Home » Мақалалар » Worldskills білім беруді модернизациялаудың жаңа бағыты

Worldskills білім беруді модернизациялаудың жаңа бағыты

Муксиева Нургуль Едиловна
Атырау қаласы
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау
гуманитарлық колледжі директорының
өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары

Worldskills білім беруді модернизациялаудың жаңа бағыты

Бүгінде заман ағымына сәйкес сұраныста болған мамандықтар саны азайып, кейбірі тіпті еңбек нарығынан кетіп жатыр. Сондықтан қазіргі нарықтың сұранысына орай жаңа мамандық түрі көбеюде. Сол себепті де жастар бәсекеге қабілетті болуы үшін замануи мамандықтарды игеруі керек. Тіпті кейбір салаларда қазіргі заманғы машиналар, станоктар мен жабдықтар операциялардың бір бөлігін адамдардың көмегінсіз-ақ орындай бастады. Жасанды интеллект технологиялары көптеген мамандықтардың орнын алмастыруда. Бұл цифрлық технологияның қарқынды дамуымен тығыз байланысты.  Сондықтан техникалық және кәсіптік білім берудің  әлеуетін пайдалану тиімділігін үнемі арттырып, оны модернизациялау қажет.

Жаһанданудың ықпалы   жұмысшы мамандарды даяр­лаудың жаңа тенденцияларын үйренуді талап етеді. Дамыған елдердің тәжірибесін игеру, осы саланы дамытуда тиімді қолдану маңызды. Себебі, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі экономиканы дамытудың алғышарты болып табылады. Сондықтан да осы саланы интеграциялау, модернизациялау тенденциясы жүзеге асуда.

Біздің елімізде  цифрлы дағдыларды ескере отырып,  колледж бағдарламалары жаңартылып, «Баршаға тегін, кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылуда. Техникалық мамандыққа деген сұраныс артуда. Еңбек нарығына қажет мамандардың тізімі саралануда. Өмір өзі көрсетіп отырғандай, қоғамға жұмысшы мамандардың қажеттілігі артуда. Слесарь, электрик, құрылысшы, техник, сварщик т.б. мамандаықтарға деген қажеттілік күннен-күнге өсуде. Білім беру жүйесінде жұмысшы мамандарды еңбек нарығына даярлау, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру маңызды мәселенің біріне айналуда.

Цифрлық технологиялар қанша дамып жатса да, кәсіби техникалық орта білімді мамандарға деген сұраныс артып келеді. Мысалы, дәнекерші, сантехник, тұрмыстық техниканы жөндеушілер, көлік механиктері т.б. Бұл чемпионаттың жастар арасында осы мамандықтарды дәріптеуде маңызы зор. Жарыста сіздерге сәттілік тілеймін!», – деген болатын Тамара Дүйсенова. Шынымен де жұмысшы мамандарға деген сұраныс артып келеді.

Бүгінгі өндіріске біліктілігі халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін мамандар қажет. Ондай бәсекеге қабілетті маман даярлау — техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі міндеті. Сондықтан кәсіптік-техникалық бағытта білім алушы студентке жаңа технологияларды меңгеру үшін көп оқуға, көп ізденуге тура келеді.

Білім беру парадигмасы өзгерді, «өмір бойы білім алу» моделі тұлғаның іс-әрекеті мен  өмірлік ұстанымын жаңаша қабылдауға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, жұмысшы маман даярлау мәселесі негізгі трендке айналды. Мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде көптеген іс-шаралар атқарылуда.    Еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман даярлауда  WorldSkills қозғалысының үлесі зор. Біздің елімізде WorldSkills қозғалысы күннен-күнге күш алып келеді. Оның мақсаты әрбір елде, аймақтарда, жалпы бүкіл әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кәсіптік білім беруді дамыту болып табылады.

Worldskills —  жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған  халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills  кәсіптік білімнің дамуына  мүмкіндік береді.

WorldSkills кәсіби конкурсы  студенттерге  өңірлік, ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысуға, өзіне және жұмыс берушілерге өзінің кәсіби қызметке дайындығын дәлелдеуге, атап айтқанда жұмыс берушілерден жұмысқа шақырту алуға мүмкіндік береді.

Колледждер үшін бұл конкурс білім беру бағдарламалары мен материалдық базаны жаңартуға,  жұмыс берушілерге – жоғары білікті кадрларды таңдауға, мемлекет үшін  WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарға қатысатын мамандар мен оқушылардың дағдылар деңгейін өлшеуге және салыстыруға  мүмкіндіктер береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше көңіл бөліп, алдымызға нақты міндеттер қойып отыр. WorldSkills қозғалысын дамытуға ерекше мән бере отырып, білім беру бағдарламаларына WorldSkills дағдыларын дамытуға бағытталған пәндерді енгізуге назар аудару қажет екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы”- деп жариялауы елімізде осы мамандықтарға деген қолдауды көрсетеді. Мемлекеттің тұрақты дамуына жасалған маңызды қадам ретінде түсінуге болады.

