А.Тогузбаева
«Дарын» қосымша білім орталығы
директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Оқушылар және жастар сарайында республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына арналған «Ақжайық жас дарыны – 2023» облыстық форумы өтті.
Биылғы оқу жылында Оқушылар сарайында «АҚЖАЙЫҚ ЖАС ДАРЫНЫ-2023» тақырыбында облыс әкімі Н.Төреғалиев өңірдің дарынды оқушыларымен, халықаралық және республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарымен салтанатты кездесу өтті. Форумға облыстың 2022-2023 оқу жылында халықаралық,республикалық денгейде өткізілген олимпиадалар мен конкурстарға қатысып жеңімпаз атанған оқушылар қатысты. Оқу жылының қорытындысы бойынша біздің облысты әртүрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда лайықты түрде таныстырғандары құрметтеу дәстүрге айналды.
Бұл тек республикамызда ана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де олимпиадалар мен конкурстарда біздің өңірді даңқтаған зияткерлік қызмет саласында өзін танытқан жас дарындар.
Кездесуге қатысушылар 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың 59 жүлдегері. Олардың ішінде: информатика пәні бойынша XIV Еуразиялық халықаралық олимпиада, Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар конкурсы мен бірге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, жалпы білім беретін зерттеу жобалар конкурсы, Жаратылыстану – математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиада, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы, 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсы, 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы, 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Ұлттық пікірсайыс» турнирі, Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары қатысты.
Жеңімпаздардың облыс әкімімен кездесуі жылда өтіп отырады. Өңір басшысы оқушыларға болашақта бүкіл әлемдіжаулап алу үшін өз мақсаттары мен ұмтылыстарының көкжиегін кеңейтуді тіледі.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хат, ақшалай сыйақы, сондай-ақ 2023 жылғы республикалық пән олимпиадасының дипломадры мен медальдары табыс етілді.
Кездесу соңында облыс әкімі халықаралық және республикалық олимпиада мен конкурстарының жеңімпаздарының пән мұғалімдері мен мектеп директорларын алғыс хаттармен марапаттады.
Еліміздің болашағы, мемлекетіміздің діңгегі – жас жеткіншектер. Ал олардың әр жетістігі – ата-ана үшін үлкен қуаныш!