Батырханова Үміт Көктеубайқызы
Алматы қаласы Жетісу ауданы
«№103 мектеп-гимназия» КММ
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
2023 жылдың 1 тамызынан бастап елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Жалпыреспубликалық акция 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын-алу. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде жаңа оқу жылы қарсаңында демеушілер тарапынан 10 оқушыға мектеп формасы 440000 тенге, 1 оқушыға ақшалай
45000 тенге және 30000 тенгеге канцеляриялық тауарлар берілді. Мектеп әкімшілігі «Мектепке жол» акциясына қатысушы демеушілерге алғыс білдіреді.