Үсенова Ғалия Бақытқызы.
Алматы қаласы,
Наурызбай ауданы
№ 200 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі
Тіл-халық қазынасы, ұлт шежіресі
Бұған дейін 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған болатын. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. «Ұлт ұстазы» атанған Алаш арысы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Замана алыбына Сәкен Сейфуллин «… Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» деп баға берген.
Жоспарға сәйкес 2-11 сыныптар оқушылармен «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» сынып сағаты, Тіл-халық мұрасы» эссе байқауы (қазақ, ағылшын, орыс тілінде) 9,10,11-сыныптар арасында А.Абдыкашева, А.Ишангалиева. А.Қошқарбай сынды ұстаздарымыздың басшылығымен жүзеге асырылды. «Тіл-халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен Дуйсебаева У, Сманғали А, Дуйсембаева Ж, Жанысова Г, Тәртіпқызы М, Найманбаева Н, Қару Н шығармашылық кеш, Who knows English well” тақырыбында 3-4 сыныптар арасында Шарипханова А.С , Болатхан А, Қалекеева А , ұйымдастырылды.
Онкүндік 6-13 қыркүйек аралығын қамтығандықтан, алдағы аптада «Язык-душа народа» тақырыбында 4-сыныптар арасында Тунгушбекова С.С, Муздубаева А.С. бастамасымен сынып сағаты, Тіл-достықтың алтын көпірі «Радуга дружбы народа»
3-8 сыныптар арасында сурет байқауы Джуркабаева И, Топчакова Б, Тельгазиева К,Үсенова Ғ. Тунгушбекова С.С. Тулекова Ж.С. сынды ұстаздар басшылығымен, «Intellectual show» Интелектуалды жарыс 10 сыныптар арасында Онтагарова А. Даурембаева Л. Халықұл Д. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 5-7 сыныптар арасында сайыс сабақты Найманбаева Н. Бакулова М. Атанбаева А.Жақсылықова А. «Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы мәртебесі» тақырыбына дөңгелек үстел Тажикенова Ж, Шомақ М, Жүсіпбек Н, Тойженова А, «Көркемсөз шебері»
9 сыныптар Жанысова Г,Тәртіпқызы М, Дуйсебаева У, ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.