Home » Мақалалар » Қазақ тілінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі

Қазақ тілінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі

Туған тілім — бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім- анам тілі -өз тілім.
Туған тілім- далам тілі-өз тілім,
Туған тілім- адам тілі-өз тілім.
«Туған тілім»   —    Д. Әбілев

Қазіргі таңда қазақ тілінің мәселесі алғашқы орнында тұрғаны білеміз. Барлық жастар қазақша қарым-қатынастың қызығушылығын жоғалтады деп бір дауыспен айтады. Елбасымыз да бір рет атап өткендей,бір бөлмеде 100 қазақ және 10 орыс болса да, барлығы орыс тілін пайдаланады. Бұның себебі әлі күнге дейін түсініксіз.Қоғамда ана-тілім-қазақ тілі деп көкірегімізді керіп тұрып айтқанымызбен, ана тілімізде сөйлеуге шорқақ немесе тіпті сөлей алмайтын азаматтарымыз бар. Қарапайым халықты айтпағанда, ел тізгінінде отырған кейбір мемлекеттік қызметкерлеріміздің баяндамалары мен мәлемдемелерін естігенде жағамызды ұстаймыз. Тіпті қоғамдық орындар мен көшелердегі жарнамалар мен атаулардың жазылуын байқасаңыз шошисыз. Қалай болса, солай қатесі шаш етектен. Ондайлармен Тілдерді дамыту және басқару орындары күресіп жатқанымен, әлі де тыйылар емес. Сондықтан біз, ең біріншіден өз туған тілімізге құрмет көрсетуді өзімізден бастауымыз керек. Алдымен қазақ тілін еркін меңгеріп, қатесіз жазып үйреніп, содан кейін барып қана өзге тілдің соғымын соққанымыз дұрыс. Қазақ тілінің халі осындай, бүгінде өте күрделі мәселе. Тек қана қағаз жүзінде орындалып жатыр деген ғана белгісі бардай. Тіпті мемлекеттік қызмет орындарында қолданылу аясының төмен екендігін байқау қиын емес. Қазіргі жастардың да сөйлеу мәнері де өзгерді.Бұл адамның психологиясымен немесе кейбірлері орыс тілінде сөйлеген беделді көрінеді деген тұжырымдармен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, ғаламтордың дамуы қазақ тілінің жағдайына әсер етеді. Мысалы, замануи халқымыз әлеуметтік желілер арқылы керек ақпаратты көбінесе орыс не ағылшын тілінде тауып оқиды. Ал жастар болса, ғаламтор арқылы негізінен орысша хаттамалар жазып бірін-бірімен араласады. Сондықтан, біздің қоғамымыз қазақ тілінің беделін көтеру үшін осындай ауқымды көңіл бөліп, белгілі бір іс-шараларды қолға алуға тырысуда.Қазақтың сары даласы қандай кең болса, тілі де дәл сондай бай. Егер бүгіннен тіл мәселесін көтеріп, оның мәртебесіне мән бермесек, ертең өкініп қап жүруіміз әбден мүмкін. Себебі, әрбір ұлттың тілі, оның ұлттығын айқындайды. Тілі кеми бастаса, ұлттың да жойылу қауіпі бар. Әр ұлтқа тілінен қымбат ештеңе жоқ. Біздің талай ақын-жазушыларымыз жазып қалдырғандай , қазақ тілінің тілі орамды, тарихы тереңде.

Түйін. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.

 

Астана қаласы,
Еуразия Ұлттық Университеті

Журналистика және саясаттану
факультетінің 2 курс студенті

Батырбекова Фариза

One comment

  1. Қалимаш

    Керемет еңбегіңіз жана берсін, озат шәкірттердің көп болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.