Алматы балабақшаларының 20 үздік басшысы
Малайзия мен Қытай жетекші білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтіп келдік. Мұндай мүмкіндік 2025 жылға дейінгі мегаполисті дамытудың Жол картасы аясында Алматы әкімдігі жүзеге асыратын қалалық мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр. Алматының мектепке дейінгі мекемелер мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы педагогтердің кәсіби дағдысын дамыту арқылы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Бұл өз кезегінде қаладағы мектепке дейінгі білім беру сапасын айтарлықтай арттырып, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берері анық.
Қытай мемлекетінде “Eton house” және “ENOBLE” балабақшаларында және Малайзия елінің “Universiti Pendidikan Sultan Idris” балабақшаласында болып, біліктіліктілігімізді арттырдық.
«Білім — адам баласының ортақ қазынасы». Ия, расында да білім адамзат баласының ортақ тіл табысуына, игі істерді бірге атқаруына жол ашады. Оқу, білу, үйрену арқылы адам баласының ой өрісі кеңейіп, санасы толыға түсетіні сөзсіз. Білім алу керек дейміз. Ол білімді қайдан аламыз деген сұрақ туындайды. Міне осы сұрақтың басты жауабы, бала өмірінің алғашқы баспалдағы ол — балабақша.
Осы орайда білім мектепке дейінгі балабақшадан бастау алатынын атап өткім келеді.
Жалпы аспан асты елінде балабақшаның 2 түрі бар. Олар: жеке меншік және мемлекеттік. Қытайда адам саны көп, сәйкесінше балабақшаға баратын балалар да мол. Балақайлар келе салысымен күнде таңертең мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран ойнатылады. Осылайша отансүйгіштікті дамытуды жастайынан қолға алады. Бұдан кейін бүкіл Қытай балабақшаларында таңертең балалар мен тәрбиешілер бірдей би билейді. Бұл биде олар дене бұлшық еттерін қозғалтып, кәдімгі спорт жаттығуларынан гөрі тиімді әрі қызықты деп биді салауатты өмір салтын насихаттау үшін қолданады. Осыдан соң күннің бірінші жартысында балалар қытай, ағылшын, математика, музыка, иероглифтерді оқып, өлең айтуды үйренеді. Ерекшеліктердің бірі — зертханалық жұмыстар көп өткізіледі екен. Ата-аналармен бірге жүйелі жұмыстардың да жүріп жатқанын байқадық. Аптасына бір рет бала ата-анасымен бірге почтаға, банк бөлімшесіне, музейге, саябаққа барады. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен балабақшалардың бірлесіп жұмыс істейді екен. Балабақшадағы ойыншықтардың басым бөлігі қолөнер туындылары. Бір қызығы олардың көбін балалар өздері жасайды және де балалар өз ойыншықтарын өздері жинайды екен. Бұл баланы жастайынан тәртіпке, еңбекке баулудың бір жолы болса керек. Тәрбиешілерге деген құрметтері ерекше. Балабақша ішін фото, видеоға түсіруге, оны әлеуметтік желіге жариялауға тыйым салынғанын байқадық.
Екі елдің балабақшаларынан байқағанымыз баланы тұлға етіп қалыптастыруға, жастайынан жауапкершілікті сезініп өсуге көп жұмыстанады. Әр қаладағы әртүрлі балабақшада болып, шет елдік әріптестеріміздің оқу үдерісін көріп, керегін алдық. Енді оны іске жаратсақ деген ниеттеміз. Тағылымдама барысында байқағанымыз — екі елде де бала тәрбиесін үлкен жауапкершілік деп түсінеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, «өзге елде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол» дегендей, өз еліңнің еркін балабақшасында өскенге не жетсін дегім келеді. Білім қоржынымызды толтырған тәжірибемізді бала тәрбиелеу жолында қолданамыз.
Естенова Альфия Сауытбековна
КМҚК 115 бөбекжай балабақша
меңгерушісі