WorldSkills кәсіптік бі­лім­нің дамуына оң әсерін ти­гі­зе­­ді. Оның чемпионатта­ры екі жылда бір рет әр мем­ле­кет­­те өтеді. оған 22 жасқа дей­­інгі колледж және уни­верси­тет сту­дент­те­рі, білікті жас мамандар, соны­мен қатар, та­нымал мамандар, кә­сіпқойлар, өндірістік оқыту ше­берлері мен тапсырмаларды орын­дауды бағалайтын сарапшы ре­тіндегі нұсқаушылар қатысады. Бірнеше құзыреттіліктер бойынша бағаланады. Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторын арттыру және кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру мақсатында халықаралық талаптарды орындау.

Кәсіби шеберлік конкурстарына дайындық процесі барлық қатысушылардан көптеген жұмыстарды талап етеді және нәтижеге, шығармашылыққа, қатысушылардың жеке жауапкершілігіне, қиындықтарды жеңуге бағытталған. Бұл нәтижені арттырып, кәсіби тәуелсіздікке, өзін-өзі бақылауға тәрбиелейді, заманауи маманның имиджін қалыптастырады. Осы орайда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттердің қатысуымен 2024 жылдың қазан айының 14-16 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILS ATYRAU-2024» облыстық чемпианатты өтті.   Оған 160 студент қатысып, бақ сынады. Жастардың кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған іс-шараның мақсаты- жаһандық құзыреттіліктерді ескере отырып, нарық жағдайына бейімделген жұмысшы мамандығының заманауи имиджін қалыптастыру. 42 құзыреттілік бойынша жарысқа қатысқан колледж студенттері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Соның ішінде “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” құзіреттілігі бойынша, Бербулатова Балжан 1-ші орын алып,  алтын медальмен марапатталды. “Кіші сыныпта оқыту” құзыреттілігі бойынша Әліби Назар 1-ші орын алып, алтын медаль иеленді. Бұл жетістіктер арқылы студенттер керемет мүмкіндіктерге ие болды. Республикалық чемпионатқа жолдама алған студенттердің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Іс-шара бірнеше модульдардың тізбегінде өткізілді. Модульдің мазмұнында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың замануи тәжірибесі, коммуникативті дағдыларды дамыту, эмоционалды, психологиялық, комфортты орта қалыптастыру, ата-анамен сабақтастықты қамтамасыз ету, зерттеу іс-әрекетин дамыту мәселелері қамтылды. Студенттер осы дағдыларды негізге ала отырып, призентация, аудио, видио жазбалар, электронды ресурстар, заманауи техникалық, компьютерлік бағдарламалар ұсынды. Оқытудың жаңа, инновациялық әдістерін қолдану арқылы кіріктірілген, ұйымдастырылған оқу әрекетін көрсетті. Сонымен қатар ата-аналармен дәстүрден тыс жұмысты әзірлеп, презентациялады. Бұл ата-ана, бала және тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты, сабақтастықты дамытады. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Мектеп жасына дейінгі ересек топ тәрбиеленушілеріне кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекетінің жоспарлау», «Дәстүрден тыс ата-аналармен әзірленген жұмысты өткізу және презинтатциялау», «Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілермен еркін бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру» іс-шараларын өткізді.

Байқаудың  үш күнінде «Атырау бизнес және құқық колледжі», «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі», «Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі», «Атырау инновациялық Парасат колледж  студенттері өздерінің шығармашылық жұмыстарын, жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде шеберлікпен қолдана білу  дағдыларын көрсетті. Бұл байқау болашақ жас мамандардың дамуына мүмкіндік беретін және педагогикалық  жолын айқындауға үлес қосатын теңдессіз жобалардың бірі.

Қорыта айтқанда «WORLDSKILS ATYRAU-2024» өңірлік чемпианаты жастарға кәсіби білімдерін шыңдауға мүмкіндік береді. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, жастар арасында насихаттау маңызды шара болып табылады. Кәсіби шеберлік, құзыреттілік алаңына айналған WORLDSKILS қозғалысы кәсіби білім беруді модернизациялаудың бағыты ретінде белгілі болды. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың “ Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында осындай іс-шараларды өткізу маңызды. Еліміздің экономикасын, әлеуметтік, мәдени жағдайын дамытуға қызмет ететін білікті, білімді мамандарды даярлау өзекті болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау. Әдістемелік құрал. –Астана: 2015. -41 б.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қaзaқcтaн xaлқынa Жoлдaуы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. — Астана, 2012 //http:akorda.kz
  3. С.И.Ожегов Толковый словарь русского языка -М:Образование, -1998.
  4. Көркем еңбек. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. –Астана, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру Академиясы, 2016. – 58 б.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.