңіз бағаланып жана берсін! Сізге мың алғыс!
Еңлік Қабышқызы өте білікті маман. Нағыз педагог, өз ісінің шебері.
Тамаша мақала! Еңбегіңіз жана берсін! Отбасыңызға амандық, жүзіңізге күлкі, жұмысыңызға толағай табыстар тілеймін!
Еңлік апай керемет тәрбиеші өнерге де өте жакын адам.Өте мейрімді балаларға шыгармашылык жұмыстарын көп үйретіп,балаларды өте жаксы көреді тамаша тәрбиеші??
Өз ісін сүйетін, жауапкершілік пен мейірім нің, ізденімпаздықпен, шығармашылықтың үлгісі.